400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кітап - досым, ақылшым"

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітап –досым, ақылшым

Сабақың мақсаты: оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетіндіген ұғындыру,кітап оқуға құмарлығын арттыру, олардың сөздік қорын, ой өрісі дамуын, рухани байлығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: кітап, білім жайлы нақыл сөздер, слайд , кітап көрмсі, Ы.Алтынсарин портреті т.б

Психологиялық дайындық.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегеннің алдынан,

Іздемей-ақ табылар!

Ы. Алтынсарин

Ойнайық та, ойлайық!

Көп әңгімеме, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен оны жақсы көремін.

(кітап)

Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)



Қабат-қабат қаттама,

Қаптамадан аттама.

Ақылын оның ала бер,

Айтқан сөзін жатта да (кітап)

  1. Оқушы: Кітап –заманымыздың өмірі, ол кәріге же жасқа да қажет. Кітап біздің дүниетанымымыздың кеңейтіп, ішкі жан дүниемізді байытуға көмектеседі.

Кітап -қарым -қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы»деп бекер айтылмаған екен.

Кітап-адам баласының ақыл ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал.

Кітап оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы -құрдастарымен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын құрал –кітап.

Біз білеміз бе?

Кітап деген не?

Қағаз қайдан алынды?

Кітапты баспадан шығару үшін ең алдымен не керек?

2.Оқушы: Кітап –арабтың «жазу» деген сөз. Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылары мен монахтар білген. Дүние жүзінде тұңғыш кітаптар – еврей елінде «таурат»қытай тілінде «кунфуция», араб тілінде «құран», парсы тілінде «авеста», грек тілінде «інжу » болған.

Кітаптың даму тарихы жазу өнерінің шығуымен және қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты.

Адамдар қағазды пайдалануды II ғасырда үйренді. Қағаз қытайда ойлап табылды да, қытайлар оны жасау әдісін ұзақ уақыт құпия сақтады. Ал Сириялықтар Иогани Гутенбург болды. Ол 1944 жылы алғаш кітап басып шығарды.

Қазақ жерінде кітаптың шығуы Қазақстанның Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде ХI ғасырда Ж. Баласағұнның «Құтты білігі», М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат -түрік»тағы басқа кітаптары болды. 1800 жылы тұңғышқазақша кітаптар шығарыла бастады. Ал төңкерістен кейін өз елімізде шыға бастады.

Нақыл сөздердің жалғасын тап



  1. Өмірде кітап сияқты,... оны оқи білу керек.

  2. Кітапсыз үй- ... жансыз дене

  3. Кітап білім бұлағы, ... білім – өмір шырағы.

  4. Көп жасағаннан емес... көп оқығаннан сұра.

  5. Кітап... өмір ұстазы

  6. Кітап арзан,... іші толған маржан

  7. Кітап –ғалым, ... тілсіз мұғалім

  8. Кітап –оқығандікі... білім тоқығандікі





Оқулықтар туралы қандай өлең жолдарын білеміз?

  1. Оқушы:

Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жатып ап

Көтеріп кейде көңілдің.

Айдын шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір

Татпасаң нәрін шөлдерсің

Кітаптарды баршаға,

Талай ғалым қолға алып

Жылдар бойы қаншама

Жазады ұзақ толғанып.

Әдемілеп берсем деп

Бояу жағын нетүрлі

Суретшілер көркемдеп

Қанша уақыт отырды. (Мектептегі кітапхана№5, 2011 ж ,12 бет)

  1. Оқушы:

Адамзаттың жарқын шырағы,

Бізге әкелген бабалардың мұраты.

Ұрпақтарға темірқазық бола бер,

Болашақта «Кітап –білім бұлағы».

О, кітап бас иемін мәртебеңе,

Игілік –қазынасың бар адамға.

Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,

Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

3.оқушы:

Кітап сенің құралың

Жағар білім шырағың

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

Кітап та алма ағашы

Жемісін бізге беретін

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін



Топтастыру әдісі



Сырлас рухани қазына байлық



КІТАП



Ғылым дос ой қазынасы



Қорытынды: (Ө. Тұражанов «Кітап»)

«Мені халық сүйеді, құрметтейді. Менде адамды жақсы көремін. Мен адамға бақытты өмір сүруді үйретемін. Балаларды, білімді, өнерлі болуға баулимын. Ойланыңдаршы, балалар!Мен сонда кіммін? Мен адамның досымын.Мен адамның досымын.Менің атым –кітап. Мен сенің қолыңда тұрмын. Мені жыртпай, күтіп, таза ұста! Мен сенің сенімді досыңмын.»Қазір ХХI ғасыр техниканың дамыған заманы болса да бір де бір компьтер кітапты алмастыра алмайды. Кітап адамның ойын дамытып, бейнелі ойлауға дағдыландырады. Бұл ғылыми түрде дәлелденген.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл, терең білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге, - деген Абай атамыздың сөзімен бүгінгі тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1065
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі