Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтеріліс. (1783-1797ж.)».

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейінгі негізгі кезеңдері туралы оның этогенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі

Учреждение «Медицинский колледж «Семей»


Ашық сабақтың жоспары

План открытого урока




Пән: «Қазақстан тарихы»

Предмет:

Мамандық: 0301000- «Емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013- «Фельдшер»

Квалификация:

Тақырып:«Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтеріліс. (1783-1797ж.)».

«Восстание казахов младшего жуза под руководством Сырыма Датова

(1783-1797гг.)».

«Rizing of Kazakh Junior Juz under leadership by Syrym Datov in (1783-1797years.)».

Тема:

Оқытушы: Жакупжанов Қ.Т

Преподаватель:




ӘБК мәжілісіне қаралды

Хаттама №_________________

«___» ____________20___ж.

ӘБК төрайымы___________

Рассмотренно на заседании ПЦК

Протокол №_________________

«______»_____________ 20__ж.

Председатель ПЦК____________




Оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны:

Содержание УМК

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.

Выписка из ГОСОРК.

  1. Типкік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типовой учебной программы

  1. Жұмыс бағдарламасынан көшірме.

Выписка из рабочей программы

  1. Сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

Методическая разработка занятия



































Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартынан көшірме

Выписка из государственного стандарта РК

МЖМБС ҚР ДСӘДМ 29.07.2016 -661

ГОСО МЗСР РК 29.07.2016 -661



Қазақстан тарихы

История Казахстана

  • Негізгі тарихи фактілерді оқиғаларды және қоғам қайраткерлерінің еңбектерін, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі орнын.


Білуі керек:

Знать:

  • Қазақстан Республикасының бүгіңгі әлемдегі орны мен ролі. Ежелгі кездегі Қазақстанның құрылуы негіздерін, қазақ хандығының құрылу тарихын. Кеңес үкіметі тұсындағы Қазақстанның жағдайын, Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандықтардың ерлігін;

  • Мемлекеттің суверенитеті мен егемендігінің тұрақталуын;



Істей білуі керек:

Уметь:

  • Топтық сұхбаттағы қатысуы;

  • Эссе, баяндама, мақала жазу кезінде қажетті мәліметті таңдап алуды;

  • Хронологиялық мәліметтерді адамесімдерімен жер атауларын есте сақтауға дағдылану.














Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:

0301000 «Емдеу ісі » мамандығы бойынша білім беру оқыту бағдарламасы 0301013 «Фелдьшер » біліктілігі бойынша кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келеді және білім алушылардың келесі құзіреттерді меңгеруін көздейді:

БҚ-1. Оқу

БҚ-1.1. Өзін-өзі дамыту; ұзақ мерзімді жоспарлау машықтары игерген, кәсіпке және өзінің әлеуметтік міндеттеріне тұрақты, оң көзқарас қалыптасқан.

БҚ-1.2. Ақпарат; ақпаратты жинайды және талдайды, білімін практикада қолданады.

БҚ-1.3. Компьютерлік технология ; жұмысында және өзін дамыту барысында қазіргі ақпараттық білім алу технологияларын қолданады.

БҚ-2. Этика

БҚ-2.1. Қоғамдық өнер:қоғамдық өмірге белсенді қатысады.

БҚ-2.2. Этникалық қағидаттар; кәсіптік этникалық құндылықтарды дәріптейтін, әлеуметтік-мәдени диологке дайындығын көрсетеді.

БҚ-2.3. Эстетика:жұмыс ортасының эстетикасын сақтайды және бағалайды.

БҚ-3. Коммуникациялар және командада жұмыс жасау

БҚ-3.1. Коммуникативтік дағдылар;жағдайды ескере отырып, әртүрлі адаммен тиімді қарым қатнас жасай алатынын көрсетеді

БҚ-3.2. Командада жұмыс жасау; әртүрлі командада жұмыс жасай отырып, жауапкершілігін көрсетеді


















Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типового учедного плана

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Тақырыптық жоспар:

Тематический план:


План бойынша барлық сағат: 108

Всего часов по предмету


Теория: 108

Тәжірибе:

Практика:


Типтік оқу бағдарламасы:

Типовая учебная программа:


Пәннің мазмұны:

Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейінгі негізгі кезеңдері туралы оның этогенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.

Білім алушылардың оқу материалын меңгеру әдістемесі мен олардың алған білімін бағалау жүйесі төмендегідей парметірлерге негізделуі керек:

  1. Отан тарихының даму динамикасына (қозғаушы күштері, механизмдері, тенденциялары, тарихи даму заңдылықтары).

  2. Қазақстан тарихының құрылымына, оны дәуірлерге және әлеуметтік кеңістікке бөлуге (бөлімдер, фазалар, формациялар, өркениеттер).

  3. Тарихтың жалпы барысы, яғни оның динамикасы арқылы түсіндірілетін тарихтың құрылымына (бөлімдер, трансформациялар, үлкен циклдер, прогресс пен регресс, эволюция).

Содержание дисциплины:


Теориялық сабақ:2

Теоретическое занятие:

Тәжірибелік сабақ:

Практическое занятие:



Жұмыс бағдарламасынан көшірме.

Выписка из рабочей программы

Мамандық: 0301000 «емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013 – «Фельдшер»

Квалификация:

Пән: Қазақстан тарихы

Предмет:

Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 2

Общее количество часов на данную тему:

Тәжірибе: 2 сағат

Теория/Практика

24 сабақ

Тақырып: «Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтеріліс. (1783-1797ж.)»

Тема:

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру

Тип урока:

Сабақтын өтетін орны:

Место проведения урока:

Білім алушы білу керек:

  • С.Датұлы көрнекті қайраткер көтеріліс басшысы.

  • Көтерілістің себептері және әлеуметтік негізі,

  • кезеңдері және оқиғалары,

  • жеңілу себептері және қорытындылары,

  • тарихи маңызы.

Обучающийся должен знать:

Білім алушыға арналған әдебиеттер:

1.Боранбекова Б.А. Орта ғасырлар тарихы (бесінші ғасырдың екінші жартысы) А: Фолиант, 2013

2.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. А: Фолиант,2013

3.Төлеубаев Ә,Қасымбаев Ж, Қойгелдиев. Т. «Қазақстан тарихы». А,2014 ж

4.Тұрлығұл. Т.Т. Қазақстан тарихы сынып А. «мектеп» 2015

5.Кан. Г. В. Қазақстан тарихы .Алматы-2011ж «2»

6.Қазақстан тарихы. С.Сабырұлы «оқу құралы» Жеті жарғы А:2012

7.Шаймерденова М.Ж, Б. Аяған. Қазақстан тарихы. 9-сынып А.2011

8.Қаражан. К.С Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы А: 2011

9. Қазақстан тарихы. Хрестоматия А: 2011

10.Сауенова Р. Қазақстан тарихы. Мектеп А: 2011

11. Тұрлығұл. Т.Т. Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі А: 2011

12.Тұрмалиев Б.К. Қазақстан тарихы: трек конспектілер, кестелер, сызбалар, тестілер, тапсырмалар, А:Фолиант 2014

13.Аяған Б, Әбжанов Ғ, Нұрымбетов Р Егемен Қазақстан тарихы: Тәуелсіздікке 20 жыл: тарихи құжаттық зерттеу.

14. Аяған Б,Көркемсуретті Қазақстан тарихы. «Қазақэнциклопедиясы» III-IVт

15.Ермуханова.Х.К. Қазақстан тарихы Шың кітап. Алматы,2011 ж «3»

16.Игебаев С. Қазақстан тарихы Оқу құралы А:Фолиант,2013

17.Құрмашова Б.Қ . Берменова С.Т Қазақстан тарихы оқу құралы.Фолиант,2013

18.Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін. Очерк. Алматы, 2009 ж«1»

Литература для обучающихся:
































Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

Методическая разработка теоретического занятия

Мамандық: 0301000- «Емдеу ісі»

Специальность:

Сабақтың түрі: теория

Тип занятия:

Өткізу әдісі: Дамыта оқыту технологиясы бойынша

Методика преподавания:

Сағат саны: 2

Количество часов:

Сабақтын өтетін орны:

Место проведения урока:

Сабақтың тақырыбы: «Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтеріліс. (1783-1797ж.)»

Тема урока:

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға Қазақтардың ұлт-азаттық күресіне, Кіші жүз қазақтары соғысының ықпалын көрсету, жаңа мағұлматтар беру.

Цель урока:

Сабақтың міндеттері

Задачи занятия:

Білімділік: Сырым Датұлы өзі атақты батыр, өзі көрнекті басшы, өзі әйгілі шешен, отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі екендігін түсіндіру. Қазақтардың ұлт-азаттық күресіне Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі ықпалын көрсету.

Образовательная:

Дамытушылық: 1783–1797 жылдары Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың себептерін талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге баулу. Білім алушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,  жүйелі ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасау, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын білуге үйрету.

Развивающая:

Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Сырым Датұлы батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Білім алушылардың ұлттық намысын ояту, адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру.

Воспитательная:

Пәнаралық байланыс: Саясаттану.

Межпредметная связь:

Сабақтың жабдықтары: презентация № 8. карточка №7. видео

Оснащение урока:


Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы

Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия


Сабақ бөлімдерінің атауы

Название раздела занятия

Уақыт тәртібі

Временный режим

1

Ұйымдастыру кезеңі

Организационная часть

2 минут

2

Оқытушының кіріспе сөзі

Целевая устоновка занятия

3 минут

3

Білімнің негізін актуалдау(негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме

25 минут

4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Изложение нового материала

40 минут

5

Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту

Закрепление новой темы

10 минут

6

Баға қою

Выставление оценок

5 минут

7

Үй тапсырмасы

Домашнее задание

5 минут



















Теориялық сабақтың барысы

Ход теоретического занятия


І. Ұйымдастыру кезеңі – сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу. (Сәлеметсіздерме оқушылар, бугін кім кезекші? Сабақта түгеліміз бармызба?)

Организационная часть

ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі – Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:«Кіші жүз қазақтарының Сырым. Датұлы басшылығымен болған көтеріліс. (1783-1797ж.)»

мақсаты:

- «Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтеріліс» оқиғаларын әнгімелеуде әдеби стильді қолдану;

- Сырым. Датұлы басшылығымен болған көтеріліс тұсындағы шайқастарының тарихи маңызын анықтау;

- Қазақтардың ұлт-азаттық күресі туралы ақпарат беру;

- талдау, жинақтау, қорыту операцияларын колдана отырып, ақпараттарды менгеру;

Целевая установка занятия

ІІІ. Білімнің негізін актуалдау(негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар үйге берілген тапсырманың тақырыбы «XIXғ II-жартысындағы Ресейдің Қазақстандағы реформалары.» болатын , енді осы бойынша мына сұрақтарға жауап берейік.


1.1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар.

Генерал губернаторлықтар

2. 1886, 1891 жылдардағы ережелер

презентация № 8.1

  1. Әкімшілік-аумақтық реформаны дайындау үшін арнайы Далалық комиссия қай жылы құрылды? (1865 жылы)

  2. Далалық комиссия құрамына қандай билік өкілдері кірді? (ішкі істер министрлігі, әскери министрлік және жергілікті билік)

  3. 1865-1866 жылдары? (қазақ даласын басқарудың жобасы екі нұсқада дайындалды.)

  4. 1867 жылы 11 шілдеде II Алек­сандр қандай ережеге қол қойды? («Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге»)

  5. «Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыста­рын басқару туралы уақытша Ережеге» II Алек­сандр қашан қол қойды? (1868 жылы 21 қазанда)

  6. Реформа бойынша бүкіл Қазақ жері неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? (Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір деген үш генерал-губернаторлыққа бөлінді.)

  7. Орынбор генерал-губернаторлығына қараған облыстар? (Орал, Торғай об­лыстары)

  8. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қараған облыстар? (Ақмола, Семей облыстары)

  9. Жетісу және Сырдария облыстары қандай генерал-губернаторлығына қараған? (Түркістан генерал-губернаторлығына)

  10. Реформа бойынша қазақтардан жыл сайын әрбір шаңырақтан ақшалай салық алу жүйесі енгізілген болатын сол салық мөлшері Түркістан генерал-губернаторлығында қалай төленді? (2 сом 70 тиын)

  11. Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы әрбір шаңырақтан алынатын салық мөлшері? (3 сом белгіленді.)


Карточка №7.

1.Қазақ жеріндегі әкімшілік реформаның аясында сот реформасы да жүргізілді? 2.Реформаның қазақ халқы үшін аса ауыр бабы?

Карточка №7.

1.1893 жылы 26 наурызда шыққан патша жарлығы?

2.1867-1867 жылдардағы ережелер?



Карточка №7.

1.Реформаның мәні туралы М. Тынышпаев?

2.1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» ?



Карточка №7.

1.1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» ?

2.Халық санағы?



1. Қазақ жерлерін қосып алудың аяқталуы Ресейдің өз ішінде жүргізіліп жатқан саяси реформаларымен сәйкес келді. Крепостниктік құқықты жою, қоғамда капиталистік қатынастарды дамытуға бағытталған саяси-экономикалық реформалар қазақ халқына да әсерін тигізбей қоймады. Ол, ең алдымен отарлық саясаттың белсенді түрде жүргізілуіне алып келді. Қазақ жерінде әкімшілік басқаруды жүргізу үшін Ресейдің басқару жүйесімен сәйкестендіру қажет болды. Ол империяның мүддесіне жауап беретін жүйелі бағытта жүргізілуі тиіс еді. Реформаның негізгі міндеті «қырғыз даласының Ресейдің басқа да аймақтарымен қосылуы» болды.

Әкімшілік-аумақтық реформаны дайындау үшін 1865 жылы арнайы Далалық комиссия құрылды. Оның құрамына ішкі істер министрлігінің, әскери министрліктің және жергілікті билік өкілдері кірді. Комиссияның міндеті реформаның жобасын әзірлеу болды. 1865-1866 жылдары қазақ даласын басқарудың жобасы екі нұсқада дайындалды. 1867 жылы 11 шілдеде II Алек­сандр «Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге», ал 1868 жылы 21 қазанда «Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыста­рын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды.

Реформа бойынша бүкіл Қазақ жері Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір деген үш генерал-губернаторлыққа бөлінді. Іс жүзінде Қазақ жері бұрынғы үш жүзге бөлінген күйінде қалды. Басқару орталықтары қазақ халқынан жырақта, яғни Ташкент, Орынбор, Омбыда орналасты. Өлкедегі әскери және азаматтық билік генерал-губернатордың қолына шоғырланды. Ал Түркістан генерал-губернаторына қосымша Қытай және Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізу құқығы берілді.

Әкімшілік басқару жүйесі әскери сипатта болды. Генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Орынбор генерал-губернаторлығына Орал, Торғай об­лыстары; Батыс Сібірге Ақмола, Семей облыстары, Түркістанға Жетісу және Сырдария облыстары кірді. Ал бұрынғы Бөкей хандығының жерлері 1872 жылы Астрахан губерниясының құрамына енгізілді. Маңғыстау түбегіне ерекше мән берілді. Өйткені, оның әскери стратегиялық маңызы бар еді. Ол Каспий теңізі арқылы Ресеймен, оңтүстігінде Хиуа хандығымен, батысында Кавказбен шектесіп жатты. 1868 жылғы уақытша Ереже бойынша Маңғыстау түбегінде Орынбор генерал-губернаторлығының Орал облысы құрамындағы Маңғыстау приставы құрылды. Мұндағы тағы бір ерекшелік - болыстар мен ауыл ағамандарын отарлық әкімшілік тағайындаса, ал басқа жерлерде ол сайлау жолымен өтетін. Орынбор генерал-губернаторлығының ұсынысымен «Қырғыздарды басқарудың ыңғайлылығы мен тұрақтылығын сақтау» үшін, при­став бастығына екі көмекші тағайындалды. Әрқайсысына күміс ақшамен 400 сом жалақы берілді.

Маңғыстау түбегінің болашақ тағдыры мынадай болды: 1870 жылы 2 ақпанда Орал облысының Маңғыстау приставының арнайы жарлығымен көтеріліс қаупі туғандықтан билікті Дағыстан әскери округіне өткізеді. Сөйтіп, онда әскери басқару жүйесі енгізілді. 1874 жылғы наурыз айында қабылданған «Закаспий өлкесін басқарудың уақытша ережесі» бойынша приставтық Кавказ әскери округінің құрамындағы Каспий әскери бөлімінің қарамағына берілді. 1881 жылы император жарлығымен Закаспий облысы құрылды. Оған Кавказ әскери округі, Ахалтеке жазирасы (Түрікменияның бір бөлігі) және Маңғыстау уезі кірді. Осылайша Маңғыстауды Қазақ жерінен мүлде оқшаулап тастады.

Облысты әскери губернаторлар басқарды. Сонымен бірге олар облыстағы әскери горнизонның қолбасшысы және облыс аумағындағы казак әскерлерінің атаманы болды. Олар Орынбор, Орал, Сібір және Жетісу казак әскерлері болатын. Облыстық басқару жүйесі үш бөлімнен тұрды: басқару - үкім беру, шаруашылық және сот. Бұл басқармаларға вице-губернатор жетекшілік етті және оның кеңесшілері болды. Ал, басқарма бөлімдерін аға кеңесшілер басқарды. Шекаралық облыстар - Жетісу және Сырдария облыстарының әскери губернаторлары шекара мәселесімен де айналысты.

Облыстар уездерге бөлінді, олардың жалпы саны 34 болды. Уезді уезд бастығы офицер басқарды, ал оны облыс губернаторының ұсынысымен ге­нерал-губернатор тағайындады. Уезд бастығының үлкен және кіші көмекшілері болды. Уезд бастығына полиция және әскери бөлім бағынды. Уездер аумақтық бірлік бойынша болыстарға бөлінді. Болыс әкімшілік ауылдарға бөлінді. Әкімшілік ауылдар 100-ден 200-ге дейін шаңырақтан құралды, ал болыстарға 1 мыңнан 3 мыңға дейін шаңырақ кірді. Болыс басшысы мен ауыл ағамандары (старшындары) әрбір үш жылда жасырын дауыс арқылы сайланып, жоғары дәрежелі басшылықпен бекітіліп отырды. Сұлтандарға өмірлік зейнетақы тағайындалды және барлық салық түрінен босатылды.

Қазақ жеріндегі әкімшілік реформаның аясында сот реформасы да жүргізілді. Шариғат пен қазақ халқының дәстүрлі құқық тәртібі негізінде іс жүргізетін билер мен қазылар соты сақталынды. Бірақ, олар ауыл деңгейінде ғана қызмет атқарды. Әскери, уездік соттар Ресей империясы заңдары негізінде жұмыс істеді. Мәселен, Отанға опасыздық жасау, өкіметке бағынбау, мемлекет мүлкін бүлдіру, лауазым адамдарды өлтіру сияқты қылмыс түрлерімен әскери, уездік соттар айналысты.

Реформа бойынша қазақтардан жыл сайын әрбір шаңырақтан ақшалай салық алу жүйесі енгізілді. Салық мөлшері Түркістан генерал-губернаторлығында 2 сом 70 тиын; Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығында 3 сом белгіленді. Ал отырықшы егіншілікпен айналысатын халықтан өнімнің оннан бір бөлігін астық түрінде немесе ақшалай талап етілді. Жергілікті әкімшілік пен почта жолдары үшін, көпірлерді, мектептер мен емханаларды, әскери бөлімдердің көліктерін жабдықтау үшін арнайы міндеткерліктер белгіленді.

Халық санағы әрбір үш жылда бір рет жүргізіліп отырды. Жаңа тәртіп негізінде мұсылман дін басыларының құқығы шектелді. Мысалы, сайланатын молданы губернатордың өзі бекітті. Реформа бойынша уездік қалаларда бір мектеп пен дәрігерлік пункт ашуға рұқсат етілді.

Реформаның қазақ халқы үшін аса ауыр бабы, ол бүкіл Қазақ жерін Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жариялауы болды. 1893 жылы 26 наурызда шыққан патша жарлығы бойынша Каспий теңізінің суы да Ресейдің мемлекеттік меншігіне алынды. Жаңа әкімшілік-аумақтық жүйе қазақ халқының жерді пайдаланудың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін бұзды. Салық пен түрлі міндеткерліктер де қазақ халқының наразылығын туғызды. Реформаның нәтижесі бойынша Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский: «Осыдан бастап Қырғыз даласы орыс территориясы болып есептеледі», - деп мәлімдеген.

1867-1867 жылдардағы ережелер «уақытша» енгізілген болатын. Патша өкіметі оны екі жыл ішінде толық жүзеге асырамыз деп жоспарлаған еді. Бірақ жаңа отарлық тәртіптер жергілікті халықтың тарапынан күшті қарсылыққа тап болды. Себебі бұл реформаны іске асыру оларды толығымен Ресей империясының бұғауына түсіретінін жақсы түсінген болатын. Сол себепті бұл ережелерді қазақ халқына енгізу 20 жылға созылып кетті.

Бұл реформаның мәні туралы М. Тынышпаев: «Олар қазақ халқының та-лаптарына жауап бермеді, тек зиян әкелді» деп, қазақ халқына әкелген зардаптарын атап көрсетеді.

2. Әкімшілік-аумақтық реформалар жүзеге асырылғаннан кейін патша өкіметі 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже», ал 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» қабылдады. Бұлар енді уақытша ережелер емес, нақты заң ретінде енгізілді. Жаңадан қабылданған ережелерге сәйкес Қазақ жерінде екі генерал-губернаторлық құрылды: 1. Түркістан генерал-губернаторлығы, орталығы Ташкент болды. Ал оның құрамына Ферғана, Самарқан және Сырдария облыстары кірді. Облыстар уезге бөлініп, бұрынғы әкімшілік бөлініс жүйесі сақталды. 2. Далалық генерал-губернаторлығы, орталығы Омбыда орналасты. Оның құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу (1897 ж. Түркістан өлкесіне берілді) облыстары енді. 1890 жылы ақпанда «Закаспий облысын басқару Ережесі» қабылданды. Бұл ереже бойынша Закаспий облысына Маңғыстау, Красноводск, Ашхабад, Теджен, Мерв уездері кірді.

1886, 1891 жылдардағы ереже бойынша генерал-губернаторлардың билігі бұрынғысынан да күшейе бастады. Облыс орталықтары: Верный, Орал, Омбы, Семейде полицейлік басқармалар құрылды. Ақмола, Көкшетау, Зайсан, Павлодар, Өскемен, Жаркент, Қапал, Лепсі, Қостанай сияқты уездік қалаларда полицейлік приставтар енгізілді. Әр шаңырақ салығының мөлшері 4 сомға көтеріліп, салық пен міндеткерліктердің жалпы көлемі 10 сомға жетті. Бүкіл қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жарияланды. Сот және құқықтық жүйе де Ресей заңдары негізінде жұмыс істеді. Сот жүйесінің төменгі буыны «халық соты» (билер соты) өз қызметтерінен айырыла бастады. Жалпы алғанда сот және полиция органдарының билігі нығайтылды.

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру .

презентация № 8.2

1.Сырым Датұлы (1742-1802 жж)

2.Ұлт-азаттық қозғалысының шығу себебі және оның алғашқы кезеңі.

3.Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері.

4.Ұлт-азаттық қозғалысының ақырғы кезеңі, жеңілу себептері.


Shape1

СЫРЫМ ДАТҰЛЫ (1742-1802жж) - қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында дүниеге келген. Тегі - 12 ата Байұлына жататын байбақты руынан. Сырым Датұлының атасы Шолан байбақты руының белгілі батыры болған.

Ол батырлығымен,бір беткейлігімен дараланып, төрелердің қолынан қаза табады. Шоланды төрелер кескілеп өлтіріп кеткенде, төртінші баласы Дат шешесінің құрсағында қалған екен. Шешесі аман-есен босанған соң, төрелермен арадағы зіл ұмыт болмас үшін баланың атын Дат қояды. Ел аузында сақталған әңгіме-аңыздарда Сырым Датұлы тана руының Малайсары, беріш руының Алдар, есентемір руының Есет секілді билерінен бата алған көрінеді. Мұның өзі Сырым Датұлының Кіші жүз қазақтарының арасында өзіндік беделге ие болғанын аңғартады. Асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен «Бала би» атанды. Сондықтан да Нұралы хан батырды бауырына тартып, оның беделіне арқа сүйеуге тырысты. Ол әуелі Сырымның әпкесіне үйленіп, оған жезде болады, кейін «ақсүйек тұқымы қара халыққа қыз бермейді» деген ата дәстүрін бұзып, Орын деген әйелінен туған қызы - Айғараны батырға қосып, оны күйеу бала етеді. Бірақ патшалық Ресейдің далалық өлкеде әкімшілік-саяси реформа жүргізіп, хандық билікті күшейту арқылы қалың бұқараның Жайық өзенінен өтуіне тыйым салып, шұрайлы жайылым мен өрісінен айырып табиғи құқыларын шектеуі, жергілікті билік органдары арқылы алынатын салық көлемін көбейтуі Сырым Датұлы мен орыс патшасы тағайындаған Нұралы ханның арасын ашып жіберді. Патша әкімшілігінің озбырлығына, хан-сұлтандардың дәрменсіз халіне ашынған батыр рубасыларының қалауымен қолына қару алып, қалыптасқан саяси жүйеге қарсы шықты.

Ұлт-азаттық қозғалысының шығу себебі және оның алғашқы кезеңі

Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді. Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.

  • Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.

  • Екіншіден, Орал қазақ әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.

  • Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.

Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды. Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды.

XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: «...Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады».

Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал қазақ әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар еді. Мәселен, атақты батырдың жақын серіктерінің бірі Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды. Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды.

1782 жылдың аяқ кезінде патша үкіметінің жарлығы шығып, онда қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мезгілінде жайылымдық жерлерді жалға алу арқылы ғана уақытша өтуіне рүқсат етілді. Орал казактары бұл жарлықты өз мүддесіне пайдалана қойды - қазақтардың жерін қазақтардың жалға алуына тыйым салынды. Орал шекара шебіндегі бекіністердің күзеті күшейтілді. Қазақтар аманат беруге тиісті болды.

1782-1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Жұт басталды. Дала тұрғындарының 10 000-нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Міне осындай қиын-қыстау жағдайда Кіші жүздің шекара шебіне таяу ауылдарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресіне ұласты.

1783 жылдың көктемінде қазақтар Орал шекара шебіне шабуыл жасай бастады. Қазақ жасағы Гирьял бекінісіндегі солдаттарды тұтқынға алып, малдарын айдап кетті. Орынбордың солтүстік-шығысында тама руының жасақтары шабуылдаумен болды. Орынбор коменданты қазақ даласына Орынбор қазақтарының жазалаушы әскерлері мен башқұрттардың 1500 сарбазын жіберді. Қазақ көтерілісшілері оларға табандылықпен қарсылық көрсетті. Қазақтардың тастан тұрғызған бекінісі дұшпанның баса-көктеп бірден лап қойған шабуылы кезінде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам қазыналық жұмыстарды атқаруға жіберілді.

1783 жылдың жазында казақтардың әскери бекіністер мен сауда керуендеріне шабуылы жиілей түсті. Мұның өзі орыс мемлекетінің Орта Азия хандықтарымен жасалатын сауда-саттық деңгейін құлдырата төмендетіп жіберді. Қарағай бекінісіне бірден лап қойған шабуыл жасалды. Көтерілісшілер Орынбор мен Елек қорғанысының екі арасын байланыстыратын даңғыл жолды өз бақылауларына алды. Көтерілісшілердің Ор (Жаманқала) қамалы мен Төменгі Орал аймағындағы қимылы ерекше белсенді болды.

1785 жылы қазақ жасақтары Төменгі Орал шекара шебінің аймағында патша үкіметінің әскерлерімен кескілескен шайқасқа түсті. Сырым Датұлы 2700 сарбазы бар жасаққа, старшын Барақ Жанұзақұлы 2000, Тіленші батыр 1500 сарбазы бар жасақтарға басшылық етті. Бұларға қарсы казактардың үш отряды жасақталды.

1785 жылы ру старшындарының Нұралы ханмен және оның төңірегіндегілермен арадағы күресі күшейе түсті. Ханның халық көтерілісін басып-жаншып тоқтатуға мұршасы келмеді. Ол - ол ма, көтерілісшілер халыққа жексұрын болған оны орнынан түсіруді талап етті. Қазақтардың да, отаршыл билеушілердін де көз алдында өзінің беделінен жұрдай болған Нұралы хан 1786 жылы Кіші жүзден біржолата қуылды. Ол ендігі жерде патша билігінің қамқорлығына алынды. Біраз уақыт Калмыков бекінісінде жасырын тұрды. Содан кейін 1790 жылы Уфаға жер аударылған Нұралы хан ақырында сонда қайтыс болды.

Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері

Қалыптасқан жағдайда патша үкіметінің алдында тұрған ендігі міндет Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа түрлерін ойлап табу еді.

1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О.Г. Игельстром келді. Ол аймақты басқару жөніндегі икемді саясат жүргізуге қабілетті адам ретінде белгілі болатын. Кіші жүз қазақтары арасындағы жағдайды тез түсініп үлгерді. Билікті билер кеңесіне беруді жақтаған Сырым батырдың ықпалын әлсіретуге тырысты.

1786 жылы О. Игельстром хан билігін реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәні хан билігін толығынан жою, Орынборда Шекаралық сотбилігін орнату еді. Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойынша — ӘлімұлыБайұлы және Жетіру етіп үшке бөлу ұсынылды. Оның әрқайсысында сот билігін жүзеге асыратын әкімшілік органдар - ру ақсақалдары кіруге тиісті «расправалар» құрылатын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден тағайндалатын екі орынбасары және бір молда енгізілетін болды. Олардың атқаратын жұмысы үшін қазына есебінен жалақы төлеу көзделді.II Екатерина Игельстромның бұл ұсынысын қолдады. Кіші жүз аумағында екі не үш қала, бірнеше мешіт, ақсүйектердің балалары оқитын мектептер салынатын болды. Бұл шаралардың бәрі де Кіші жүз қазақтарының Ресей империясынан іргесін аулақ салып, саяси оқшаулануын жоюға тиіс еді. Бірақ Игельстромның реформасы Кіші жүздегі сұлтандар мен старшындардың наразылығын туғызды. Өйткені олар қазақ даласындағы өз ықпалынан айырылғысы келмеді. Орта жүз бен Ұлы жүздегі Шыңғыс әулеттері де осылай деп ойлап, олармен ынтымақтастық танытты.Сондықтан да Игельстром ұсынған жаңа басқару органдары өмірге бейім болмай шықты. Әкімшілік орган — расправалар іс жүзіде бас қосып жиналған жоқ, ешқандай жұмыс та атқармады. Хандықты қолдаушы сұлтандар Батыр сұлтанның ұлы Қайыпты хан сайлады.

1786 жылы старшындардың съезі өтті. Онда тек қана Шекаралық сот құруға келісім берілді. Соттың құрамына алты ру старшыны сайланды. Жаңа әкімшілік орган құрамына сайланғандардың арасында ТіленшіЖәнібек және Тілеп сияқты беделі күшті қазақтар да болды. Мұның өзі лауазымды әкімшілік қызметінде қазақ ру старшындарының сұлтандарды ығыстырып, ауыстыра бастағанын көрсетті.Алайда мұндай сайлау Кіші жүздің үш-ақ руында болып өтті. Сөйтіп Шекаралық сот Кіші жүздің бүкіл руларымен жоғары дәрежелі билер тобы арқылы байланыс жасай алмады. Соның салдарынан Кіші жүздегі саяси жағдайға ықпал ету мүмкін болмай қалды. Сұлтандар қазақ даласында расправалар құруға үзілді-кесілді қарсы болды.Шекаралық соттың құрылуын пайдалана қойған старшындар жер туралы, Еділ мен Жайық арасында қысқы кездегі мал жайылымының көлемін ұлғайту туралы мәселе қоя бастады. Олар сонымен қатар бос жатқан жайылымдарды жалға беру тәртібін жоюды да ұсынды. Генерал-губернатор бос жатқан жайылымдарды жалға алып, оған ақы төлеу тәртібін ғана жойды. Ал жеке меншіктегі жерлерді жалға беру тәртібі сақталып қалды. Сонымен қатар Шекаралық шептің ішкі жағына өту үшін аманат тапсыру тәртібі орнатылды.

1786—1787 жылдардың қысында қазақтардың Еділ мен Жайық аралығына жаппай көшуі басталды. Старшындар өздерінің талаптарын күшейте түсті. Олар Кіші жүзден Ресейге кашып кеткен құлдарды қайтару мәселесін де қозғады.

Игельстром старшындардың талабын ішінара ғана қанағаттандырды. Бірақ қазақтардың шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауын токтатуды шарт етіп қойды. Қазақ старшындары бұған жауап ретінде шекара шебіндегі әкімшілік пен Орал қазақтарының тарапынан қазақтарға күш көрсетіп, озбырлық жасауын тоқтатуды талап етті. Жаңа әкімшілік орган - «расправалардың» құрылуы сұлтандарды Кіші жүз қазақтарын билеу жүйесінен шеттетуде елеулі рөл атқарды.

Бұл жағдай сұлтандардың патша үкіметіне қарсы наразылығын күшейтті. Өйткені олар өздерінің артықшылықтарынан айырыла бастаған болатын. Сөйтіп Кіші жүзде өкімет билігін жүзеге асыру мәселесі жөнінде сұлтандар мен старшындар арасындағы күрес одан әрі жалғаса түсті. Старшындар мен сұлтандардың қарама-қарсылығы басталды. Сырым батыр патша үкіметінің ықпалынан біржолата шығып кетуге бағытталған шаралар қабылдай бастады. Мұның өзі патша үкіметіне тіпті де ұнаған жоқ. Игельстромның реформасы іске аспай қалды.

Сырым Датұлы Хиуа хандығымен қазақтарға қару-жарақ, атты әскер, азық-түлікпен көмектесу, көтеріліс жеңіліп қалған жағдайда көшіп-қонып жүру үшін Хиуа хандығының бір шетінен мал жайылымын беру жөнінде келіссөздер жүргізді.

1789 жылы Игельстром Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа жобасын ұсынды. Онда патша үкіметінің қалауы ескерілді: хан билігін қайтадан қалпына келтіру және Кіші жүзді одан сайын бөлшектеп алты расправа құру көзделді. Хан басқаратын бас басқарма құрылды. Сырым батырға прокурор қызметі ұсынылды.Жаңа жоба бойынша патша үкіметі Кіші жүзде хан мен сұлтандардың құқығына шек қоюдан бас тартты. Бірақ бұл жоба да іске асқан жоқ. Енді патша үкіметі қазақтардың Еділ мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану құқықтарына шек қоюға тырысты. Мұның өзі бұл аймақтағы қарама-қарсылықты күшейте түсті. Қазақтар Орал шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауды жиілетіп жіберді.

1791 жылы Ералы сұлтан Кіші жүздің ханы болып сайланды. Ал ол қайтыс болғаннан кейін Нұралы ханның ұлы Есім сұлтан хан болды. 1792 жылы Сырым Датұлы құрамында 1000 сарбазымен Елек қорғанысына шабуыл жасады. Содан соң Красногорск бекінісін бірден лап қойған шабуыл арқылы алмақ болды. Бірақ мықтап нығайтылған бекіністер мен жақсы қаруланған қорғанысшылар көтерілісшілердің жоспарын жүзеге асыртпады. Қазақ жасақтары әсіресе 1796 жылы ерекше белсенділік танытты. Өйткені бұл жылғы қыста болған жұтта мал жаппай қырылып, халықтың жағдайы нашарлап кеткен еді.

Ұлт-азаттық қозғалысының ақырғы кезеңі, жеңілу себептері.

1797 жылдың көктемінде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есім ханды өлтіреді. Бұған жауап ретінде патша үкіметі қазақ даласына жазалаушы отрядтар жіберді. Бірақ олар көтерілісшілерді кездестіре алмады. Кіші жүзде хан тағына талас басталды. Игельстром Кіші жүзді басқаруды Хан кеңесіне тапсыруды ұсынды.Сөйтіп 1797 жылдың тамыз айынан бастап Хан кеңесі жұмыс істей бастады. Отаршыл өкімет билігі қартайып қаусап отырған Айшуақ сұлтанның кандидатурасын қолдады. Бірақ сұлтандардан ғана тұратын қазақ ақсүйектері дәстүрлі халық жиынын өткізбей-ақ Қаратай сұлтанды хан сайлауға асықты. Мұның өзі сұлтандардың Хан кеңесіне деген қарсылығын білдіруі еді. Өйткені Хан кеңесінде старшындардың ықпалы күшті болып шығатын еді.

Сырым Датүлы Хан кеңесінің құрамына сайланбай қалды да, Сырдария өзені бойына көшіп кетті. Онда ол Әлімұлы старшындарының қолдауына ие болды да, Хан кеңесінің алдына Кіші жүздегі жағдайды жақсарту жөнінде мәселе қойды. Сырым батыр ру аралық барымтаны және Орал қазақтарымен қақтығысты тоқтатуға күш салды.

1797 жылы Айшуақ сұлтан хан болып сайланды. Бұл кандидатураны сұлтандар да, ру старшындары да қолдады. Хан жасы жетіп қартайған адам еді. Ол қазақтардың арасында бәлендей рөл атқара алған жоқ. Кіші жүздегі сұлтандар мен ру старшындарының өзара татуласуы Сырым Датұлын өзінің төңірегіне ру старшындарын бұрынғысынша топтастыру, сұлтандарға және патша әкімшілігіне қарсы күресін жалғастыра беру мүмкіндігінен айырды. Сырым батыр Хиуа хандығына көшіп кетті. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Сырым Датұлы кейбір мәліметтерге қарағанда 1802 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқан көрінеді. . Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып,5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, біржағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді. Бұл астың өзіндік маңызды оқиға ретінде аталып өткендігін сол кезде Бұхарға сапар шегіп бара жатқан Ресей елшісі поручик Я.Гавердовский өз күнделігінде жазып қалдырған. Батыс Қазақстан облысында Сырым Датұлы атындағы аудан бар.

жеңілу себептері:

  • Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық

  • Руаралық қайшылықтар

  • Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы

  • Қару жарақтың аздығы

  • Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі

Изложение нового материала


V. Жаңа сабақты қорытындылау және бекіту.

( математикалық лото, тарихи даталар. )

  1. 1742 ж ? (Сырым Датұлыдүниеге келді)

  2. 1783 ж ? (Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басталды.)

  3. 1785 ж ? (Қазақ жасақтары Төменгі Орал шекара шебінің аймағында патша үкіметінің әскерлерімен кескілескен шайқасқа түсті.)

  4. 1786 ж ? (Нұралы хан Кіші жүзден біржолата қуылды.)

  5. 1784 ж ? (Орынбор губерниясының бастығы болып О.Г.Игельстром келді.)

  6. 1791 ж ? (Ералы сұлтан Кіші жүздің ханы болып сайланды.)

  7. 1797 ж ? (Айшуақ сұлтан хан болып сайланды.)

  8. 1802ж ? (Сырым дүниеден озды.)

(тақырыпты бекіту сұрақтары.)

1. Көтерілістің басты себебі неде ?

Патшалық Ресей Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберуі және нұралы ханның озбырлығы.)

2. Көтеріліс қалай басталды ?

(1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды.)

3. Барон О. Игельстромның қандай өзгерістер енгізбекші болды ?

(хан билігін толығынан жою, Орынборда Шекаралық сот билігін орнату . Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойынша — ӘлімұлыБайұлы және Жетіру етіп үшке бөлу ұсынды.)

4.Уфаға жер аударылған хан?

(Нұралы хан 1790 жылы ақырында сонда қайтыс болды.)

5.Көтерілістің жеңілу, себеп-салдарын түсіндір ?

(Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық, Руаралық қайшылықтар, Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы, Қару жарақтың аздығы, Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі)

Закрепление новой темы

VI. Баға қою Белсене қатысқан білім алушыларды бағалау.

Выставление оценок

Үй тапсырмасы: Дәріс оқу «1» 213-234 б. «2» 110-128 б

Домашнее задание


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2018
1319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі