"Кітап – рухани
қазына"
сынып сағаты
Мақсаты:
Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу;
Оқушының біліктілік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру;
Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі (Кітапхана)
ҚР Мемдлекеттік Әнұраны орындалады.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі “Кітап – рухани қазына” атты тәрбие сағатын Ахмет Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағалы тұрмын.
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, оқып байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
Ән: «Кітап әлемі» Алиназар мен Тахминаның орындауында
-
Кітап қалай жасалады?
1 – оқушы: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. - Бобонозор
2 – оқушы: Тұңғыш қазақша кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады. - Имамали
Кітап: -Дидар. Ой, бәрекелді! Өздерің менің тарихымды біледі екенсіңдер. Мен адамның досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған автор жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп, ауыл – ауылға, қаладан – қалаға , кітапханаға таратады. Міне, мен енді сенің қасыңда тұрмын. Мені күт, жыртпай ұста. Мен сенің досыңмын!
Жүргізуші: - Ал, балалар қандай кітап түрлерін білесіңдер?
Кітап түрлерімен таныстыру.
- Қызыл кітап Қазақстандағы азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді жазады
-
қазақ ертегі кітабы
-
арнайы оқулықтар
-
ұлы ғұламалардың өмір баяны туралы т. б түрлері өте көп.
- Кітап арабтың “жазу” деген сөзінен шыққан. Ол тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасаң ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен, өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.
- Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған.. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп, кейін күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. -
Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.
-
Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.
-
Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған.
-
Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.
-
Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
Жүргізуші: Кітап жайлы дана сөздерді тыңдайық.
Кітап оқу маңызды емес, оқыған нәрсенді түсіну маңызды!
Кітап – үнсіз мұғалім.
Алтын – жерде, білім – кітапта.
Кітап – өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам.
Бір оқулық – мың адамды оқытады.
Айтылған сөз – бір күн, жазылған сөз – бір ғасыр өмір сүреді.
Теңіздің түбінен гауһар табылады, кітаптің түбінен білім алынады.
Нан денені, кітап миды тамақтандырады.
Кітаптың ішінен әріпті емес, ойды ізде.
Кітап – керемет зат, егер оны дұрыс пайдалансан.
Баланы оқуға үйрете отырып, сіз оның өмірін жарқын және қызықты етесіз.
Кітаптар болмаған үй, жаны жоқ адам сияқты.
Көп оқитын – көп біледі.
Кітап су тәріздес, кез-келген жерден жол табады.
. Кітапты досыңды сияқты таңда.
Кім жазғанын қарама, не жазылғанын қара.
Оқушы:Азамат
Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап,
Көтеріп күйін көңілдің.
Мұғалім: Қазақ даласында мектеп салған, қазақ балаларына арнап “Әліппе” жазған кім еді?
Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин атамыз.
Мұғалім: Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім айтады?
Оқушы: Айсезім - “Кел, балалар, оқылық”
Оқу құралдарының да
айтысы,
Барлығы да келеді ғой
айтқысы.
Бір күні жағдай болыпты
мынадай,
Көрейік айтысқалы келген қайсысы?!
- Дидар
Ақылы көп, білгені мол
қалыңдау,
Ол ендігі бізге мәлім
болды-ау,
Ол, әрине, досымыз біздің кітап
қой,
Кітабымыз айтысқа келді жақындау.
- Әли
Алғашқы боп кітап айтыс
бастады,
«Мен сүймеймін ерінетін
жастарды,
Мен жоқ боолсам бәріңе білім кім
берер?»-
Деп, кітап, айтып-айтып тастады.
- Дәулет
Келесі кезек берілді ғой
қаламға,
Қалам айтты: «Мен керекпін
адамға,
Мен болмасам, қалай жазар
едіңдер,
Маған жетер кім бар еді араңда?!»
- Тахмина
Сызғыш келді айтысуға
алаңға,
Сызғыш айтты: «Керекпін ғой
ғаламға,
Менсіз қалай өлшейсіңдер
адамдар.
Мақтанбай мен осы жерде қалам ба?!»
- Алиназар
-Ей, адамдар, қараңдар мен ғой
сөмке,
Маған салып арқалайтын заттар көп
пе?
О, адамдар, қолданыңдар
сөмкені,
Мен ғана тигіземін пайда көпке.
- Арман
Барлығы айтысып, оқу
құралдары,
Оқудың да, бәрінің де
қырандары.
Оқушы көрді олардың
айтысқанын,
Бірақ ол, неге екенін сұрамады.
– Замира
Оқушы айтты: «Айтыспаңдар текке!
»-деп,
Жатырсыңдар бір-бірлеріңе
өкпелеп.
Әрқайсысың бір-біріңмен
айқасып,
Жаудыртып кеп ағын сөзін төкпелеп.
- Айсезім
Күтпедім, бұл жайтты мен
сендерден,
Келіп жеттім ести сала мен
бірден.
Қажетсіңдер өміріне
адамның,
Өрлеңдер алға ,үміт күтем
сендерден! -
Самира
Асарсыңдар, орын алып
төрлерден
Шыңға шығып, асу-асу
белдерден.
Орындарың ордасында
білімнің,
Білім көзін жайғастырып шың жерден!
- Имамали
Оқушы:Шохром
Кітапта алма ағашы,
Жемісі біздің теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабіңнің әр бетін.
Жүргізуші: Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда – ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келер күн көз алдыма кеп тұрады. –деп
Көрініс: “Оқушы мен кітап”
Оқушы: Асыл ойдың иесі, бар ғаламның жүйесі.
Қуанышы көңілдің, баспалдағы өмірдің.
Жаз азығым, серігім, ардақтамас сені кім?
Кітап: Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін.
Көптің тауып керегін. Кезінде айтып беремін.
Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.
Оқушы: әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай,
Жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім екен?
Кітап: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,
Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.
Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады,
Оныменен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.
Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,
Налымайын мен неге ол секілді пендеге.
Көрініс. «Оқулықтар айтысы»
Математика: (Алиназар) - Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?
Әдебиет:(Дәулет) Ой, мазамды алма, бүйткен тірлігім құрысын! Мұнанда парақтарым дал – дұл болып, желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді!
Математика: (Алиназар) Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет?! Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрасайық. Кімсің өзің?
Әдебиет: (Дәулет) Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтын, ішім түтін. Әдебиет оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуге тырыстым. Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Жаманбек деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы осындай күйге ұшырадым. Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай сүйегім сырқырайды.
Қазақ тілі: (Әли) Тұрыңдар достар! Мені ұстаған Жақсыбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндейді, құдайым Жаманбек пен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Жақсыбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.
Математика:Алиназар
Дарындарым оқы, ойла,
Оқу – білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қой ма?
Әдебиет:(Дәулет)
Оқы талмай, түй санаңа, жас дарын,
Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені, қастерле,
Бар білімді мен егемін санаңа.
Қазақ тілі (Әли)
Кітабіңді құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Оқушы:Жохонгир
Кітабіңді түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.
Таза болсын беттері, кірлемесін,
Көрген адам кітабыңді кір демесін.
Жүргізуші:
Кітап туралы ой – толғаныстарға кезек
берейік.
- Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл
тынбайды.
- Адам өледі, кітап жасарып жасай
береді.
- Кітап – ең сабырлы
ұстаз.
Хормен: Кітап – рухани
қазынамыз
- Міне, балалар кітапты қалай күтіп ұстауымыз
керек екен?
(Оқушылардың ойларын
білу)
- Таза, ұқыпты, жыртпай, сызбай, кірлетпей,
күтіп ұстау керек.
Мұғалім: - Кітапты мұқият
ұстау үшін не
істейміз?
-
Кітап беттерінің бұрыштарын бүктемеу керек.
-
Кітап мұқабасын бүлінбес үшін қаптап алу керек.
-
Кітап беттерін жыртпау керек.
-
Кітапқа сурет салмау және жазбау керек.
-
Тамақ ішіп отырғанда кітап оқымау керек.
-
Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салмау керек.
Жүргізуші:
-
Кітап атауларынан сұрақ дайындап, сұраққа жауап іздеуге тырыстық!
Cұрақтары:
-
Атың кім?
-
Қай ұлттың өкілі боласың?
-
Бойыңа қасиет дарытатын ана тілің қандай?
-
Кіндік қаның тамған жер Отаның ше?
-
Сені не толғандырады?
-
Елімізде тұратын әр азамат нені білуі тиіс деп ойлайсың?
-
Отанды сүюге тәрбиелеу қайдан бастау алады?
-
Қазіргі кезде бізді көп алаңдататын дүние не?
-
Бүгінгі таңда балалардың зейініне не әсер етіп жатыр деп ойлайсың?
-
Үйде дастархан басында көбіне не туралы айтасыздар?
-
Балаларға жиі айтатын сөзіңіз қандай?
-
Өміріңіздегі қай кезең сізді қуанышқа бөлейді?
-
Өзіңіздің санаңызда жаңғырып бағытыңызға бағдаршам болатын дүние не?
-
Сүйікті кітабыңыз қандай?
-
Сөз саптауың керемет екен? Оны немен байланыстырасың?
-
Балаларда кедергілер кездессе, оларды қалай қанаттандырасыз?
-
Бүгінгі сабаққа мұғалімдерден кім келіп отыр?
-
Мектепте жиі қолданатын сөзбен ойыңызды қалай аяқтайсыз?
Жауаптары:
-
Менің атым Қожа
-
Мен қазақпын
-
Қазақ тілі
-
Менің Отаным Қазақстаным
-
Халық тағылымы
-
Қазақстан тарихы
-
Ұшқан ұядан
-
Балалар әлемі
-
Ұялы телефондар
-
Әдеп әлемі
-
Аулақ бол жаман әдеттен
-
Балдәурен балалық шақ
-
Әжемнің ертегілері
-
Абайдың қара сөздері
-
Сөз тапқанға қолқа жоқ
-
Рухыңды көтер
-
Томирис
«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы аясында 2ә сынып оқушылары
Құрметті ұстаздар, кітапхана қызметкерлері және оқушылар!
Бүгінгі «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы – білім мен руханиятты қолдауға бағытталған игі іс. Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, ақыл мен ойдың, тәрбиенің қайнар көзі.
Біздің сыныбымыз осы акцияға өз үлесін қосып, кітапхана қорын толықтыру мақсатында бұл кітапты сыйға тартуды жөн көрді. Бұл кітап алдағы уақытта көптеген оқушылардың білімін арттырып, ой-өрісін кеңейтеді деп сенеміз.
«Кітап – білім бұлағы»
демекші, кітапқа деген сүйіспеншілік ешқашан сөнбесін!
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы арта
берсін!
Назарларыңызға
рахмет!
Қорытындылау:
Мұғалім: Балалар, біздің ата –
бабаларымыз “Кітап – көп
ақылдың құйылған көлі”, “Кітап – білім бұлағы”,
“Кітап ғажап дос” деп бекер айтпаған.
Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа,
адалдыққа, әділдікке
үйретеді.
Иә, кітап – қоғамның рухани күштерін
дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті
саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ
адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз
жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге
кенелеміз.
Балалар, бүгін сендер «Кітап – білім бұлағы»
атты тәрбие сағатымызда кітап жайлы көп естіп білдіңдер. Енді
соңында Өтебай Тұрманжанов ағаларыңның кеңесімен аяқтағым келіп
тұр. Кітапты шала – шарпы оқу зиян. Шала оқысаң, оқуың бойыңа
жұқпайды. Ылғи шала – пұла, тез оқуға әдеттеніп алсаң, кітап оқуға
кеткен еңбегің еш болады. Сондықтан сендерге айтарым: кітапты шала
оқымаңдар. Бастаған кітабыңды аяғына дейін оқитын бол. Сонда
кітапқа деген қызығушылығың арта түседі. Ылғи бір мезгілде оқып
үйрен. Сондықтан кітапты шала оқыма, тиянақты оқитын
бол.
Осымен “Кітап – рухани қазына” атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Кітап - рухани қазына"

шағым қалдыра аласыз