Материалдар / Кітап асыл қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітап асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханашыларға, сынып жетекшілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
2076
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ

2017 – 2018 оқу жылы














«Кітап – асыл қазына»

8- сынып. Семинар практикум















Кітапхана меңгерушісі: Сисенгалиева А.Т.





















Тақырыбы: «Кітап – асыл қазына»

Мқсаты: Кітап - сарқылмас рухани қазына, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітап оқуға қызығушылықтарын ояту.

Көрнекілігі: «Ең жақын досың - кітап» кітап көрмесі, сұрақ-жауап, карточка, номер қойылған асықтар, қоржын, сөзжұмбақ, цитата сөз: «Ештеңе оқымаған адам, ештеңе ойланбайды да...» Дени Дидро, «Жақсы кітап оқу, жақсы адаммен сырласқанмен бірдей» Л. Толстой.

Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап,

Кітапханашы: Құрметті ұстаздар және оқушылар. «Кітап – асыл қазына» атты семинар практикум қош келдіңіздер. Кітап заманымыздың өмірі, ол кәріге де жасқа да қажет, Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сендердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп, рухани жан -дүниелеріңді оятып, ертегі- әңгімелерімен сыр шерткен, кітап сенің ақылшың. «Кітапта алма ағашы, жемісін біздер теретін, тәтті алмаға балашы, кітабыңның әр бетін»,- деп М. Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі рухани қазына.

Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы» - деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» - деп ұлы данышпан Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады.

Семинар практикум жоспарымен таныстырып өтейін. Қоржыннан асықты алып ондағы жазылған номерді қарап сол номерлі конвертті ашып ішіндегі тапсырманы оқимыз. Тапсырма болса орындаймыз, сөзжұмбақ болса шешеміз, Викториналық сұрақтарға жауап береміз, қызықты дерек болса оқып береміз, аттары аталған шығарманың авторын тауып береміз. Олай болса ортаға бір оқушыны шақырамыз.

1 асық тусті 1 номерлі конвертті ашамыз «Қызықты дерек» оқушы оқып береді.

Қызықты дерек

Өз бетінше кітап оқып, нәтижесінде үздік білім алған, сөйтіп атақты ғылым болған адамдар дүние жүзінде аз емес. Мысалы, Максим Горький, М. Ломоносов, қазақтың Ұлы ақыны А. Құнанбаев өз бетінше ізденудің, кітапты көп оқудың арқасында шығармашылығын жетілдірді, әрі бірнеше тілді меңгерді, ойшылдардың еңбегімен танысты. Сөйтіп бүкіл әлемге танылды.

Парсы ғылымы Уадыр Сахиб кітапты ерекше жақсы көрген адам екен. Оның мыңдаған кітап қоры бар үлкен кітапханасы болыпты. Ол мемлекет қайраткері, әрі әскери адам болған. Өмірдің тең жартысын ат үстінде, жорық жолында өткізген.

Бір қызығы, ол жорыққа аттанғанда өзімен бірге осы кітапханасын алып шығады екен. Кітапты артуға 400-дей түйе бөлінетін. Түйелер барлық жорық жолында әліпби (алфавит) бойынша тізіліп жүрген. Ал кітапханашылар Уадыр Сахибке кез келген уақытта керек кітабын тауып апарып берген. Сөйтіп, түйе үстіндегі кітапхана басқа да жауынгерлерге рухани азық болған.

Казіргі кезге дейін кітаптың адам өміріндегі рөлі ерекше. Кітап біздің алға жылжуымызға, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуімізге өлшеусіз ақыл қосады.

Ғылым сыншы Д. Писарев «Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң одан да көп оқу керек!» - дейді. Ал Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ақыл – кеңес береді.

Кітапханашы: 2 оқушы қоржынан асықты алады № 3 асық 3 номерлі конвертті ашамыз

Кітаптың атында адамның аты аталатын кітаптарды, кітаптың құрылысын атап беру.

а) Үкілі Ыбрай, Нарқыз, Ботакөз, Ұлпан, Ай мен Айша, Сұлушаш, Шұғаның белгісі, Гауһар тас, Иса ақын, Сүзгенің соңғы күндері, Он бес жасар капитан, Өгей бала, Шоқан асулары, Қажымұқан, Абай жолы, Тазша бала.

б) Кітаптың құрылысы.

Кітап- арабша – жазбаша, ал түрікше дәптер дегенді білдіреді. Суперқап мұқабадан басталады. Бұл кітапты қорғау үшін жасалған. Мұқабада бұл кітапты кім жазғанын, оның атын білесіңдер. Енді алғашқы бетін ашамыз. Форзац деп сол жақта переплет асты, оң жақта кітаптың бірінші беті аталады. Келесі сол жағында фронтитпис оң жағында титулдық бет. Бұл бетте кітаптың мекен жайы жазылған. Авторын, атын, баспасын, қай жылы шыққанын суретті салған суретшілердің аттарын білесіңдер. Кітаптағы суретті иллюстрациясы деп атайды. Титулдық бетке қарама қарсы сол жағында аннотация болады. Бұл бетте қысқаша сол кітапты жазған автор туралы жазылады. Тағыда бір бетті ашсақ бұл жерле алғы сөз.Бұл алғы сөзді басқа адамның жазуы да мумкін. Алғы сөзден қандай шығармалар, қай жақта, не туралы жазғанын білуге болады. Алғы сөз қысқаша жазылады, оны сөренің жанынан оқып алуға болады және саған оқуға қажеті барма жоқпа біле аласың.



Кітапханашы: 3 оқушы қоржынан асықты алады № 2 асық 2 номерлі конвертті ашамыз

Викториналық сұрақтар

1. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (Баспахана), 2. Кітап күні қашан аталып өтіледі? (23 сәуір), 3. Қазақ даласында алғаш метеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин), 4. Шығарманың алдындағы кіріспе мақала қалай аталады.? (Алғысөз) 5. Кітаптың суреттері қалай аталады? (Иллюстрация), 6. Кітап туралы, оның шығуы туралы мәлімет беретін бет қалай аталады? (Титул) 7. Қазақтың әліппесін алғаш жазған кім? (А. Байтұрсынов), 8. Ұлттық теңгеміз қашан айналымға түсті? (1993 жыл 15 қараша), 9. Қазақстан туының авторы? (Ш. Ниязбеков), 10. Өзі тамақ пісіретін қазан? (Ұр тоқпақ)

1. Мектептегі оқулықтар қандай баспадан шығады? (Атамұра, Алматыкітап, Мектеп, Білім), 2. Кітап кім үшін жазылады? (оқырман үшін), 3. Кітапты жазған адам қалай аталады? (Жазушы), 4. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан шығарма? (М. Әуезовтың Абай жолы), 5. Ата тегі бірдей қазақ ақын-жазушыларын ата? (Жұбан Молдағалиев, Тұманбай Молдағалиев), 6. Қазақстан жеріндегі ежелгі ең атақты кітапхананы ата? (Отырар кітапханасы). 7. Есімдері бірдей ақын-жазушыларды ата? (Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Шаханов, Ілияс Жансүгіров, Ілияс Есенберлин, Сәбит Мұқанов, Сәбит Дөнентаев, Сәбит Досанов, Сәкен Сейфулли, Сәкен Жүнісов, Лулат Бабатайұлы, Дулат Исабеков) 8. ҚР Мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі), 9. Кітаптың қысқаша мазмұнын ашатын элемент қалай аталады? (Аннотация) 10. Бағалы сақа (Алтын сақа).

Кітапханашы: 4 оқушы қоржынан асықты алады № 4 асық шықты 4 номерлі конвертті ашамыз

1 «Мен оқыған кітаптар» (шығарманың аты беріледі авторын тауып айтады).

1 «Қорғансыздың күні», «Кім кінәлі», «Қилы заман» шығармаларын қазақтың қай жазушысы жазды? (Мұхтар Әуезов) 2 «Дала», «Бүгінгі дала», «Құлагер» қай көрнекті жазушының шығармасы? (Ілияс Жансүгіров) 3 «Сұлушаш», «Адасқандар», «Сырдария» романдарының авторы кім? (Сабит Мұқанов) 4 «Аманат», «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Үш бақытым» кітабының авторы? (Мұқағали Мақатаев) 5. «Тар жол, тайғақ кешу» романы «Көкшетау» поэмасының авторы кім? (Сәкен Сейфуллин) 6. «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан», «Қалың елім қазағым» кітаптарының авторы? (Абай Құнанбаев) 7. «Менің атым Қожа», кітабының авторы? (Бердібек Соқпақбаев) 8. Қайда безіп барасың? Кітабының авторы (Оспанхан Әубәкіров)

2. Кітаптарды тани білемізбе? Оқушыларға аттары жасырылған кітаптар көрсетіледі олар түр түсіне қарап кітап қалай аталатынын тауып айтады.

Кітапханашы: 5 оқушы қоржынан асықты алады № 5 асық 5 номерлі конвертті ашамыз

V. Сөзжұмбақ

А

й

г

ө

л

е

К







М

ұ

ғ

а

л

І

М











Т

Ө

л

е

б

и







А

б

а

й







Ш

о

П

а

н

а

т

а


К

і

т

а

п

Х

а

н

а









А

қ

қ

у






Ұ

л

а

Н












А

т







1. Балаларға арналған мерзімді басылым? (Айгөлек). 2.Оқушы жанының бағбаны? (Мұғалім) 3. Қазақтың атақты үш биінің бірі? (Төлеби). 4. Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол, адам болам десеңіз? Өлең шумағын кім жазған (Абай). 5. Қойдың пірі? (Шопан ата). 6. Кітаптардың мекені? (Кітапхана). 7. Ең киелі құс? (Аққу). 8. Республикалық балалар газеті? (Ұлан) 9. Ер қанаты? (ат).

VI. Қорытынды. Ой өрісті серігіту. Түрлі-түсті гүлдердің үстіндегі тапсырмаларды ала отырып, кітап туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айтады. (Мысалы кітаппен кеңес – білімдімен теңес; Кітап – білім бұлағы, білім-өмір шырағы; Кітап оқу да – өнер. Кітап – ұлы үйретуші. Ой маржаны кітапта Білім тозбайды, білімді азбайды. Кітап оқымаған, ештеңе де ойламайды. Кітап оқу жабдығы, білім сандығы.Кітап таусылмас азық. Кітап жан айнасы. Кітап айдың талмас қанаты. т.б. ).

Кітаппен кеңес, білімдімен теңес деп бекер айтпаса керек. Кітапты көп оқысаң көп білесің баршаңызды кітаппен дос болуға шақырамын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!