Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кірме сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Кірме сөздер туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия

Тақырыбы: Кірме сөздер

Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестеріжұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер»«калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.
Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:
1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Аллаһ, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.
2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшық, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электр, т. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады.

1 тапсырма:

Үзіндіден   мәтелді табыңдар.

Барын жоқ деп құрынған,

Жұлдызды жатқа санасақ.

Қисап етіп  қарасақ.

«Мың асқанға бір тосқан»

Бар емес пе еді бұрыннан. 

 

2-тапсырма.Қазақ тіліне  енген төмендегі сөздердің орыс тіліндегі баламасын атаңдар.

Самаурын, жәшік, кәрзеңке, кереует, сөмке, тәрелке, стақан, шәйнек. 

 

3-тапсырма. Мына үзіндіден көнерген  сөзді  тауып, көнерген сөздің  қай түріне жататанын айтыңдар. 

Айтулы  ерлер  бар  екен,

Жүйріктері  баптаулы.

Найзалары  саптаулы.

Дұшпанға атар жебесі,

Қорамсақпен  қаптаулы. 

 

4-тапсырма. Үзіндіден кірме сөзді табыңдар. 

Дастарқан жайып құрметтеп,

Төкті  түрлі жемісті.

Жез самаурын қайнаулы,

Союға бағлан байлаулы. 

 

5-тапсырма.“Сөздер сөйлейді” стратегиясы.

Сөздердің мағынасын ашыңдар.

Лексика, архаизм, историзм, неологизм, мақал, мәтел, ертегі, жаңылтпаш, жұмбақ.

 

6-тапсырма.  Сөздердің  баламасын табыңдар.

Таможня

Самолет

Реклама

Станция

Пенсия

Парк

Архитектура

Процент

Адрес 

7 - тапсырма 

Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық!

 

1. Қырық екі жауынгер,

Сапын түзеп тұрады.

Бүлдіршіндер - қауымды ел,

Сырын терең ұғады. 

 

2. Қабат -қабат  қаттама,

Ақылың болса аттама

 

3. Денесі бар, басы бар,

Үш көзінде жалын от.

Кезектесіп ашылар, 

Кезектесіп жұмылар.

 



Үйге: Қазақ тіліде кірме сөздер болмаса, тіл байлығы болар ма еді?  Эссе жазу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
1045
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12