«Кішкентай ханшайым -
2019»
Сайыс
мақсаты:Балаларға мейрам туралы түсінік
беру.
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай
білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола
білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты
қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді
қалыптастыру»
Жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де
аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!
Барша қонақтарға 8 - наурыз мерекесі құтты
болсын!
Бүгінгі айтылатын ақ
тілек, жылы сөз, әдемі би, шырқалатын ән сіздерге
арналады.
Құрметті қонақтар бүгін сіздер біздің қыздарымызды, асыға
күткен «Кішкентай ханшайым» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар!
Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу маржан
шашылсын!
Балалардың аналарына
арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
«Кішкентай ханшайым» сайысын
бастайық.
Арулар асыл жандар,
Шуақ боп шашылғандар - дей отырып, ақ маңдай, ашық жүзді, ботакөз
қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз»
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылырдың біз сайлайық
Ақ аруды таңдап бүгін алуға - деп, бүгінгі сайысымызға баға берер
қазылар алқасын сайлайық.
Бүгінгі бүлдіршін аруларымыз мына бөлім бойынша сынға
түседі:
1 -
бөлім: «Өзін-өзі таныстыру»-
деп аталады.
Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады.
Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы
сынға түседі.
2 - бөлім: «Өз өнері»деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін
көрсетеді.(Ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б өнерлерін
көрсетуге болады)
3 - бөлім: Сұрақ - жауап
4 – бөлім: Сән үлгісі
БИ
Буратино
Ал кімнің өнері бар
қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі мерекелік сайыста
Өнерін көрсетіп жан
салыпты.
1 – бөлім: Өзін – өзі
таныстыру.
2 - бөлім: Өз өнерін
көрсету
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер
мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
3 - бөлім: «Сұрақ -
жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға
жауап берейік.
4 - бөлім «Сән
үлгісі»
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз сән үлгісін
көрсету.
Ән: «Ақ
мамам»
Жүргізуші
Аналардың
жанарында
Тұратындай таң
күліп
Барлық бала өз
анасын
Сүйіп өтер
мәңгілік
Ендеше осындай балаларды
дүниеге әкеліп ,жарық күн сыйлаған аналарызға бас иеміз.Осымен
аналар мерекесіне арнналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Сау
саламатта болыңыздар.Аналарымыз аман
болсын
«Кішкентай
ханшайым»
Мектепалды даярлық
тобы