Материалдар / «Кім мықты?» зияткерлік ойынының СЦЕНАРИЙІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Кім мықты?» зияткерлік ойынының СЦЕНАРИЙІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Дене тәрбиесі және спорт туралы қағидаларды үйрету, білімдерін кеңейту. Міндеттері: Балалардың дене тәрбиесі сабағына деген сүйіспеншілігін қызығушылығын арттыру. Өздерінің денсаулығына, біліміне көп көңіл бөлуге, өз елінің әлемге танымал спортшыларын үлгі тұтуға тәрбиелеу. Балалардың жылдам қозғалу, жылдам ойлау, түсіну қабілеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
577
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Байғон Бөрі Исаұлы,

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының спорт нұсқаушысы.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы

«Кім мықты?» зияткерлік ойынының

СЦЕНАРИЙІ


Өткізілетін орны: «Балдәурен» РОСО филиалы, концерт залы

Өткізілу уақыты: 30.10.2021ж., сағат 20:00

Қатысушылар: 2021 жылдың ауысымына қатысушы балалар, қонақтар,

педагогикалық ұжым.

Мақсаты: Дене тәрбиесі және спорт туралы қағидаларды үйрету, білімдерін кеңейту.

Міндеттері: Балалардың дене тәрбиесі сабағына деген сүйіспеншілігін қызығушылығын арттыру.

Өздерінің денсаулығына, біліміне көп көңіл бөлуге, өз елінің әлемге танымал спортшыларын үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Балалардың жылдам қозғалу, жылдам ойлау, түсіну қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер: музыкалық сүйемелдеу, микрофондар, планшеткалар, слайд.

Жүргізушілер: Байғон Бөрі Исаұлы– спорт нұсқаушы

Іс-шара барысы:

Фанфар ойнайды

Жүргізуші шығады.

Жүргізуші: Армысыздар қадірлі, достар және құрметті қонақтар!

Жүргізуші: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»деп атам қазақ айтқан еді, бірақ казіргі XXI ғасыр заман талабына сай білекті де білімді де болу артық болмас дегім келеді. Дене тәрбиесі, спорт дегенде көбінің елестететіні доп және ойын, бірақ сол спорттық ойындардың өз шығу тарихы, даму тарихы, ережелері бар емес пе? Осы допты ойнап есімдері әлемге әйгілі болған спортшылар жетерлік.

Жүргізуші: Олай болса, құрметті достар және сайысқа қатысушылар қызыққа толы спорттық ойын  «Кім мықты» басталады, барлықтарыңызға сәттілік!

Жүргізуші: Ендеше, әр топтың қатысушыларымен таныс болайық:

топ

Аты - жөні

Аты - жөні

1



2



3



4



Жүргізуші: Кешімізге әділ баға беретін әділқазы алқаларымен таныс болайық:

Атқаратын қызметі

Аты-жөні

1

Спорт кешенінің меңгерушісі

Абуов Т.М

2

Тәрбие кешенінің меңгерушісі

Әліп Е.Т

3

Ауысым кураторы

Қанаева С.М


Жүргізуші: Әрбір топтан алдын-ала 1 ойыншы таңдалып алынған болатын, алдағы шарттар бойынша бақ сынайтын болады

1. Ширату.

2. Биатлон.

3. Супер-ойын.

Олай болса біз бастаймыз,жеңіске тек мықтылар жетеді деген сенімдеміз.

1.Кезең. «Ширату»

Жүргізуші: 1кезең әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есепке алынады.Алдарыңызда жатқан әріптердің дұрыс нұсқасын 1,2,3 санағы бойынша көтересіздер.

1. Жеңіл атлетика түріне жатпайды?

А) Өрмелеу

В) Жүгіру

С) Секіру

2. Футбол ойыны добының салмағы?

А) 258 -360 гр

В) 396 — 453 гр

С) 200- 150 гр

3. Алғашқы олимпиада өткен ел?

А) Англия

В) Грекия

С) Бразилия

4. Алғашқы шахмат ойыны шыққан ел?

А) Қазақстан

В) Англия

С) Индия

5. Баскетбол алаңындагы ортаңғы шеңбердің радиусы?

А) 1 м 25 см

В) 1 м 80 см

С) 1 м 60 см

6. 2012 жылғы Олимпия ойындарында Вэлл Баркер кубогына ие болған Қазақстандық боксшы

А) Генадий Головкин

В) Серик Сапиев

С) Куат Хамитов

7. Волейбол ойыны алаңының көлемі?

А) 18 х 9

В) 16 х 6

С) 12 х 5

8. Футболда неше төреші бар?

А) 3

В) 6

С) 5

9. Қандай спорт түрінен Ольга Рыпакова Лондон олимпиядасында алтын медаль жеңіп алды?

А) 100м жүгіру

В) үштік секіру

C) 60м жүгіру

10. Баскетбол ойыны себет торынының жалпы ұзындығы?

А) 70 см

В) 40 см

C) 50 см

11. Футбол ойынындағы қосымша уақыттың ұзақтылығы?

А) 3 мин

В) 7 мин

C) 15 мин

12. Футболдан Алтын доп жүлдесін 6 рет жеңіп алған атақты футболшы?

А) Месси

В) Неймар

C) Роналду

13. Рио-де-Жанейрода өткен Олимпия ойындарында Қазақстан қанша алтын медальға ие болды?

А) 7

В) 5

С) 3

14. Қазақстан Токио олимпиядасында қанша қола медальға ие болды?

А) 9

В) 8

С) 10

15. «Арқан тарту» ойыны үшін арқанның ұзындығы?

А) 8 – 10 м

В) 3 -5 м

С) 7 – 12 м

Жүргізуші: Ал, енді ойынымыздың екінші кезеңін бастайық.


2.Кезең. «Биатлон»

Жүргізуші: Қатысушылар ұяшықты ұпай сандары бойынша таңдау қажет.

Үстел үсті ойындары

Ұлттық ойындар

Спорттық ойындар

Күрес түрлері

Қазақстанның олимпиада жүлдегерлері

Үстел үсті ойындары

10. Шахмат тақтасында қанша тор бар?

64

20. Үстел үсті теннисі ең қатты дамыған ел?

Қытай

30. Үстел үсті теннисіндегі шариктің көлемі?

40 мм

40. Үстел үсті теннисінің жерден биіктігі?

76 см

50 Шахмат фигураларын қазақша біріңғай атауларын атаңыз ?

Шахмат фигурасы: бір патша (,), бір уәзір (,), екі тура (,), екі піл  (,), екі ат (, ) және сегіз, әскер (пешка) (,).

Ұлттық ойындар


10. Қазақ балалары сүйіп ойнайтын қазақтың ұлттық ойын түрі?

Асық ату

20. Тоғызқұмалақ ойынында жүрісті қай жағынан бастайды?

Ортасынан

30. Тоғызқұмалақ тақтасында неше отау бар?

18 отау

40. Тұздық қалай ашылады?

Жұп санға соңғы құмалақ түскенде

50. Екі жақтың бірінің ұтқандығын яки жеңіске жеткендігін мойындатқызбайтын ойын?

Тең ойын

Спорттық ойындар


10. Футболда «хет трик» термині қандай мағына береді ?

Бір ойыншы қатарынан

үш гол соқса

20. «Спорт падишасы» деп қандай спорт түрін атайды?

Жеңіл атлетика

30. Ағылшын тілінен аударғанда бұл ойын қол добы деп аталады?

Гандбол

40. Футболдан Қазақстан пример- лига 2020 чемпионы?

Қайрат

50. Қай жылы біздің елде қысқы олимпиада ойындары жүргізілді?

Өткізілмеді.

Күрес түрлері


10. Тұңғыш қазақтың грек- рим күресінен олимпиада жеңімпазы?

Жақсылық Үшкемпіров

20. Дзюдо кілемі қалай аталады?

Татами

30. Белден төмен ұстап, аяқты шалуға болмайтын күрес түрі?

Грек-рим

40. Балуан Шолақтың шын есімі?

Нұрмағамбет Баймырзаұлы

50. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан?

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Қазақстанның олимпиада жүлдегерлері?


10. Еліміздің туын әлемге желбіреткен атақты боксшы, қарағанды тумасы?

Геннадий Головкин

20. Зілтемірші, Олимпиада ойындарының

чемпионы. 2015 жылғы ауыр атлетикадан

әлем чемпионы?

Ниджат Рахимов

30. 2019 жылы бокстан 81 келіде Қазақстандық әлем чемпионы?

Бекзат Нұрдәулетов

40. Қай жылдан бастап Қазақстан олимпиада ойындарына өз туымен шықты?

1994

50. Қай жылы Бахтияр Артаев бокстан олимпиада жүлдесін ұтып алды?

2004


Жүргізуші: Ал, ендігі кезекте 2 кезеңнің нәтижесін білейік.

Жүргізуші Олай болса ен соңғы кезеңімізге өтейік.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!