400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КИНО – ҚОҒАМНЫҢ ҮНІ МЕ, ӘЛДЕ ТҰНШЫҚҚАН ШЫНДЫҒЫ МА?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазіргі кино кеңістігінің ішкі болмысы мен көркемдік деңгейі сараланады. Автор қазіргі кинопрокаттағы фильмдердің мазмұндық мәні мен тәрбиелік бағытынан алыстап, арзан күлкі мен дөрекі сөздерге сүйеніп кеткенін сынға алады. Отандық және шетелдік фильмдер нақты мысалдар арқылы салыстырылып, көрермен талғамының қалай өзгергені, ал кинематографтың қай бағытта жылжып бара жатқаны шынайы әрі терең пайыммен сипатталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КИНО – ҚОҒАМНЫҢ ҮНІ МЕ, ӘЛДЕ ТҰНШЫҚҚАН ШЫНДЫҒЫ МА?

Бұл мақалада қазіргі кино кеңістігінің ішкі болмысы мен көркемдік деңгейі сараланады. Автор қазіргі кинопрокаттағы фильмдердің мазмұндық мәні мен тәрбиелік бағытынан алыстап, арзан күлкі мен дөрекі сөздерге сүйеніп кеткенін сынға алады. Отандық және шетелдік фильмдер нақты мысалдар арқылы салыстырылып, көрермен талғамының қалай өзгергені, ал кинематографтың қай бағытта жылжып бара жатқаны шынайы әрі терең пайыммен сипатталады.

Кілтті сөздер:қазіргі кино, көркемдік деңгей, арзан күлкі, тәрбиелік мазмұн, ұлттық құндылық, көрермен талғамы, мәдениет дағдарысы.



Кино – жай ғана кадрлар емес деп санаймын. Ол – қоғамның іштей қалай тыныстап жатқанын сездіретін нәзік тін, ұлттың жан әлемін бейнелейтін рухани айна. Әр көрініс – ой, әр кейіпкер – сол дәуірдің бейнесі. Ал бүгінгі экрандағы көріністерге көз жүгіртсек, сол рухани айна көмескі тартып, оның орнын жеңіл күлкі мен дөрекі сөздер жаулап алғанын байқаймыз. Кино бұрын адамды тәрбиелесе, бүгінде көп жағдайда ол – еліктіру мен уақыт өлтіру құралына айналып барады. Бүгінгі күні киноны тек көңіл көтеру үшін түсірілген өнім деп қабылдау – оның шынайы мәніне көз жұму деп есептеймін

Бүгінгі кинопрокат – күлкі мен боқтықтың арасындағы «диалог»

Кинозал афишаларына қарасаңыз, қазір көрерменге ұсынылатын дүниелердің көбі – не триллер, не арзан комедия. Алматыдағы кинотеатрларда 2025 жылғы сәуірдің өзінде экраннан түспей тұрған «Патруль. Последний приказ», «Мафия», «Өш» секілді фильмдерге көз салайық. Бірі – боқтық сөзге толы қалжың, екіншісі – кек алу мен зорлыққа құрылған сюжет, үшіншісі – адамның ішкі әлемін емес, сыртқы айғай мен әрекетті ғана алға шығарады.Мысалы, «Патруль» фильмінде полиция қызметкерлерінің күнделікті тіршілігі комедиялық форматта берілгенімен, күлкінің астары – тек сатира емес, көрерменнің талғамын төмендететін жеңіл әзілдерге құрылып отыр. Арзан күлкінің астында терең мағына жатпаса, ол – көрерменге уақытша эмоция ғана береді, ұзақ әсер қалдырмайды [1, 45 б.].

Ал «Грешники» немесе «Мафия» фильмдері экранға шыға салысымен-ақ үлкен қызығушылық тудырды. Бірақ қызығушылық – көркем сапа емес. Бұл фильмдерде драматургия жоқтың қасы, диалогтар үстірт, кейіпкерлер беткей. Бір ғана мақсат – көрерменнің жүйкесіне әсер ету. Қарумен, қанмен, дауыспен. Бірақ көрерменнің ішкі әлемін оятатын бейне қайда қалды?

Кешегі Қожа қайда, бүгінгі «батыр» кім?

Бұрынғы қазақ киносы – тәрбиенің, тереңдіктің, тұнық мағынаның үлгісі болатын. «Менің атым Қожа» (1963) фильмі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Себебі Қожа – бала, бірақ ол – ардың, шындықтың, әділеттің символы. Фильм көрерменге күлкі сыйлайды, бірақ ол күлкі – ойлы күлкі. Ол ішкі жағдаяттан туады, жанға әсер етеді, тәрбие береді [2, 59 б.]. Сол сияқты, «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Тақиялы періште» сынды туындылар – эстетикалық талғамды тәрбиелейтін дүниелер. Онда әдеп бар, иба бар, ұлттық болмыс бар. Ең бастысы – сөзде салмақ, көзде мағына, образда тереңдік болды. Ал бүгінгі кейбір фильмдерде сөз – қатқыл, күлкі – тарс, эмоция – жалған?!

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші, бүгінгі кино – қоғамның күйін көрсетіп отыр. Бірақ ол қандай күй? Егер біз көрерменге тек жеңіл күлкі мен шулы көрініс ұсынып, ішкі мазмұн мен көркемдікке көңіл бөлмесек, ертеңгі ұрпақ өнерді – хайппен, тереңдікті – боқтықпен шатастыратын болады. Кино – тек көңіл көтеру құралы емес. Ол – ұлттың болмысын бейнелейтін, ой салып, жүрекке тіл қататын рухани күш. Егер біз бұл күшті арзан эффектпен алмастырсақ – онда өз болмысымыздан алыстаймыз.Қайта оралайық – көркемдікке. Қайта оралайық – Қожаға, Жібекке, Тақиялы ағаға. Сонда ғана экран – рухқа айналады!!!



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Нұрмағанбетова, А. (2017). Қазақ киноөнеріндегі бейнелеу тілі: идеологиядан даралыққа дейін. Орталық Азия кинотану журналы, 2(3), 45–58.

2.Рахымжанов, Қ. (2020). Кеңестік дәуірдегі қазақ фильмдеріндегі мәдени естелік. Алматы: Таным баспасы.

3.Жақанова, Д. (2021). Қазіргі қазақ киносы және ойын-сауық мәдениетінің ықпалы. Еуразиялық өнер шолу, 4(1), 22–39.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
87
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі