Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіріктірілген ашық сабақ Біз сендерді ренжітпейміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортаны қорғау - жерді сақтау, оның пайдалы қазбалары мен су ресурстарын үнемдеп қолдану, өсімдіктер мен жануарларды қорғау, ауа мен судың тазалығын қамтамасыз ету, яғни қоғам мен табиғаттың гармониялық қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Айналайын» тобының ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 5.10.2021

Тәрбиеші: Жумабекова С.Б.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану, Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет,

дене шыңықтыру

Өтпелі тақырып: «Жабайы табиғат әлемі»

Тақырыбы: Біз сендерді ренжітпейміз

Мақсаты:

Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілік тәрбиелеу.

Дамытушылық: Табиғатта болатын әр түрлі жағдайда, жалпы табиғатта өзін қалай үстау керектігі туралы ережесін түсіндіру.

Ұжымда достық қарым қатынасты қалыптастыру.

Оқыту: Барлық тірі жанның, өсімдіктердің адам үшін маңызы зор екені жайлы білім беру.

Педагогикалық технологиялар: дамыта оқыту, ақпараттық.

Ресурстармен қамтамасыз ету: хат, суреттер, түрлі-түсті кегли, қарындаш, сөмке, жаңғақтар

Билингвалдық компонент: торай-поросенок, орман-лес

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Есік қағылып, хатты пошташы әкеледі.

2.Негізгі бөлім:

Әңгімелесу

Тәрбиеші хатты оқиды:

-Балалар, маған сендердің көмектерің керек. Мен орманға жаңғақ теруге шықтым, бірақ жолда көп қателер жасадым.Сол қателер үшін мені орман Қожайыны орманда қалдырды. Егерде сендер сол қателерді дұрыс үстасаңдар, мені орман Қожайыны жібереді. Көмектесіңдер, үйге барғым келеді. (Торай)

торай-поросенок, орман-лес

-Не істейміз? Қалай Торайды үйге қайтарамыз?

Жолға шығады.

-Мен Торай қай орманда екенін білемін. Ол шағын орман, онда емен ағашы бар. Торай сол орманға жаңғақ теруге барған ғой. Мен жолды білемін жүріңдер.

Шағын орманға келеді, жолда төмпішіктерді кездестіреді. (Аяқ массажы)

1) Ағаштарға келеді, назарын сыңған бұтаға аударады. Не істейміз?

Балалармен бұтаны байлаймыз.

Неге ағашты сындаруға болмайды?

-Сендер тағы қандай ағаштар білесіңдер? Кейбір ағаштар инелерімен қорғанады. Қандай ағаш адам ға у, ал жануарларға дәрі. Ағаштың адамға деген көмегі көп, сондықтан біз тиуге болмайды деген белгі қоямыз.

Ойын «Ағашты танып, ата»

Мақсаты: Ағашты жапырағынан, түқымынан біліп, ажырату.

-Қане, қатарға түрып жолымызды жалғастырайық. Жолымыз қысқарақ болсындеп мен сендерге жұмбақ жасарайын

2) Өз қалпаған жасынан тастамайды басынан. (саңырауқұлақ)

Дұрыс, сендер қандай саңырауқұлақтарды білесіңдер?

-Балалар, Торай бұл жерде де болған ғой, себетті қараңдар. Қалай ойлайсындар саңырауқұлақты қалай теру керек? Неге? Улы саңырауқұлақтарды жоюға болама? Неге?

Керекті мағлұмат: Адамға шыбынжұт зиянды. Бірақ орман тұрғындарына ол дәрі және тамақ. Мысалы: егерде бұлан (лось) ауырып қалса, ол орманда шыбынжұтты тауып алап жейді, солай емделеді. Онымен сауысқан тағы басқа құстарда емделеді. Сондықтан біз тиуге болмайды деген белгі қоямыз.

Ойын «Орманға зиян тигізбе»

Мақсаты: шапшаң, епті болуды үйрету.

Ойын шарты: Жерде тұрған кеглилерді жинау. Қызыл түсті – шыбынжұтты құлатпай, басқа түстерді –жейтін саңырауқұлақтарды жинау.

Алаңқайға жеттік. Жылаған дауыс естілді, балалардың назарын өрмекшінің торына аудару. Торай өрмекшіні де ренжітіп торын бұзып кетіпті. Көп адамдар өрмекшіден қорқады, оларды зиянды деп ойлайды. Бірақ олар адамға зиян тигізбейді. Өрмекшінің қандай пайдасы бар?

Тиуге болмайды деген белгі қояды.

Балалардың назарын торлы дорбаға аудару, онда Торайдың аулаған көбелегі бар. Оның қанаттары зақымданған. Балалар көбелекті гүлге отырғызып, себеттегі шегірткені аяғын байлап шөпке жібереді.

Малика көбелек туралы тақпақ оқиды:

Көк көйлек, көп көбелек!

Гүл көрсе күлімдейді,

Қолыма ілінбейді.

Көк шөптің арасынан

Түр-түсі білінбейді.

-Егерде жәндіктер жойылса не болады?

-Балалар, біз орманның шетіне де жеттік, бірақ Торай көрінбейді. Көл жақын сияқты: ылғалы жер, самал жел соғып тұрған сияқты. Бұл жерде де Торай болған, қараңдар: таяқпен жылан бастырылған, банкаға бақаны салып қойған.

Табиғатта керек емес ештеңе жоқ, барлығының өз орны бар. Мысалы: жыланның уынан керекті дәрілер жасайды.Егерде жыланға тиіспесеңдер оларда сендерге тиіспейді. Қазақта ырым бар: жылан үйге кіріп кетсе, басына ақ құйып шығару керек. Бақа, құрбақалар түңгілікте шығып көптеген маса, шыбындарды жейді. Сондықтан бақаларға, жыландарға тиісуге болмайды. Белгі қойылады.

Керекті мағлұмат: Батыс Африкада ең үлкен бақа бар – Галиаф атты, оның салмағы 3 кг, ал созылғанда ұзындығы 80 см. Ең кішкентай бақа Бразилияда өмір сұреді, оның ұзындығы 8,5см.

Торай келеді.

-Торай, сені қалай орман Қожайыны жіберді?

-Сендерге көп рахмет, қателерімді дұрыс үстадыңдар. Енді мен барлығын түсіндім,бұл қателерді қайталамаймын.

-Біз саған «Экологиялық бағдаршам» кітабын сыйлаймыз. Келесіде орманға барғанда бұл қателерді қайталамауға.

Торай: Рахмет, мен сендерге орман Қожайынынан емен жаңғақтарын сыйлаймын.Оларды жерге отырғызсаңдар емен ағашы өседі.

3.Қорытынды:

Балалар өздері сабақта кездескен кейіпкерлерді жұмбақ арқылы айтады.

Жазда да, қыста да,

Өзгермейтін бір түсте (шырша)


Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен (құмырсқа)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.07.2021
450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12