«Кім күшті,кім мықты»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Кім күшті,кім мықты»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, балалар арасында жақсы қарым- қатынас орнату жақсы араласуына жағдай жасау, дене шынықтырумен жиі айналысу. Таңертеңгі жаттығуды міндетті түрде орындауға жаттықтыру. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

26 «Үміт» бөбекжай балабақшасы МКҚК



«Кім күшті,кім мықты»

( спорттық сайыс)


Өткізген: Абдуллина З.










Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, балалар арасында жақсы қарым- қатынас орнату жақсы араласуына жағдай жасау, дене шынықтырумен жиі айналысу. Таңертеңгі жаттығуды міндетті түрде орындауға жаттықтыру. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату.

Керекті құралдар: доптар, межелер, құрсаулар,секіргіштер, арқан,обручтар, маскалар.

Командалар музыка әуенімен шығады.

Қайырлы күн,құрметті спорт сүйер қауым! Дені саудың- жаны сау демекші әрдайым денемізді шынықтырып, баршаңызды салауатты өмір салтын ұстанып, ешқашан ауырмайық дегім келеді. Бүгін міне «Балапан» табында

Ұйымдастырылып отырған «Кім күшті, кім епті» атты спорттық сайысымызды мызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ортаға «Достық» тобын, «Бірлік» тобын, «Алау» тобын қошеметпен ортаға шақырамыз


Денсаулық ол шыныққан

Барлық дене мүшесі

Денсаулық ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі

Денсаулық ол күлуің

Көңіл күйің жадырай

Денсаулық ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Ал сайыскер топтар,

Ешкімнің жоқ алалар.

«Жеңімпаз болу» үлкен сын,

Оны әділқазы бағалар.

Ашық жарқын жүздері,

Әділқазылар біздердің

Таңдап баға бер етін ,

Шақырайық төрге-деп әділқазылар алқасын 


1. Балабақшамыздың меңгерушісі: Жанат Қуанышқызы.

2.Балабақша әдіскері: Ақтоты Хабидоллақызы

3. Ата- ана: Раушан Мухамидиарқызы


Әділқазылар алқасы 4,5балдық жүйе бойынша бағалайды.

Әділқазылар сөз беріледі.









Тәрбиеші: Балалар ,біз таңертең тұрған бойда беті-қолымызды жуамыз содан соң не істейміз?

-Жаттығу жасаймыз.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар жаттығуды не үшін жасаймыз?

-Денсаулығымыз мықты болу үшін,әдемі,сымбатты болып өсу үшін

-Ендеше балалар,ата-аналар спорттық жарысымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.

Ал балалар тұрайық,

Балалардың орындауында: «Спорт биі»

Таңертеңгілік жаттығулар жасау.

Міне, бүгінгі жарысымыз осындай турлардан тұрады. Ендеше,жарысқа қатысушы жас спортшылар барлығыңызға сәттілік тілеймін!

Топтар келіп жетті жарысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға.

 Жігерленіп алаңға келіп жетті,

 Шапшаңдықпен әділдікпен табысуға

Ақылжанның тобы, Сәлімгерей тобы, Әлиханның тобы бірге

Байтақ жатқан баласы

Батыр болған бабасы

Білім қуған ой қуған

Мен қазақтың баласы

Таңертеңгілік жаттығулар жасау.

Жүргізуші жарыстың түрлерімен таныстырады.Ойын 6 турдан тұрады:

Міне, бүгінгі жарысымыз осындай турлардан тұрады. Ендеше,жарысқа қатысушы жас спортшылар барлығыңызға сәттілік тілеймін!

1. «Көгалдағы балапандар»

2. «Қаппен» секіру.

3 «Пойыз» ойыны

4. «Ат» жарыс

5. «Аюдың апаны»

6. Капитандар сайысы

7.«Арқан тартыс»



Ойын шарттары:

1.«Көгалдағы балапандар»

Шарты: Барлық бала балапандарша кедергілердің арысымен жүреді, топтық ойын.

2. «Қаппен» секіру.

Шарты: Қапты шапшаңдықпен киіп, кедергілердің арысымен қояндарша секіру.

3. «Пойыз» ойыны

Шарты: Пойыз сияқты тіркеліп үзілмей кедергілердің арысымен жріп өту.

Топтық ойын

4. «Ат» жарыс

Шарты: Пониға мініп кедергілердің арысымен жріп өту.

5. «Аюдың апаны»

Шарты: Қонжықтың апанынан өтеді. 3топ бірге қай топ тез өтеді сол топ жеңімпаз.

6. Капитандар сайысы «Қол күрес»

Шарты: Екі капитан күш сынасады.

7.«Арқан тартыс»

Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады.Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді.Команда екі топқа бөлініп,арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады.Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екікоманда арқанды екі жаққа тартады.Ойынның мақсаты екі команданың бір ойыншысы ортадағы сызықтан өз жағынан тартып шығару.Ортанғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.

Қорытынды бөлімі:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің бірліктері кәміл мықты.

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз ,

Жеңілсек, жеңілдік деп жасымаймыз.

Жығылсаң жер көтерер деген екен ,

Реніш өкпелеуге қосылмаймыз-деп сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жарыс соңында әділқазылар алқасы жеңіске жеткен «Достық» тобы

1 орын. «Бірлік» тобы 2 орын, «Алау» тобы 3 орын алып марапатталды,мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етті. Жарыс өз мәресіне жетті.

Жүргізуші:

Бүгін міне оң болып,әр ісіміз,

Жоғары боп күш-жігер,намысымыз

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз!


















































































«Біздер - спортшылармыз» эстафеталық жарыс

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Кәукей ауылы,

225 орта мектеп жанындағы

«Қыр бөбегі» шағын орталығының

психологы  Ізімқұл Гүлбақыт Бөрібайқызы.

 

Тақырыбы: «Біздер - спортшылармыз» эстафеталық жарыс

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу.

Қажетті құралдар: кедергілер,секіретін шар, пирамидалар, арқан, ағаш ат.

Жүргізуші:

Қадірменді қонақтар, балалар, балабақша қызметкерлері!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, “Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігімол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Біз – спортшылармыз” атты эстафеталық жарысымызға кош келдініздер.

Бүгінгі сайысқа “Еркем-ай”, ”Балдырған” тобы балалары арасынан екі топ қатысқалы отыр.

Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, құрмет көрсетіп қоялық.

Жүргізуші:

Дүбірле бақшам, дүбірле,

Жақсылық болсын үйіңде.

Қуаныш толып жүзіңде

Арнаулы жолдан сүрінбе

Жарыста нағыз мықтылар,

Жеңіске жетер түбінде

Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

1. Топтың аты мен ұраны;

2. «Кенгуру» жарысы

3. «Жүйрік паравоз» жарысы

4.«Пирамида құра»жарысы

5. «Бәйге» жарысы

6. «Арқан тартыс» жарысы

Жүргізуші:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сараптарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

Бүгінгі жарысымызда әділ баға беріп төрелік ететін әділқазылар алқасымен танысайық.

  1. Шағын орталық әдіскері Арзиева Бақыткүл апай

  2. ІІ сәбилер тобының тәрбиешісі Насыр Әсия апай.

Жүргізуші:

Міне, балалар шықты алаңға,

Жас спортшылар жеке-жеке команда.

Ал балалар, өздеріңді танытыңдар,

Естелік, мықтылық, батылдық, көрсетіп табанды

«Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз,

      Жарысымызды бастаймыз!

Ал енді сайысымызды бастайық.

  1. Топтың аты мен ұраны.

Әр топ өздерінің атымен ұрандарын таныстырсын.

«Еркем-ай» тобы.

Топтың ұраны:

Салауатты өмір салтын сақтаймыз,

Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.

«Балдырған» тобы.

Топтың ұраны:

Спортпен достасамыз,

жалқаулықпен қоштасамыз.

Жүргізуші:

Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

 Жету үшін мұратқа.

  1. «Кенгуру» жарысы

Шарты: Үрленген шарлармен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Біріші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.

Жүргізуші:

Топ болып біз жүрейік,

Ойнайықта күлейік.

Достық деген тамаша,

Міне тұрмыз жараса!

  1. « Жүйрік паравоз» жарысы

Шарты:  бірінше бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

 Жету үшін мұратқа.

  1. «Пирамида құра» жарысы

Шарты: Сендердің жандарыңда пирамида шеңберлер жатыр, сол шеңберлерді алдарыңда тұрған таяқшаға рет-ретімен орнатамыз. Қай топ бірінші жинап болса сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

5. «Бәйге» жарысы

Шарты: балаларға ағаш ат беріледі. Осы ағаш атқа бір топтың екі баласынан мініп, белгіден айналып келеді.  Қай топ бірінші болып аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді. 

Жүргізуші:

Қазағымның ойыны арқан тартыс,

Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс

Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс.

Көтеріп, ең биікке туын намыс.

6. «Арқан тартыс» жарысы

Шарты: ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан бегісі бар. Екі топ  арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыста ренжімей,

Тараса бізге жарады,–демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

         Жеңіске жеткен топ марапатталады. Қатысқандарына алғыс хат беріледі.

Жүргізуші:

Жарқын,шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.00.2025
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі