400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Кітап – білімнің қайнар көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – білімнің қайнар көзі» атты іс-шара сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ КІТАПХАНАСЫ





Ұлттық кітап күніне арналған

«Кітап – білімнің қайнар көзі» атты іс-шара


















Шымкент 2026



Күні: 22.04.2026ж.

Өтетін орны: Кітапхана оқу залы

Қатысушылар: 1 курс студенттері

Мақсаты — кітап оқуды насихаттау, білім мен шығармашылық еңбекті құрметтеу, сондай-ақ авторлардың құқықтарын қорғауға қоғам назарын аудару.


1. Кіріспе бөлім (5–7 мин)

Жүргізуші сөзі:
– Құрметті әріпиестер, білім алушылар! Бүгін біз Ұлттық кітап күніне орай
«Кітап – білімнің қайнар көзі» атты іс-шарамызды бастаймыз. Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасы, рухани байлығы...


23 сәуір — Қазақстандағы Ұлттық кітап күні.

Мереке 2024 жылғы 29 маусымда ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.


Бұл күн 1995 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні ретінде белгіленді. Осыған үндес идеяны еліміз де қолдап, бұл датаны кітап пен оқырман мерекесі ретінде атап өте бастады.


Қазақ халқы ертеден-ақ сөз өнерін қастерлеген ел. Ұлы дала төсінде айтылған термелер мен жырлар, шежірелер мен қиссалар кейін кітап болып басылып, халық мұрасына айналды. Бүгінде сол мол қазына ұлттық кітапханаларда, мектеп кітапханаларында сақталып, болашаққа жол тартуда.


Ұлттық кітап күні несімен маңызды?

Бұл күн – кітапханаларда түрлі іс-шаралар өткізіліп, жазушылармен кездесулер, кітап көрмелері, әдеби марафондар ұйымдастырылатын рухани мереке. Сонымен қатар, бұл күн – авторлық құқықты сақтау мен шығармашылық еңбекті құрметтеуге үндейді. Әр кітаптың артында тынымсыз еңбек, терең ой, өмірлік тәжірибе бар екенін ұмытпауымыз керек.


Ұлттық кітап күні – тек кітап мерекесі ғана емес, ұлт руханиятына тағзым. Бұл күні әр адам кітап сөресіне көз тастап, өзі оқыған алғашқы кітабын еске түсіріп, жаңа бір шығармамен танысуға қадам жасаса – сол ең үлкен жетістік болмақ.

Кітаптың маңызы өте зор. Кітап – білімнің, тәрбие мен рухани байлықтың негізгі көзі. Ол адамның ой-өрісін кеңейтеді, тілін дамытады және дүниетанымын қалыптастырады. Кітап оқу арқылы адам жаңа ақпарат алады, өмірлік тәжірибе жинақтайды және дұрыс шешім қабылдауға үйренеді. Сонымен қатар, кітап адамды сабырлы, мәдениетті және ойлы болуға тәрбиелейді.


Әділ қазы алқалары: Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Елтаев Д.Қ., Жалпы білім беретін пәндер ПЦК төрағасы Шалабаева К.А. және қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Полатбек Г.Ж.


Іс-шарамыз 5 кезеңнен турады

  1. Менің сүйікті кітабым - Әр студент өзінің сүйікті кітабын атайды.

  2. Интеллектуалды викторина «Кім жылдам?» экранға сұрақтар беріледі.

  3. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» ойыны. Белгілі шығармалардан үзінді оқылады мтуденттер аудио тыңдау арқылы шығарма атауын және авторын табады.

  4. «Кітап әлеміне саяхат» - Экраннан суреттер беріледі. Білім алушылар кітаптың атауы мен авторын табады.

  5. Шығармашылық кезең. Топтарға тапсырма: «Кітап оқудың пайдасы» тақырыбында постер жасайды.

  6. Қорытынды бөлім. Жеңімпаз топты анықтау. Номинациялар беру: «Ең белсенді топ» «Ең үздік топ» «Ең шығармашыл топ».

1. «Менің сүйікті кітабым» -


Әр студент:

  • Өзінің сүйікті кітабын атайды

  • Неліктен ұнайтынын 1 минутта айтады

👉 Белсенділік пен еркін сөйлеуді дамытады



2. Интеллектуалды викторина «Кім жылдам?»

Студенттерді 2–3 топқа бөлу

https://wordwall.net/resource/48356723/%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8-%D1%81%D2%B1%D1%80%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80



3. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» ойыны (10 мин)

Белгілі шығармалардан үзінді оқылады

Студенттер аудио тыңдау арқылы шығарма атауын және авторын табады


Отан туралы

М.Мақатаев


Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...


Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Абай Құнанбайұлы

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?


Жігерлендіру

М.Шаханов

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасына алып.
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп.
Сен жыладың:
Аңғармай қалдым орды деп,
Қадамым сәтсіз болды деп,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.


4. «Кітап әлеміне саяхат» - Экраннан суреттер беріледі. Білім алушылар кітаптың атауы мен авторын табады.



5. Шығармашылық кезең (15 мин)

Топтарға тапсырма:

«Кітап оқудың пайдасы» тақырыбында постер жасау


Тапсырма мазмұны:


Кітап оқудың адамға тигізетін пайдасын көрсету

Ойды сурет, сызба, кесте арқылы жеткізу

Қысқа әрі нұсқа сөздер қолдану (ұран, тірек сөздер)

Постерді көркем әрі тартымды безендіру


Бағыттаушы сұрақтар:


Кітап не үшін керек?

Кітап оқу адамды қалай дамытады?

Кітаптың өмірдегі маңызы қандай?


Қорғау:

Әр топ өз постерін 2–3 минутта таныстырады, негізгі ойын түсіндіреді.


Әр топ өз жұмысын қорғайды

6. Қорытынды бөлім (5–10 мин)

Жеңімпаз топты анықтау

Номинациялар беру:

«Ең белсенді топ»

«Ең үздік топ»

«Ең шығармашыл топ»


Жүргізуші сөзі:
– Кітап – біздің ең жақын досымыз. Кітап оқуды әдетке айналдырайық!






23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай колледж кітапханасында

«Кітап – білімнің қайнар көзі» атты тағылымды іс-шара өткізілді. ББ-25-9К1, 2 топтарының қатысуымен өткізілген сайыс барысында кітап пен тарих үндесіп, рухани құндылықтар кеңінен насихатталды.

Бес кезеңнен тұратын іс-шара аясында классикалық әдеби туындылар, шығарма кейіпкерлері, поэзиялық және прозалық туындылар бойынша сұрақ-жауап, қызықты әдеби викториналар, талқылау, шығармашылық тапсырмалар ұсынылды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, білім алушыларға жаңа туындылар таныстырылды.

Кеш мазмұнды ойлармен, әсерлі сәттермен есте қалды. Осындай игі шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын нығайта түседі.

Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, рухани серігі.

Кітапхана – руханият ордасы!



Іс-шара соңында әділ қазы мүшелері бағалаулары бойынша қорытындап жеңімпаз топты анықтайды.



Дайындаған: А.Д.Асанбаева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.05.2026
36
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі