Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап - асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашылар мен тәрбие сағатына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітап асыл қазына

Мақсаты:оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру; зейінін шоғырландыру,шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту,кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру,оқулықты құрметтей білуге,ұқыптылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Барысы.

Жұмбақ шешу.

Көп әңгімем,өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де оны жақсы көремін .

(Кітап)

Кітап туралы өлеңдер

1.Сауатымды ашатын

Кітап – білім бұлағы.

Нұрын бізге шашатын

Ол – өмірдің шырағы.

2.Бөбектерім,оқы,ойна,

Оқу – білім саған пайда.

Кітабыңнын шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

3.Әліппеде тізілген

Қырық екі әріп бар.

Тізілген сол ізімен

Өз кезінде танып қал.

4.Әлліппені біткенде

Кітапқа басқа көшесің.

Тез оқуға жеткенде

Білімді болып өсесің.

5.Кел,балалар,келіңдер,

«Оқулықты»көріңдер.

Қане қарап шығыңдар,

Сурет сырын ұғыңдар.

Білім бар да,оқу бар,

Оқығанды тоқыңдар.

Мағынаны тану:Қазақстан азаматтары білімді,мәдениетті,өнерлі болуы керек.Терең білім,ғылым жаңалықтарын,өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап қағазы ағаштан жасалады. Ағаш – табиғат байлығы.Кітап жасау үшін көптеген маман иелері тынымсыз еңбек етеді.Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық балаларының оқып білім алуына,оларды оқулықтармен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлуде.

Біздің елімізде бірде – бір бала мектептен тыс қалмайды.Жалпығы бірдей білім беру туралы «Білім туралы заң» қабылданды.

Оқулықты бүктеп,жыртып бүлдіруге болмайды.Әр кітап-Отан байлығы,аға-апаларымыз бен әже-аталарымыздың маңдай тері.Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.Ол елді,жерді сүюге,талапты,кішіпейіл болуға, мейірімділікке,төзімділікке баулиды.Одан ақыл- кеңес,тәлім-тәрбие, үлгі – өнеге аламыз. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.

Даналық сөз

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Абай.

Кітап маған тақтан да қымбат.

У.Шекспир



Есіңе сақта!

1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалр оқитынын есіңнен шығарма.

2.Кітапты төсекте жатып,ас ішікте жатып,ас ішіп отырып оқыма,кітап оқу ой еңбегін қажет етеді.Кітапты қалай болса солай оқыма.

3.Кітапты сызуға,жыртуға болмайды.

4.Кітапханада шулауға болмайды,өйткені басқаларға кедергі келтіресін.







































Аққайың орта мектебі









Тәрбие сағаты





Тақырыбы: Кітап асыл қазына

8- сынып









Өткізген: Көбесінова Гүлім Алдабергенқызы















2016 оқу жылы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
611
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12