Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кім тапқыр,сол жүйрік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтай отырып,пәндерді ұштастыра отырып екі топты жарыстыру. 2.Дүниетанымын,ой-өрісін,көру қабілеттерін дамыту.Тілінің грамматикалық құрылымын дамыту,өздігінен сұраққа ойлана толық жауап беруге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: “Кім тапқыр сол жүйрік!”

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың алған білімдерін тиянақтай отырып,пәндерді ұштастыра отырып екі топты жарыстыру.

2.Дүниетанымын,ой-өрісін,көру қабілеттерін дамыту.Тілінің грамматикалық құрылымын дамыту,өздігінен сұраққа ойлана толық жауап беруге үйрету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,геометриялдық фигуралар,тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс: математика,ана тілі,қазақ тілі,дүниетану.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Сіздерді 3- сыныптағы білімді,батыл,өнерлі оқушылармыздың арасында өткелі отырған «Кім тапқыр ,сол жүйрік!» атты тапқырлар сайысына қош келдіңіздер!

Жарысқа екі топ қатысады.

Екі топ топтарының аты мен топ ұраның айтады.

1-топ: «Алғырлар»

2-топ: «Тапқырлар»

Екі топ өз ұранымен таныстырады.

Әділқазы алқасымен таныстыру.

Баға берер топтарға ,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға .
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Бүгін білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1-айналым.Ойлы болсаң, озып көр!5 сұрақтан тұрады (сұрақ-жауап Логикалық тапсырмалар.Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпайдан беріледі.

Алғырлар тобына:


 1).Қоян жаңбыр жауып тұрғанда қандай ағаштың асында отырады? (сулы ағаштың)
2)    Судың  астында қандай тас болмайды?  (құрғақ)
3)     Жабық көзбен не көруге болады? (түс)
4)    31 ақпан күні не болды? (31 ақпан болмайды)
5)    Жаңбыр 2 күн қатарынан жауып тұруы мүмкін бе? (жоқ, себебі, 2 күнді түн бөліп тұрады)


Тапқырлар тобына:

1.Тышқан бірінші және соңғы вагонға мінбейді. Балапан ортаңғы және соңғы вагонға мінбеген. Тышқан мен балапан қай вагонмен келеді?

2.Теңізде 9 кеме жүзіп жүр. 2 кеме жағажайға келіп тұрды. Теңізде қанша кеме бар? 9

3.Қандай ыдыстан ештеңе жеуге болмайды?Бос

4.Аңдар бағында 4 аю және 3 қой бар? Аңдар бағында қанша жабайы жануар бар?4

5.Көптен күткен қаңтар да келді. Алдымен 1 алма ағашы, содан соң тағы да 3 өрік гүлдеді. Қанша ағаш гүлдеді?.Қаңтарда ағаш гүлдемейді.


2 айналым. «Тапқырлық».Тақтада алфавиттер беріледі.Кез келген әріптерді таңдап алып ,содан сөз ойлау,келесі сөздің соңғы әріпінен басталуы керек.


3-айналым.Полиглод. Жұмбақ жасырылады.Жауаптарын 3 тілге аудару қажет.


1. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.( ... ) Күн,сон,солнце



2. Өзі арық, сөзі әріп. (.....).Қалам,пенсл,ручка



3.Қабат-қабат қаптама,

Ақылын болса аттама. (.....)кітап,бук,книга



4. Білімнің мол сыйы асы,

Балғындардың ұясы. ( ......) мектеп,школ,скул



5. Әр сыныпта табылар,

Салған ізім ақ болар. (...).Бор,мель,джок



6. Әдемі түнде,

Мен жүрсем,жүреді бірге. (...) ай,луна,мун



4-айналым.Қызықты үштік.

Тоғыз ұяшық берілген олар 10,20,30 сияқты сандар арқылы қатар орналасқан.Ұяшықтардың әр қайсысында төрт пән бойынша сұрақтар жасырылған.Екі топ кезкелген сандарды ашып берілген сұрақтарға жабап береді.



10 10 10


20 20 20


30 30 30

1азақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).

2.ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан)

3.Табиғат нешеге бөлінеді? (2 тірі және өлі табиғат)

4.Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Мысал келтір.

5.Абай Құнанбаев кім? Оның қандай өлеңдерін жатқа білесің?

6. Үстел үстінде 4 алма жатыр. Оның біреуін тең ортасынан бөліп, үстел үстіне қойды. Үстел үстінде қанша алма бар? (4)

7.Түбір дегеніміз не? Мысал келтір.(Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі.)

8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? ( 3 қатаң,ұяң,үнді.)

9.Адам табиғаттан нелер алады? ( Су,жылу,жарық,тағам)

5-айналым. «Бәйге» Топ басшылар сайысы. «Математика» сөзінен сөз құрау.

Қорытындылау.

Оқушылардың сабаққа жақсы қатысқандығы үшін мақтап,мадақталады.

Әділқазы алқасының шешімін тыңдау.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
583
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12