Материалдар / "Кішкентай білгірлер -2017" 2-4 сынып

"Кішкентай білгірлер -2017" 2-4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2-4 сыныптарға арналған сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
5089
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Кішкентай білгірлер» ойын - байқауыМақсаты:1) оқушылардың білімдерін ойындар арқылы тексере отырып, толық жауап алуға, басқалармен санасып, ортақ шешімге келе білуге, өз беттерімен жаңаны қабылдауға үйрету;2) оқушыларды топпен жұмыс жасауға дағдыландыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, әсемдік талғампаздылығын, өз ойын анық жеткізу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;3) оқушыларды әдептілікке, бірлікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.Түрі: ойынБарысы1. Ұйымдастыру: сәлемдесу, сабақтың мақсатын ашу, шарттарымен таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау.2. Жарыс ұйымдастыру3. Жеңімпазды анықтап, құттықтау.Шын жүйрік шабысынан танылады,Қатты білім, терең ой саналады.Баға берер әділқазы ортамыздаСізге құрметпен қол соғылады.Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады.1 - кезең. « Қас-қағым сәтте». Ауызша сұрақтарға жауап беру.2 - кезең « Сандар сыры ».сандар мен ай аттары беріледі. Бір-біріне үйлестіріп мереке аттарын айту.3 - кезең. «Қызықты ұяшық». 12 ұяшықтан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру.4 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері мен ақын жазушылардың суреттері көрсетіледі атын және қай қалада орналасқанын тауып айту керек5 - кезең. «Ойлы болсаң, озып көр». сұрақтар қойылады.6 - кезең. « Жорға»Сәт – сапар тілеп бәріңе,Сайысты біздер басталық.Көрсетіңдер өнерді,Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.

І кезеңіміз «Қас-қағым сәтте» сұрақтар беріледі топтарға.4-сынып 1 - тобы:1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (бірдененің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем)3. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)4. Көкжиектің неше тұсы бар?(4)5. Ы. Алтынсарин кім?(қазақ мектебін ашқан)6.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кезде аталып өтеді?( 1 - желтоқсан)7. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім? (Ы.Алтынсарин)8. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынұлы)9. Өмірде болған адамның басынан өткен әңгімені не дейміз?10. Қ. Р – ң тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 - желтоқсан)3-сынып 2 - тобы:1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)4. А. Құнанбаев кім? (ақын)5. Кез - келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)6. Н. Ә. Назарбаев қашан, қай жерде дүниеге келді?( Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы 1940ж. 6 - шілде)7. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған?(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады)8. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім қай жылы ұшты?(1991ж. 2 - қазанда Т. Әубәкіров)9. Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? ( Парламент)10. Семей полигоны қай жылы жабылды? ( 1991ж. 29 - тамыз)2сынып 3 - тобы:1. Өлі табиғатқа не жатады?( тау, тас, бұлт(2. Көбейтудің қасиеттерін ата(терімділік, үлестірімдік, орын ауыстырымдылық)3. Жылқының сүті(қымыз)4. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)5. Үш биді ата(Төле, Әйтеке, Қазыбек)6. «Мүйізі айдай иілгенМұрынын көкке шүйірген» не? (сиыр)7. Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал (желбағар)8. «Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды» деген жолдарда жылдың қай мезгілі сипатталған? (Қыс)9. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі қалай аталады. (Диалог)10. Табиғаттағы өзгерістердің барлығы бір сөзбен қалай аталады (табиғат құбылыстары)ІІ – кезең «Сандар сыры»Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.11, 16, 1, 22, 12, 15, 9, 30,7,8,6III – кезең. « Қызықты ұяшықтар». Шарты: 12 ұяшықтан таңдап алғансұрақтарға жауап беру.Ғылым 10 20 30 40Тұлға 10 20 30 40Спорт 10 20 30 40“Ғылым”10. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика )20. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )30. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )“Тұлға”10. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР - ның Халық Қаһарманы (Т. О. Әубәкіров )20. Еліміздегі жетім балаларды қорғау үшін құрылған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті (С. А. Назарбаева)30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, (Қ. И. Сәтбаев )«Спорт»10. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )20. Азиада - 2011дің нышаны ретінде қандай жануардың бейнесі таңдалды? ( ілбіс)30. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион).Ұпай саны аз 1 оқушы ойыннан шығады. ІV - тур «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері мен ақын жазушылардың суреттері көрсетіледі атын және қай қалада орналасқанын тауып айту керек. 10ұпай.Біреу озса жарыста,Біреу артта қалады.Ренжімей тараса,Озбағандар жарады.Жарыс заңы ежелден –Жеңімпазды анықтауЖеңімпаз болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.Келесі кезекте ұпай сандары аз 1 оқушыны ойыннан шығарып саламыз.V – тур «Ұшқыр ой»Ойынның шарты: Логикалық сұрақтар беріледі, сұрақтарға тез, нақты жауап беру керек.
  • Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
  • Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
  • Үлкен ағасында 2кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті алғанда, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі? (5)
  • 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минутта, бәрін бірге саламыз).
  • Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесінжанып кетті).
  • Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
  • Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
  • Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
  • Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? ( үтір )
  • Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды. (2)
  • Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
  • Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?( 6 бала ).
  • Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қызғанышпен қарады. Әсет әлі неше минут Азатқа қызғанышпен қарайды? (14мин)
  • Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
  • Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (2)
  • Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)
  • 3 әкесі мен 6 ұлы 42 алма сатып алды. Әрқайсысына 6 алмадан тиді. Бұл қалай? (1ата, 2 әке, 4 бала)
  • Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадық, бірақ сенде ылғи 3 теңгелік, ал сатушыда 5 теңгелік. Тығырықтан шығар жол бар ма? (24 теңге төлейді)
  • Сымбаттың 2 қуыршағы, 3 алмасы, 1 шоколады, 2 апельсині, 5 шабдалысы, 1велосипеді бар. Сымбаттың қанша жемісі бар? (10)
  • Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады? (44)
  • Көгілдір түстес 3 тоты құс 3 кг жемді 3 күнде, жасыл түстес 5 тоты 5 кг жемді 5 күнде, ал сарғыш түстес 7 тоты 7 кг жемді 7 күнде жеп тауысады. Тотылардың ең қомағайы қайсысы? (көгілдір түстес)
  • Аспанда бірнеше құс ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше құс ұшып барады? (3)
  • Бір жанұяда екі әкесі, екі баласы бар. Барлығы нешеу? (үшеу: атасы, әкесі, баласы)
  • Бір жанұяда 5 ұл бар, олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (алты)
  • Үстел мен креслоның арақашықтығы – 3 метр. Егер үстелді де, креслоны да 2м оңға жылжытса, олардың арақашықтығы неше метр болады? (3 метр)
  • Тәулік қай кезде қысқарақ, қыста ма әлде жазда ма? (бірдей)
  • Егер 6 тонна алманы 3 кг-дық пакеттерге орау керек болса, қанша пакет қажет? (2000)
  • Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қоса есептегенде қанша болады? (20)
  • Үйректер ұшып келе жатыр: біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз-қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатқанын есептеңдер. (3)
  • Екі санның қосындысы сегізге тең, айырмасы екіге тең, көбейтіндісі он беске тең. Олар қандай сандар? (5 пен 3)
  • Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)
  • Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (6 балаға бір бауырсақтан бір бала бауырсақты тәрелкесімен алады)
  • Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең, 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады? (10+10+9=29, 10+5+10+5+9+5=44)
  • Үш дос қыз кездесті. Біреуі қара көйлек, екіншісі қызыл, ал үшіншісі ақ көйлек киген екен. Егер Сәуленің көйлегі қызыл да, қара да емес, Дананың көйлегі қызыл болса, онда Қатираның көйлегі қандай? 20 . Отбасында 7 қыз және әр қыздан бір –бірден бауыры бар .Отбасында барлығы неше бала?(8)
  • Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді ,аңшы оның 2 – ін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды?(2 – уі қалды,қалғандары ұшып кетті)
  • Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді.Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүреді?(14 км)
  • Үш түйе ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды ?(түйе құс ұшпайды )
  • Тек 6 цифрын 3 рет пайдаланып 30 санын өрнекте: (6 • 6 – 6) 
  • Қандай санның жазылуында қанша әріп бар болса сонша цифр бар ?( 10 және 100 )
  • Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз. (53)
VI - тур. «Жорға». Басталады жорға деген сайысым,Бұл сайыста озып шығар қайсысың?Ойынның шарты: екі ойыншымызға да 15 сұрақтан беріледі. 1минут ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.1 - Ойыншыға сұрақ.1. Сиырдың пірі( Зеңгі баба)2. Жылдан құр қалған жануар( түйе)3. Бір заттың өлшемін кішірейтетін не?( масштаб)4. ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)5. Басты байлық ( денсаулық)6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам( Президент)7. Қара алтын( мұнай)8. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән ( «Елім - ай»)9. 12 ай( жыл)10. « Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы( Ы. Алтынсарин)11. Алтын киімді адам қай жерден табылды? ( Есік обасынан 1969ж)12. Абайдың әжесі ( Зере)13. 2008 жылы жазғы олимпиада өткен қала( Қытай)14. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей, Жәнібек)15. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі( карта)2 - ойыншыға сұрақ.1. Түйенің пірі ( Ойсыл қара)2. Жыл басы ( тышқан)3. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты ( топырақ)4. ҚР – ң ұлтаралық тілі ( орыс тілі)5. Үкіметті кім басқарады? ( Премьер – министр)6. Ақ алтын ( мақта)7. Жеті күн( апта)8. Шоқанның әжесі ( Айғаным)9. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккеншың. ( Талғар шыңы)10. 30 - тамыз қандай мереке ( Конституция күні)11. Айтыскер адам ( ақын)12. 16 - желтоқсан қандай күн ( Тәуелсіздік күні)13. Баланы тәй – тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең ( тұсаукесер)14. Менің атым Қожа повесінің авторы ( Б. Соқпақбаев)15. Қазақстанның « Швейцариясы» аталатын қала ( Көкшетау)Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз оқушыны марапаттау.Мақтанамын кең - байтақ елім үшін,Құнарлы мол шырынды жерім үшін.Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,Тілеймін, о, туған жер, пейілім шың – деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңдер. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

















































Алма бағы жайнаған,Қызыл алма айналам.Алдым үзіп 5-еуінТағы да алдым 2-еуінАлдым сонда нешеуін (7)



Жаңа ғана шалғында,7 бұзау жүр еді,Әлде шаршап қалды ма?Жатып қапты біреуі.Нешеуі енді жайылып,Жүргенін айт айырып. (6)

Ауа температурасын немен өлшейді? (термометрмен)

Өсімдіктер қалай көбейеді? (тұқым, түйнек, тамырсабақ, мұртша)

Тырылдап көкте инелік,Инелік емес, үй делік ()

Жәндіктер мен жануарлардың белгілі бір кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласын қалай атайды? (дернәсіл)

Жемін түнде аулайтын құс? (Жапалақ)

Сөз нелерден құралады. (дыбыстардан)

Тасымалдауға болмайтын сөздер. (Бір буынды сөздер. Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары (Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)

а + 7 а- 3 а + 2 бұлар қандай өрнекАлма бағы жайнаған,Қызыл алма айналам.Алдым үзіп 5-еуінТағы да алдым 2-еуінТағы да алдым 3-еуінАлдым сонда нешеуінЖәндіктер мен жануарлардың белгілі бір кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласын қалай атайды?Жаңа ғана шалғында,7 бұзау жүр еді,Әлде шаршап қалды ма?Жатып қапты біреуі.Нешеуі енді жайылып,Жүргенін айт айырып. (6)



















Мақсаты:1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс Ойын барысы:І. Ұйымдастыру.Бәйгеге түсіп жарыспайЖүйріктің бағы жанар ма?Білім мен өнер жарысып,Тәрбие, тәлім табар мән.Бұл бәйге ойдың бәйгесіКім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.Ойынға 9 оқушы  қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.1.Ұшқыр ой2.Құпия сандық3.Ойлан тап4.Айшықты сөздер5.Білгенге маржан Ойын ережесімен таныстыру.Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін.Болашақтағы  ұстанымын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін.Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.І -айналым «Ұшқыр ой»Әр оқушыға  ғылым салалары бойынша  сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр оқушы ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді және әр жауапқа  2 ұпайдан алады. ІІ айналым «Құпия сандық»Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр оқушыға кезекпен жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі.Осы айналымнан кейін 3 оқушымен қоштасамыз 1-о: Қолы менен қаламы жоқ,        Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз) 2-о: Қоймасын қыс ақтарып,Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег) 3-о: Бірін-бірі қоштаған,Бір үйден көрдім,Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква) 4-о: Жұқа тақтай бөлшегі,Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка) 5-о: Қалқиып екі құлағы,Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц) 6-о: Жолбарыстан аумайды,Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка) 7-о: Жеп көріп ем өзім мен,Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук) 8-о: Бұлаңдаған құйрығы,Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса) 9-о: Әттең, даусым, тілім жоқ,       Құшағымда білім көп. (кітап – книга) 1-о:Суға батпайды, отқа жанбайды,      Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан.     (мұз-лед) 2-о: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.             (күн-солнце) 3-о: Тігіп алып көк шатыр,      Қызыл күрең доп жатыр.                    (қызылша-свекла) 
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ