Кішкентай бағбан

Тақырып бойынша 23 материал табылды

Кішкентай бағбан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың әңгімеге деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация


Бөлімі: Көркем әдебиет


Тақырыбы: Кішкентай бағбан


Мақсаты: Балалардың әңгімеге деген қызығушылығын арттыру. Шығарманың кейіпкерлерімен таныстыру. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Әңгіме – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.


Міндеттері: Әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, теңеулерді қолдану, көңіл күймен мазмұндауға үйрету. Әңгіме кейіпкерлерімен таныстыру, сурет бойынша қоршаған орта мен табиғат туралы түсініктерін және ойлау қабілеттерін дамыту. Әңгімелеуде сюжеттік бірізділікті сақтап, мазмұндауға, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: балалардың жемістерді жинап жатқан сәті, екінші баланың ойын ойнап жатқан суреттері. Күзгі бақтың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс: қыбырлап, бағбан.


Полилингвальді компонент: бағбан – садовник – gardener; еңбек – труд – labour.


ҰОҚ барысы


1. Ұйымдастыру кезеңі


Шаттық шеңбері

Аспан түрді түндігін,


Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн болсын!


2. Негізгі кезең

  • Балалар, сендер жеміс жегенді ұнатасыңдар ма?

  • Қандай жемістерді білесіңдер?

  • Бүгін М. Төрежановтың «Кішкентай бағбан» әңгімесімен танысамыз.

Әдеби жанрдың бір түрі әңгіме екенін түсіндіру. Әңгіменің басқа жанрлардан ерекшелігі

қысқа оқиғаны баяндайды.

Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып береді.


Сөздік жұмыс:

Көп қимылдайтын адам ерінбей еңбек ететін адам.


Бағбан бау-бақшада жемістерді күтіп-баптайтын адам.


Полилингвальді компонент: бағбан – садовник – gardener; еңбек – труд – labour.


Сұрақ-жауап.

Садық бауда не істеді?

Садықты кім ойын ойнауға шақырды?

Қалел досына не көрсетті?

Садық неге бармады?


Күз мезгілінде не өсті?

Садық Қалелге әкесінің қандай сөзін айтты? (Балалармен бірге қайталау).

«Кішкентай бағбан» деп кімді айтамыз?

Садықтың жасаған еңбегін қалай бағалайсың?

Сен Қалелдің орнында болсаң, не істер едің?


Қайталайық: «Ойынға елікпей, көп ойнай бермей, еңбек ету керек. Жер ол адамның еңбегін өтейді. Кім еңбектенсе, сол адам еңбектің жемісін жейді».


Сергіту сәті

Алма баққа барамыз, (қол шапалақтау)

Алма теріп аламыз. (ағаштан алма теру қимылы)

Ең үлкенін алманың (екі қолымен алманың үлкендігін көрсету)

Анамызға сыйлаймыз. (бір-біріне сыйлау)


  • Әңгімені қайталап, есімізге түсірейік.

Әңгімені көмекші сұрақтар қоя отырып, 3-4 балаға айтқызып қайталату.


Дәптермен жұмыс:

  • Суретте қай мезгіл бейнеленген?


  • Балалар қайда жүр?

  • Әр балаға ат қойып, не істеп жатқанын әңгімеле.

  • Осы суреттер бойынша көгөністерді тауып ата.


Есіңе сақта:


«Еңбекпенен тапқаның, Шекер-балдан татқаның».


Д/ ойын: «Жеміс терейік».


Ойынның ережесі: интерактивті тақтадағы немесе муляж жемістер мен көгөністерден мәтінде барын және қайда өсетінін ажыратып айтады.


Ойынның шарты: балалар жемістерді атап береді. Мысалы, алма, алмұрт, өрік, жүзім, банан т.б.


Интерактивті тақтада бейнеленген жемістерден бала қаламды жылжытып, жемісті тостағаншаға салады. Муляж жемістерді себетке жинайды.


  1. Қорытынды бөлім. Рефлексия Педагог қорытынды жасайды.

- Сендерге сабақта не ұнады?


Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: әңгімелеу барысында кейіпкерлерді атайды;

Түсінеді: әңгіменің мазмұнын түсінеді;


Қолданады: әңгіменің мазмұнын сақтай отырып, айтып бере алады. Еңбек туралы сөзді есіне сақтайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
141
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі