Тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы»
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам
ӛміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жӛнінде түсіндіру.
Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға
тәрбиелеу.
Кӛрнекілігі: Нақыл сӛздер. Кітап кӛрмесі.Слайдтар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жұмбақ шешу.
а) Теңізде түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең (Білім)
ә) Кӛп әңгіме - ӛлеңім,
Күнде ақыл беремін. (Кітап)
б) Үндемес серік, ақылы берік. (Кітап)
Кітапта алма ағашы
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай
әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім кӛзі,рухани қазына.Біз кітап
арқылы бастауыш мектептің ӛзінде-ақ бүкіл адамзат ӛмірімен
танысамыз.Кітап білімізді молайтады, кітаптан кӛп ӛнеге мен тәрбие
аламыз.Оқығаның, тоқығаның кӛп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал
жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»деп бекер
айтпаса керек.Бүгін 2 «б» сынып оқушылары дайындаған «Кітап –білім
бұлағы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
- Балалар, бүгін біз кітап, білім туралы кӛптеген мағлұмат аламыз. Қазақстан
азаматтары білімді, мәдениетті, ӛнерлі болуы керек. Терең білім, ғылым
жаңалықтарын, ӛткен тарихымызды, ӛнеркәсібімізді білу үшін кітапты кӛп
оқу керек. Кітап қағаз – ағаштан жасалады. Ағаш – табиғат байлығы. Кітап
жасау үшін кӛптеген мамандық иелері еңбек етеді.
Слайд
1.Нұрдаулет
2.Исатай
Біздің елімізде бірде - бір бала

мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы мемлекеттік
маңызы бар «Білім туралы» заң қабылданған.
3.Айгерім
Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап
болатын, әріп теретін машиналар ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап болып
шығару ісі жолға қойылған.
4.Баймақан
. Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге кӛп кӛңіл бӛлінеді. Оған қыруар
қаржы жұмсалады. Қазіргі кезде барлық мектеп оқушыларына оқулықтар
тегін берілуде.
5.Нұрасыл. Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Ӛйткені, әр кітап
– Отан байлығы, аға - апаларымыз бен әже - аталарымыздың маңдай тері.
6.Рамазан
Слайд
4- Ал, балалар қандай кітап түрлерін білесіңдер?
Кітап түрлерімен таныстыру. Қызыл кітап. Қазақстандағы азайып бара жатқан
жануарлар мен ӛсімдіктерді жазады, қазақ ертегі кітабы, арнайы оқулықтар, ұлы
ғұламалардың ӛмір баяны туралы т.б түрлері ӛте кӛп.
Кітап арабтың “жазу” деген сӛзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы
болып табылады.”Оқымасаң ой тоқырайды”деген сӛз кітап оқымағанның ойы таяз,
санасы тӛмен, ӛмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.
Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы
еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа
үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас
сияқты болған.Бамбук ӛсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі
Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп
аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың
негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған
жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
Нұрайлым
Балалар, бұл жол басы даналыққа
Келіңдер, түсіп байқап қаралық та,
Бұл жолмен бара жатқан ӛзіңдей кӛп
Соларды кӛре тұра қалалық па.
Даналық - ӛшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та.
1.Абинұр

Саған білім жемісін
Оқулығын береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін тӛгеді.
2.Нұрсауле
. Орманшының аялы
Алақаны ӛсірген
Сансыз ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген
3.Бейбіт
. Ағаш кесіп қанша адам
Ормандарда жүреді
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі
4.Ерасыл
Машинист боп жасынан
Дүбірлетіп даланы
Сол ағашты тасыған
Білер ме кӛп ағаны
4.Бақарыс
Заводтарда күн - түні
Қағаз жасап бағалы
Қанша адамның кім үшін
Маңдай тері тамады.
5.Алдияр
. Оқулықты баршаға
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама
Жазады ұзақ толғанып
6.Гүлсезім
. Әдемілеп берсем деп
Бояу жағып не түрлі
Суретшілер кӛркемдеп
Қанша уақыт отырды.
7.Бақдаулет

Әріп теру үшін де
Талай адам терледі
Баспахана ішінде
Талай тыным кӛрмеді.
8.Бекарыс
Оқулықты мектебің
Берер саған теп тегін
Білмейсің - ау сен бірақ
Қанша еңбек кеткенін
9.Ердаулет
. Оқулығың – құралың
Жағар білім шырағын
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір адым.
10.Еркеназ
Оқулықты құрметте
Күтіп ұста, кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке
Слайд.
6.Оқушы мен кітаптың тілдесуі.
1,Әділет
Ақыл –ойдың иесі,
(оқушы) Бар ғылымның жүйесі
Қуанышы кӛңілдің
Баспалдағы ӛмірдің
Жан азығы серігім
Ардақтамас сен кім?
Нұрайлым (кітап):
Күнде ӛсіп кӛлемім
Кӛріктеніп келемін
Кӛптің тауып керегін
Кезінде айтып беремін
Бірақ білмес нарқымды
Байқап жүрмін әркімді
Оқушы: Әділет
Әсерлемей, асырмай

Айтшы бәрін жасырмай
Жан азығым серігім
Ренжіткен сені кім?
Кітап: Нұрайлым
Кейбіреулер ерігіп
Бос журуден зерігін
Бетімді тек ашады
Әңгімеге басады.
Жолдарымды сызады
Шырқымды да бұзады
Онымен іс бітпейді.
- Міне, балалар кітапты қалай күтіп ұстауымыз керек екен?
(Оқушылардың ойларын білу)
Таза, ұқыпты, жыртпай, сызбай, кірлетпей, күтіп ұстау керек
Мұғалім:Балалар,кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын,жазушылардың қандай
нақыл сӛздерін білесіңдер?
II. Даналардың білім туралы ойларынан
1.Нұрай. Білімді болу деген сӛз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу
деген. (Әл - Фараби)
2.Бақарыс. Адамның ұқпағаны – бойына жұқпағаны. (И. Гете)
3.Айгерім. Білім мен даналық - адам кӛркі. (Ә. Науаи)
4.Бекарыс. Білмеген масқара емес, білгісі келмеген ұяттырақ. (Сократ)
5.Нұрасыл. Білім мақсат емес, білім – қару. (Л. Толстой)
6. Бекарыс. Білім жолы – даналық жол. (А. Байтұрсынов)
6.Айзере. Білім – дүниенің кілті. (Абай)
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.
Мұғалім:Балалар білім туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
III. Оқу, білім туралы мақал - мәтелдер.
1Қаржау.. Оқу – білім бұлағы, 2.Бақарыс. Оқу - білім азығы
Білім - ӛмір шырағы. Білім – ырыс қазығы.
3.Исатай. Ақыл – тозбайтын тон. 4.Нұрасыл. Қына тасқа бітеді
Білім - таусылмайтын кен. Білім басқа бітеді.
4.Бақдаулет. Білімдінің күні жарық 6.Еркеназ. Кітап жанашыр адал досың
Білімсіздің күні кәріп

5.Көрініс «Кітаптар мұңы»
- Ей, бауырым тұрсаңшы!
(Ата тілі) - Біз қайда келдік ӛзі?
(Қазақ тілі) – Ой, мазамды алмашы.
(Математика) - Ӛйткен тірлігі бар болсын. Оданда парақтарымның жыртылып
желге ұшып кеткені дұрыс еді ғой?
- Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің осындай күйге түскен.
- Ой, сен кімсің, сыртың бүп-бүтін ғой ӛзіңнің.
- Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ата тілімін ғой. Мені
басып шығару үшін қаншама адам еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам
болсын деген ниет қой бәрімізде. Мен де ӛзімнің білімімді беруге тырыстым ғой.
- Бәрімізде сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім.
- Мен ше, мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып
алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, апасы да, ағасы да қой демеді ғой, шіркін!
- Е онда мұңдас болдық қой, достым. Мені де Артықбай кӛзімді бақырайтып қойып,
суретімді, бетімді, сызып шимайлайды ғой.
- Әр оқушы ӛз кітапбына ұқыпты болса ғой әттең. әрине әдепті балалар кӛп.
Мысалы менің бір досым бар. Ол екеуміз бір парталас болдық. Оқушы деп соның
иесін айт! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды.
- Иә, енді алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін, осы екеуміздің мұңымызды
естіген балалар болашақта кітаптарын таза, жыртпай ұстайтын шығар деп
үміттенемін.
- Иә, достар кітап, қадірін білетін жақсы балалар кӛбейе берсе екен
7.Нұрдаулет. «Білім керек бәріне» Тоқтар аға ұқсап сен
Әкең кітап әкелсе Ұшуды да ойлайсың
Сұрайсың да, қалайсың. Кӛк ала аспан кеңісін
Суретіне зер салып, Білу керек әуелі
Қайта - қайта қарайсың Балдырғандар ол үшін
Сол кітаптың мәнісін Білім керек әуелі.
Білу керек мәуелі
Балдырғандар ол үшін
Білім керек әуелі.
Айтып айтпай не керек
Сүйсең туған еліңді
Еңбек етем елге деп,
Қуандырсаң атаңды,
Әр нәрсенің мәнісін
Білу керек мәуелі,
Балдырғандар ол үшін

Білім керек әуелі.
Мұғалім:Балалар кітап оқуда қандай ережелерді сақтауымыз керек
Есіңе сақта!
1.Бақдаулет.
Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар
оқитынын есіңнен шығарма!
2.Нұрай.
Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма.
3.Бақарыс.
Кітапты қалай болса солай оқыма.
4.Бекарыс.
Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5.Нұрсауле.
Кітапханада шулауға болмайды,өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6.Нұрдаулет.
Кітап бетіне сурет салма.
Қорытындылау:
Иә, кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің
қайнар бұлағы, оның ӛзекті саласының бірі. Рухани мӛлдірліктің, биік парасаттың,
асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз ӛткенге кӛз
жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз.
Балалар, бүгін сендер «Кітап – білім бұлағы» атты тәрбие сағатымызда кітап
жайлы кӛп естіп білдіңдер. Енді соңында Ӛтебай Тұрманжанов ағаларыңның
кеңесімен аяқтағым келіп тұр. Кітапты шала – шарпы оқу зиян. Шала оқысаң,
оқуың бойыңа жұқпайды. Ылғи шала – пұла, тез оқуға әдеттеніп алсаң, кітап оқуға
кеткен еңбегің еш болады. Сондықтан сендерге айтарым: кітапты шала
оқымаңдар. Бастаған кітабыңды аяғына дейін оқитын бол. Сонда кітапқа деген
қызығушылығың арта түседі. Ылғи бір мезгілде оқып үйрен.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Кітап - білім бұлағы"

шағым қалдыра аласыз