Тақырыбы : "Кім
күшті?"
Мақсаты
: Балаларға ертегіні оқып беріп , мағынасын
түсіндіру . Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру , сөздігін байыту ,
жалпы ой-өрісін дамыту , байқағыштыққа тәрбиелеу
.
Көрнекілігі
: Ертегі кейіпкерлерінің
суреттері .
Биллингвальды сыңары
: Құмырсқа -
муравей
Кіріспе
бөлім
Балаларды шаттық шеңберіне
тұрғызу.
Бақшаға біз барамыз
,
Қарбыз үзіп аламыз
.
Жаз қызығы
керемет
Түзде асыр саламыз
.
Негізгі
бөлім
Балалар бүгін мен сендерге
"Кім күшті?" деген ертегіні оқып беремін
.
Ерте , ерте , ерте екен
,
Ешкі жүні бөрте екен
,
Қырғауылы қызыл екен
,
Құйрық жүні ұзын екен
.
Қырғауылы
қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап
,
Алшая келіп қоныпты
.
Шаты айырылып қалыпты
.
Қисая жатып
қырғауыл
Сонда мұздан сұрапты
:
- Мұз-ау , мұз , сен неден
күшті болдың ?
- Мен күшті болсам ,
бауырымды жаңбырға тестірмес едім .
- Жаңбыр - жаңбыр , сен
неден күшті болдың ?
- Мен күшті болсам , жерге
жұтқызар ма едім .
- Жер-жер , сен неден күшті
болдың ?
- Мен күшті болсам , көк
шөпке бауырымды жардырмас едім .
- Көк шөп , көк шөп , сен
неден күшті болдың ?
- Мен күшті болсам , көк
тоқты мойнымнан жұлқымас еді .
- Көк тоқты , көк тоқты ,
сен неден күшті болдың ?
- Мен күшті болсам , көк
шұнаққа(қасқыр) құйрығымды жұлқытпас едім
.
- Қасқыр , қасқыр , сен
неден күшті болдың ?
- Мен күшті болсам , көк
мылтыққақоңымды ойдырмас едім .
- Көк мылтық , көк мылтық ,
сен неден күшті болдың ?
- Мен күшті болсам , қоңыр
шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім
.
- Тышқан , тышқан , сен
неден күшті болдың ?
- Мен күшті болсам ,
құмырсқаға ен салдырмас едім .
- Құмырсқа , құмырсқа , сен
неден күшті болдың ?
Сонда құмырсқа тұрып
:
- Алты батпан ауырды
арқалаған күштімін , жеті батпан ауырды желкелеген күштімін , -
деген екен .
Ертегі мағынасын
сұрақ - жауаптар қою арқылы түсіндіру . Суреттерді пайдаланып
әңгіме құрату .
Сергіту сәті
.
Күндей болып күлеміз
,
Гүлдей болып өсеміз
.
Құстай болып ұшамыз
,
Көбелектей қонамыз
.
Ертегі кейіпкерлерімен
кеңінен танысу .
Қорытынды
бөлім
"Кім жылдам?" ойынын
ойнатып оқу қызметін қорыту .
Белсенді қатысқан балаларды
мақтап , мадақтау .
Күтілетін
нәтиже
Қайталай алады : Ертегінің
мазмұнын қайталап айта алады .
Түсінеді : Жағымды ,
жағымсыз қасиеттерін түсінеді .
Қолданады :Тәрбиеші қойған
сұрақтарға жауап бере алады .