|
Сәлемдесу.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие
бағдарламасын іске асыру мақсатында «Менің Қазақстаным» – оқу
аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Гимнін
орындайды
Психолигиялық ахуал
қалыптастыру.
«Wordwall»
әдісі
Берілген
тақтадағы спиннерді айналдыра отырып балалардың іс әрекетті
қайталауын түсіндіру және сынып бөлмесінде жағымды атмосфера
орнату
«Қауіпсіздік сабағы»




Тақырып
ашу.
Балалар, біз
бүгін не жайында сабақ өтеміз? Оны білу үшін тақтаға назар
аударып,жұмбақты бірге
шешейік.
«Жұмбақ»
Көп әңгіме,
өлеңім,
Күнде ақыл
беремін.
Жақсы көрсе мені
кім
Мен де жақсы көремін
( Кітап
)
Жаңа
тақырып.
Кітап адам өмірінде аса
маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға,
мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ
болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті
тұрмысында қолданады- сатып алады,кітапханадан
алады.
Біздің мектептің
кітапханасында да алуан түрлі кітаптар бар, иа
балалар?
Ал, балалар қандай кітап
түрлерін білесіңдер? (энциклопедия, ертегі,
мақалдар жинағы, т.б.)
Кітаптың
тарихы. Бейнеролик

І кезең. «Кітап - ғажап
дос»
Айдын шалқар кейде
бір,
Кітапты тұнған көл
дерсің
Ауадай қажет бейне
бір
Таппасаң нәрін
шөлдерсің.
Адамның досы кітап, өмір
кілті,
Тең келмес оған жиған дүние -
мүлкі
Ақылшы, жанға серік, жол
бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір
көркі.
Сөйлесіп
өзіңменен тіл қатады, Еріксіз сөзін
жұртқа тыңдатады Жеткізіп
өткендердің өсиетін, Шешіліп кейде
достай сырласады.
Білім алар көп
адам
Жақсы нәрсе жоқ
одан.
Қызыға кеп
оқимын,
Кітап көрсем
жаңадан.
Кітап – маған
ұнады,
Кітап - білім
бұлағы.
Кетпейді ешбір
жадымнан
Тастамай сені
жанымнан
Қолтықтап жүрдім
ұдайы.
Кітап – білім
бұлағы
Кітап!
Сен адамзаттың жақын
досы,
Келмейді сені оқымай көңіл
қошы.
Ел мұны, өмір сыры, ақын
жыры,
Басылған таңба болып өзіне
осы.
Кітап,
Сөйлесіп өзіңменен тіл
қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа
тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің
өсиетін,
Шешіліп кейде достай
сырласады.
Көрдің талай
аралап
Мәуелі жеміс
бақшасын.
Тәттілерін таңдап
ап,
Жемісін қайта өнер
ме?!
Кітап та – алма
ағашы
Жемісін біздер
теретін.
Тәтті алмаға
балашы
Кітабыңның әр
бетін...
Сергіту
сәті. «Жаңбыр»
әдісі

«Кім көп
біледі?» ойыны(
мақал - мәтелдер айтылады.)
Кітап - асыл
қазына
Наданмен дос
болғанша, Кітаппен дос
бол.
Кітап - көзі
жұмыққа арзан, Көзі ашыққа
маржан.
Жақсы кітап -
жан азығы.
Кітапты сүйіп
оқы, Көңілге түйіп
оқы.
Кітап — алтын
сандық, Іші толған
қазына, құт. Оқы, оқы, ойыңа
тұт.
Кітап ғылым —
тілсіз мұғалім.
Кітап — білім
бұлағы, Білім — өмір
шырағы!
Кітап
оқығандікі, Білім
тоқығандікі.
Ереже!

Қорытынды.
«Кітаптар
мұңы» Бейнеролигі

Ал,
оқушылар сендер кітаптармен дос болғыларың келе
ме?
Жарайсыңдар, сендер кітапхананың оқырманы болуға
лайықтысыңдар, кітап біздің досымыз, өмірлік
ұстазымыз.
Кітапханаға жиі барыңыздар, жиі кітап
оқыңыздар.Өйткені,
Кітап –
ұстаз,
Кітап –
үйретуші.
Кітап – нағыз дос,
жолдас,
Ақылы бұлақ көзіндей еш
азаймас.
|