жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кітап - біздің рухани байлығымыз
«Кітап – сарқылмас рухани қазына»
Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабының әлбетін, -деп Мұзафар атамыз жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектеппен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптын алатын орыны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған тоқығанын көп болса, женбейтін жау, алынбайтын қалам жоқ. « Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар», - деген халық данылығы бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің сарқылмас рухани қазына. Мен адамның досымын, Менің атым кітап, Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағашты қағаз қылып шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, сурет салады. Баспахана суреттері мен жазуларды басып кітап етіп шығарады.
Кітап заманымыздың өмірі, ол кәріге де жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сендердің дүниетанымдарынды кеңейтіп, рухани жан дүниелеріңізді оятып, ертегі әңгімелері мен сырт шерткен, кітап сенің ақылшын.
Адамның досы кітап, өмір кілті;
Тең келмес оған жиған мүлік.
Ақылшы, жанға серік, жол бастауыш,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеде.
Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын ашып терең.
Ән: Кітап білім бұлағы.
Біздің елімізде бірде-бір бала мектептен тыс қалмайды. Жалпыға бірдей білім беру туралы. Мемлекеттік маңызы бар. «Білім туралы заң» қабылданған.
Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап басатын әріп теретін басып шығару ісі механикаландырылған.
Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді. Оған қыруар қаржы жұмсалады.
Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені әр кітап – Отан байлығы, аға-апаларымыздың мандай тері.
Кітап – адам өмірінде асыл маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап – жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.
Беттерін шаң басқан бір топ кітаптар бөлменің бұрышында жатыр. Көзін сығырайтып ашып бір кітап жан-жағына қарады. Аздап керіліп, жанындағы кітапқа:
- Ей, тұрсаңшы! Біз қайда келдік? Тірімісің өзің.
- Ой, мазамды алмашы, өйткені тірлігі құрысын! Бұдан да парақтарымнын жыртылып, желге ұшып кеткенім жақсы еді ғой.
- Не болды соншама? Жалғыз сен деймісің? Сосын келесі жағына бұрылып
- Сен кімсің, сыртын бүп-бүтін ғой өзіңнің?
- Сыртымды қайтесін? Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін. Ана-тілімін. Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрінікі. Мен де өзімнің бімімізді беруге тырыстым. Бәріміз де сондай ниетте едік. Адырбай деген баланын қолына түстім. Бір жыл болмай осындай күйге түстім. Мен Сотқарбай деген баланын кітабымын, ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда қой демеді ғой үлкен ағасы. Онда мұндас болдық қой, достым. Біздің Артықпай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлайды. Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдетте балалар көп. Мысалы, менін бір досым бар. Ол екеуіміз парталас болдық. Сонын иесін айт, оқушы деп! Бүлдірмен түгілі, шаң мен кір жуытпайды. Ендігі алдағы күніміз не болады екен? Мүмкін бәрімізді жинап, отқа жағар?! Кітап шығару үшін көп қаржы керек. Жанашыр балалар бізді түптеп, қажетке жаратар. Бәріміздін де арманымыз сол. Білімге қызығатын ұқыпты балалардын қолына түссек екен. Иә, достар, кітап қадірін білетңн жақсы балалар көбейе берсін!
Міне балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі.
Кітапты ұстау ережесі:
1. Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым-білімнің көзі; өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінін ең мықты қаруы болатын ақылшы екенін түсіну керек.
2. Кітапты қалай болса солай оқымай, оларды белгілі мақсат пен жоспар бойынша оқуға дағдылан.
3. Кітапты күнделікті үзбей оқып дағдыға айналдыр. Ол үшін күніне кітап оқуға үш-төрт сағат бөлуді жоспарла.
4. Барлық кітапты үнемі бірдей тәсілмен, бірыңғай жолмен оқуға болмайды.
5. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
6. Кітапты оқығанда ойға сақтауға, керектерін жатқа айтып білуге, деректі сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдеттен.
7. Кітапты көп оқысан, сөз байлығын молайып, сөздерін мәнді де өткір, ойлау қабілетін терең болады.
8. Кітаптағы түсініксіз жерлерді қайта-қайта бірнеше рет ойланып, талдау жасап оқып, онын қиындығын женетін бол.
Хаттама
«30» 09. 2020ж
Қатысқандар саны: ВТ-18 – 17, 136 - 25
Күн тәртібінде:
Күн тәртібіндегі мәселе «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты сынып сағатын өткізу.
Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабының әлбетін, -деп Мұзафар атамыз жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектеппен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптын алатын орыны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған тоқығанын көп болса, женбейтін жау, алынбайтын қалам жоқ. « Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар», - деген халық данылығы бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің сарқылмас рухани қазына. Мен адамның досымын, Менің атым кітап, Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағашты қағаз қылып шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, сурет салады. Баспахана суреттері мен жазуларды басып кітап етіп шығарады.
Шығып сөйлегендер:
Асқаров М – Кітап шығару үшін көп қаржы керек. Жанашыр балалар бізді түптеп, қажетке жаратар. Бәріміздін де арманымыз сол. Білімге қызығатын ұқыпты балалардын қолына түссек екен. Иә, достар, кітап қадірін білетңн жақсы балалар көбейе берсін!
Қаулы:
Біздің Қазақстанда Ұлттық Мемлекеттік кітапхана, яғни бас кітапхана жұмыс істейді. Ал өзіміздін аймағымызда облыс орталығы Өскемен қаласында А.С.Пушкин атындағы кітапхана жұмыс істейді. Ал Семей қаласында «Абай атындағы кітапхана» жұмыс істейді. Кезінде Абай сол кітапханада кітаптар алып оқып, орыс ғалымы саяхатшысы, Достаевскимен танысқан. Өзіміздін Зайсанда кітапхана бар. Әрбір мектепте балалар кітапханасынын оқушыларға білім негіздерін сапалы меңгертуде, жан-жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстыруда атқаратын манызы зор.
Төрайым: Агиева Г.
Хатшы: Тұрарбек Ә
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген