Материалдар / Кім көп біледі?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кім көп біледі?

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: «Кім көп біледі?» интелектуальды сайыс Мақсаты: Оқушылар алған білімдерін жинақтап жүйелеу, әр үйірмеге деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, білімді, дарынды, ана тілін сүйетін озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2023
374
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аудандық «Оқушылар сарайы» КММ













«Кім көп біледі?» интеллектуалдық сайыс

(сыныптан тыс жұмыс)



































Шалқар 2022 жыл

Күні: 11.02.2022 жыл

Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: «Кім көп біледі?» интелектуальды сайыс

Мақсаты: Оқушылар алған білімдерін жинақтап жүйелеу, әр үйірмеге деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, білімді, дарынды, ана тілін сүйетін озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Өту барысы:

Ұйымдастыру. Сайысқа 6 мұғалім және 12 оқушы (яғни 1 мұғалім 2 оқушыдан) қатысады.

Көрнекіліктер: Әр айналымға әр түрлі қызықты заттар. Жеңімпаз ойыншыларға «Кім көп біледі?» статуэткасы мен сертификаты. Тақталарда орналасқан сұраққа арналған көрнекілік заттар. Шеберлеге арналған әр түрлі детальдар.

Мұғалім: Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, ептілігін ортаға салады. Сайыста сұрқтар әр бағыт бойынша болады. Сайысқа қатысқан 6 мұғалім мен 12 оқушының ішінен жеңімпаз болып, 1мұғалім 2 оқушы ғана қалады. Әр тапсырма ұпай санымен есептеледі.

Сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін. Осы сайыста бес айналым болады. Бес айналымда барлық топ ойыншылары толық қатысады. Сайыс ұпай сандарымен есептеледі. Қай ойыншы көп ұпай жинаса, сол ойыншылар жеңімпаз атанады.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау – дей отырып, сайысты бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1. Драма үйірмесінің жетекшісі Аминова А.

2. Вокал үйірмесінің жетекшісі Есалина Г.

3. Поэма үйірмесінің жетекшісі Есенкулова Г.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың алғашқы «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

1 мұғалім 2 оқушыға 4 сұрақтан беріледі. Ол үшін мына тұрған қорапшаны таңдайды. Сол таңдаған қорапша бойынша сұрақтар қойылады. Әр қорапшада 40 ұпай берілген, яғни 4 сұраққа 10 ұпайдан. (санымен белгіленген 6 қорапша болады).

1-қорапша сұрақтары: 40 ұпай

  1. Ұлттық ойындарды ата (аударыспақ, бәйге, қыз қуу, көкпар)

  2. Мектептегі ең жоғарғы баға (бес)

  3. Үш биді ата (Қазыбек, Төле, Әйтеке)

  4. Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді? (бағдаршам)



2- қорапша сұрақтары: 40 ұпай

  1. «Кел, балалар оқылық» кімнің өлеңі? (Ы. Алтынсарин)

  2. Қазақстан Республикасы әнұранының авторлары кімдер? (Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов)

  3. Қара алтын деген не? (көмір)

  4. Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті тағам (Наурыз көже)



3- қорапша сұрақтары: 40 ұпай

  1. Абайдың шын аты (Ибраһим)

  2. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16-желтоқсан 1991 жыл)

  3. Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсету (масштаб)

  4. Әртүрлі тарихи заттардан көрме ұйымдастыратын мекеме. (Мұражай)



4- қорапша сұрақтары: 40 ұпай

  1. Көктемде алғашқы шығатын гүл? (бәйшешек)

  2. Қазақтың атақты суретшісі? (Әбілхан Қастеев)

  3. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

  4. «Абай жолы» романының авторы кім? (М.Ауезов)



5- қорапша сұрақтары: 40 ұпай

  1. Бейбітшілік құсы (көгершін)

  2. Күй атасы кім? (Қорқыт)

  3. Қазақстандағы ашаршылық жылдарын ата (1930-1932)

  4. Қыста түрін өзгертпейтін ағаш (шырша)



6- қорапша сұрақтары: 40 ұпай

  1. Жанғыш пайдалы қазбалар (мұнай, тас көмір, газ)

  2. Ұлы Отан соғысы болған жылдарды ата (1941-1945)

  3. Әбілмансұр кімнің шын аты еді? (Абылайдың)

  4. Көкжиектің неше тұсы бар? (төртеу: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс



Мұғалім мен оқушылардың ұпайы есептелінеді.

2-айналым. «Кім жылдам?»

6 әріп беріледі. 6 топтағы ойыншылар өздеріне ұнаған әріпті таңдайды.



Ж, А, Б, О, М, Е



Ойынның шарты әр топтағы ойыншы өздеріне ұнаған әріптері арқылы жауап береді. Яғни жауаптарыңыз сол әріппен басталуы қажет және жылдам жауап беру керек. Кімде кім жылдам жауап бере алмаса ойын сұрақтары сол уақытта тоқталады. Яғни есептелмейді. Ал шапшаң және жылдам жауап берген ойыншыға 50 ұпай саны беріледі.

«Ж» әріпіне сұрақ

1. Атын кім? (Жарас)

2. Қай қаладан келдің? (Жезқазған)

3. Қай қалаға бара жатсын? (Жамбыл)

4. Жасың нешеде? (Жеті)

5. Машина маркасы? (Жигули)



«А» әріпіне сұрақ

1. Тегің кім? (Аминова)

2. Сабақты нешемен оқисың? (Алты)

3. Қай қалада тұрып жатсың? (Алматы)

4. Осында немен келдің? (Аяқпен)

5. Қасыңда неше адам бар? (Алпыс)



«Б» әріпіне сұрақ

1. Нешедесің? (Бес)

2. Үлкен аталарды кім деп атайды? (Баба)

3. Тағам? (Бауырсақ)

4. Машина маркасы? (ВМВ)

5. Жеміс-жидек? (Банан)



«О» әріпіне сұрақ

1. Тағам? (Орама)

2. Дән атауы? (Орех)

3. Оқуды неше жасыңда бітіресің?(Отыз)

4. Қазір қайда тұрсың? (Оқушылар сарайы КММ)

5. Қай қалаға қыдырасың? (Орал)



«М» әріпіне сұрақ

1. Машина маркасы? (Мэрс)

2. Тәтті нәрсе? (Мармилад)

3. Сан? (Миллион)

4. Киім? (Майка)

5. Жануар? (Маймыл)



«Е» әріпіне сұрақ

1. Есімің кім? (Ерлан)

2. Қай қаладан келдің? (Екатеренбург)

3. Киім атауы? (Етік)

4. Тағам? (Ет)

5. Қай жерде өмірге келдің? (Елді мекенде)



Мұғалім мен оқушылардың ұпайы есептелінеді.

3-айналым. «Логикалық есеп».

Яғни ойынның шарты әр топ ойыншыларына логикалық сұрақтар қойылады. Сол уақытта жылдам әрі тез дұрыс жауабын беру керек. Сұраққа жауап беру уақыты 10 секунт. Жауап берген ойыншылар 10 ұпайдан иеленеді.

1. 1 ден 100 ге дейнгі сандарда 7 неше рет кездеседі? (11 рет)

2. 4 жұмыртқа 4 минутта піссе, 1 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минут)

3. 2 қойдың, 1 иттің, 5 жыланның аяғын қосқанда неше аяқ болаы? (12 аяқ)

4. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады?(5 бұрыш)

5. 5 бұтақты ағашта бұтақ сайын 5 алма, 1 алманы жесең, қалады сонда неше алма?(24 алма)

6. Әр костюмге 5 түйме қадалса, осындай 6 костюмге неше түйме қадалады? (30 түйме)



Мұғалім мен оқушылардың ұпайы есептелінеді.

4-айналым. «Кім шебер?»

Ойының шарты берілген әр түрлі детальдардан, әр түрлі фигуралардан, әр түрлі маталардан, әр түрлі жіптерден, әр түрлі тастардан бір бұйым немесе көрнекілік зат шығару керек. Жұмыс жасауға 7-8 минут уақыт беріледі.



5 – айналым. «Жорға»

Яғни соңғы айналым, шешуші айналым. Сайыс ойыншыларына 20 сұрақ қойылады. Кім жылдам жауап беріп, көп ұпай санын жинаса, сол сайыстың жеңімпазы болады. Әр сұрақ 10 ұпайдан есептеледі.

  1. Күйді орындаушы адам (күйші)

  2. Күндіз көрмейтін құс ( жапалақ)

  3. 9-мамыр қандай мейрам? (Жеңіс күні)

  4. Қазақтың ұлттық аспабы. (домбыра)

  5. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады ? (кесінді)

  6. Біз қай облыста тұрамыз? (Батыс Қазақстан облысы)

  7. Білім күні (1-қыркүйек )

  8. Сабақ арасында болатын бос уақыт. (үзіліс)

  9. Зат есімнің түрлері (жалқы, жалпы)

  10. Өлең жазатын адам? (ақын)

  11. Мемлекеттік тудың ортасында не бейнеленген? (күн, қалықтаған қыран)

  12. Ақшақардың атасы (Аяз ата)

  13. Балықтар қалай тыныс алады?(желбезегімен)

  14. Қазақстандағы ең үлкен көл (Балқаш)

  15. Ең үлкен 3 таңбалы сан (999)

  16. Сөзге шебер,тілге жүйрік адам (шешен)

  17. Зергерлік бұйымдар жасайтын адам (зергер)

  18. Діңі ақ ағаш (қайың)

  19. Шөлге төзімді жануар(түйе)

  20. 24 сағат немесе .....(бір тәулік)



Қорытынды.

Осымен «Кім көп біледі?» ителектуальды сайысымыздың мәресіне жеттік! Ойыншылар өз ұпай сандарын өздерінің жылдамдықтарымен, шапшаңдықтарымен жинады. Ендігі кезек әділқазыларға береміз. Әділқазылар шешімдерін айтады. Жеңген 1 мұғалім мен 2 оқушы яғни бір топ ойыншыларын марапаттаймыз. (сертификат, статуэтка)

Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып– дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!









Аудандық «Оқушылар сарайы» КММ – нің «Өнер» бірлестігінің ұйымдастыруымен сыныптан тыс жұмысына анықтама



Сыныптан тыс жұмысының тақырбы:

«Кім көп біледі?» интелектуальды сайыс

Сабақтың мақсаты: Оқушылар алған білімдерін жинақтап жүйелеу, әр үйірмеге деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, білімді, дарынды, ана тілін сүйетін озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Өткен күні: 11.02.2022 жыл

Қатысқан бала саны: 12 бала, қатысқан мұғалім саны: 7 мұғалім.


Бүгінгі Shape1 Сайыстың барлық жоспары таныстырылды. Осы сайыста бес айналым болды. Бес айналымда барлық топ ойыншылары толық қатысты. Сайыс ұпай сандарымен есептелінді. Қай ойыншы көп ұпай жинаса, сол ойыншылар жеңімпаз атанды.

1-айналым бойынша әр топтың мұғалімі мен оқушылары бергілген 4 сұраққа толығымен жауап берді. 2-айналым бойынша 6 әріп 6 топқа беріліп, қойылған сұрақтардың жауабы сол әріптен басталды, жауаптыр өте қызықты болды. Ойыншылар қызықты әрі жылдам жауап берді. 3-айналым бойынша логикалық есептер берілді. Әр топ толық нақты жауап берді. 4-айналым бойынша мұғалім мен оқушылардың шеберлігін көрдік. Өте керемет қызықты фантазиялар жасалынды. Тапсырма толығымен орындалды. 5-айналым бойынша бүгінгі сайысымызды тәмәмдадық. 420 ұпай санымен, қолөнер үйірмесінің жетекшісі Асылан және дизайн үйірмесінің жетекшісі Лаура оқушыларымен тең ұпай жинады. Оларға 4 сұрақтан берілді. Тағыда тең ұпай жиналды. Шешуші мәреге бір затты жасыру арқылы кім табады сол жеңімпаз болатынын шештік, сонымен қолөнер үйірмеснінің жетекшісі Асылан оқушыларымен жеңімпаз атанды. Оларға Жеңімпаз статуэткасы мен сертификат берілді. Мұғалімдер және оқушылар өте жоғары деңгейде қатысты, өз шапшаңдықтары мен жылдамдықтарын көрсетті. Сайыс өте жақсы деңгейде өтті.







Анықтама жазған: «Өнер» бірлестігінің мүшесі

Сағитқызы Саягул



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!