400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кіші топ ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіші топқа ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Ғажайып саяхат»


Мақсаты: күзде ауа-райы құбылыстарындағы өзгерістерді ажырата білу қабілетін қалыптастыру. Жалпы сөйлеу дағдыларын дамыту. Балалардың жемістер мен көкөністер, үй және жабайы жануарлар туралы білімдерін жетілдіру. Түстерді, пішіндерді танып, ажыратып үйрену.

Тапсырмалар:

- әңгімеге қатысуға үйрету, тыңдаушылар үшін сұрақтарға жауап беру түсінікті;

- балалардың табиғаттағы өзгерістерді байқау қабілетін дамыту, логикалық ойлауды дамыту;

- табиғатқа деген қызығушылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Материал мен жабдықтар: атрибуттар мен декорациялар, суреттер, сюжеттік диаграммалар т.б қажетті құралдар


Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, балалар! Балалар ұйымдастырылған іс - әрекетімізді шаттық шеңбермен бастайық

Сәлем саған алтын күн

Сәлем саған жер ана

Сәлем менің достарым

Жарайсыңдар балалар


Тәрбиеші: Балалар айналамызға қарайықшы, ауа райы суытып, аспан бұлттанып, жиі жаңбыр жауып ағаштар түрлі түске боялды. Бұл қай мезгіл ? Балалар: Күз мезгілі

(есік соғады, кірпі кіреді)

Тәрбиеші: Балалар бізге қонақ келген сияқты қане қарсы алайықшы. Ой бұл кім? Кірпі қош келдіңіз

Кірпі: Сәлем балалар мен кірпімін рақмет танып жатсыңдар. Маған Күз сіздерге арнап сыйлық беріді. Бірақ ол сыйлықты алу сендер менің қызықты ойындарымды ойнап, шарттарын дұрыс орындау керексіңдер

Тәрбиеші: балалар ойнаймызба?

Балалар; Ия

Кірпі: Ал менің ойындар әлеміме немен барамыз?

Тәрбиеші: Жарайды, балалар қанекей кірпімен саяхатқа шығып, өзімізді көрсетейік. Саяхатқа шығу үшін бізге көлік керек, ал көліктер жер әуе су көліктері болып бөлінеді. Ал қане көрсетейік жеңіл көлік машина жүреді, қайық жүзеді, ұшақ ұшады

Біз қазір жеңіл машинаға мініп саяхатқа шығамыз.



Кірпі: кане балалар, машинаға отырамыз отырамыз. Дайындаламыз кеттік!

(Жеңіл авто көліктің дауысы)

Кірпі: міне балалар ойындар әлемінеде жеттік


Бірінші ойын

Д/о: «Пішіннің ұясын тап»

Мақсат: пішіндердің орнын табу, есте сақтау, қандай пішін, түсі қандай екенін айту.


Екінші ойын

Д/о: « Жануарлар»

Мақсат: жабайы және үй жануарларын айыру, қайда тұратынын тауып ілу


Кірпі: жарайсындар балалар, қандай ақылды едіңдер

Тәрбиеші; Балалар сіздер шаршап қалған шығарсыңдар қане бір сергіп алайық


Сергіту сәті

«Кел көкетай келеғой» жаттығу әуені


Кірпі: Балалар керемет билейді екенсіңдер. Ал енді менің соңғы ойыным қалды. Соныда жақсы ойнасаңдар мен сіздерге сыйлық беремін


Тәрбиеші: Қанеки балалар бұл ойынғада ат салысайық


Үшінші ойын

Д/о: «Жемістер мен көкөністер»

Мақсат: жемістер мен көкөністерді ажырату, қайда өсетінін тауып, тақтаға ілу


Кірпі: Рақмет, балалар сендер білімді екенсіңдер


Тәрбиеші: Кірпі – сіз біздің балаларға қызықты ойындар әкеліп, бізді бір қуантып тастадыңыз. Ал, біздің балалар сізгеде бір тосын сый дайындап қойды. Бырақ ол толық жасалған жоқ. Соны бітіруге көмектесесізбе?


Кірпі: Ол қандай тосын сый мен қуана – қуана келісемін.

Тәрбиеші: Олай болса – балалар, кірпі жүріңіздер. Қонағымызға сыйлық дайындайық



Қонаққа сыйлық

(Келген қонағымыз кірпіге сурет салып сыйлық жасау)


Қорытынды

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар! Бүгін не істедік? Бізге қонаққа кім келді? Қайда бардық? Қандай тапсырмалар орындадық?


Кірпі: Балалар жарайсыңдар, сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын. Менің сыйлықтарымды қабыл алыңыздар


Тәрбиеші: Барлығыңызға рақмет. Көріскенше, амансау болыңыздар































Бекітемін :

44 «Шаттық» бөбекжайы

жедел басқару құқығындағы МКҚК

директоры м.а._______Кошмурзаева А.А













Бақылау есеп беру іс әрекеті

«Ғажайып саяхат»










Орындаған: Суюнбаева Э.Е

Арманд Э.Ж.







Ақтау қаласы

2022 жыл




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.01.2023
693
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі