400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап-білім бұлағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханамен таныстыру.Кітапхана туралы мәлімет беру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру.Кітапты пайдалану ережесіме таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты:
Кітапханамен таныстыру.Кітапхана туралы мәлімет беру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру.Кітапты пайдалану ережесіме таныстыру.
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін сендер үшін ерекше күн.Мектеп кітапханасының енді тұрақты оқырмандары боласыңдар.Ендеше хош келдіңдер!
- Балалар кітапхана деген сөздің мағынасын білесіңдер ме?-
- Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.Кітапханада кітаптар өмір сүреді және оқырмандарға көмек береді.Сондықтан кітапты ұқыпты ұстай білу және уақытында тапсыру керек.Кітап ең жақын дос болып табылады.Енді оқушылардың кітап туралы өлеңдерін тыңдайық..
1-оқушы:
-Білесің бе, кітап білім ұясын,
Келесің мұнда, өмірге азық жиясың
Оқып, біліп,зерттеп көріп санаңа
Терең білім,ой маржанын құясың.
Дейді ойшылдар «Кітап- білім бұлағы»
Кітапхана сол кітаптар тұрағы
Көп үйреніп, көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз боп шығары.
2- оқушы:

-Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
О, кітап, бас иемін мәртебеңе,
Игілік қазынасың бар адамға.
Сен берер игіліктің есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?
Кітапханашы:Ал сендер кітаппен дос болғыларың келе ме? Ендеше қазір кітап кейіпкерлерімен кездесеміз.
Көрініс:Біреуге ор қазба.
Көрініс Алдар Көсе.
Есікті түртіп алдар Көсе келеді: «Мен сендерге бүгін қонаққа келдім.Менің қоржынымның ішінде хаттар бар.Соларды ашып , хаттарға жауап берейік.
Алдар Көсе хаттарды оқиды:
«Мерекеге сондай барғым келді, бірақ Африкдкғы жануарлар ауырып қалды.Соларға барамын.(Айболит)
«Асыға келдім, бірақ түлкі мені жеп қойды.(Бауырсақ)
«Сендердің мерекелеріңе келгім келді, бірақ мысық мені ашуландырды» (Мақта қыз)
«Келгім келді, бірақ арыстан мені жібермейді.» (Тышқан)
Кітап туралы мақалдар мен мәтелдер және кітап туралы жұмбақтар қойылады.
Кітапханашы:
- Жарайсыңдар балалар.Енді кітапты оқу ережелерімен танысайық

Кітапті ұқыпты ұста!
Кітап қоғамдық меншік. Ол көп жылдар бойы қызмет ету керек. Сондықтан кітапты ұқыпты ұста.
Кітап таза, әрі тысталған болуы тиіс.
Кітапты таза қолмен оқы.
Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
Кітаптің беттерін бүктеме.
Кітаптің ортасына қалам, қарандаш, дәптер салма.
Жыртылған кітапті желімде.
Кітапқа жазулар жазба.
Кітапті шкафта немесе полкада сақта.
Алған кітапті уақытында тапсыр.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі