жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кітап білім көзі
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:101
Мерзiмі: 2.10.2018ж № 5 сабақ
Тақырып: Кітап білім көзі.
Құндылық:
Қасиеттер:
Мұғалiм: Болысова С
Сынып:3
|
Сабақ мақсаты: Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу. Міндеті: Білімділік: Оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру; Дамытушылық:Әр оқушының өз мүмкіндігін танып,дамытуына ықпал ету; Тәрбиелік:өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу; |
|
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 2.Тыныштық сәтi. 3 мин. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын" Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. 3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин. Серік Нұғыман «Бәсіре »повесі. |
Сабақ барысын талқылау: |
|
4.Дәйексөз. Кітап –білім бұлағы |
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин. Оқулықтағы Құрманбай Толыбаев «»Жүз мәрте» әңгімесімен таныстыру.Оқушыларға сұрақтар қойылып,жауаптары тыңдалады
|
|
|
Жаңа ақпарат. Кітап- бұл үлкен сыйлық.Кітаптың іші толған маржан сөз, үлгі өнеге.Кітапты сүйе біл, ол саған ақылшы дос болады.Оқитын кітабыңды таңдай біл.Жақсы кітап ой- санаңды өсіреді, тәлім- тәрбие береді.Кітап оқу арқылы адамдардың мінез -құлқын , іс- әрекеттерін тануға үйренесің.Кітапты мұқият оқып, ұқыпты ұста.Кітап оқу -адамдарды, өмірді тануға жол ашады. 6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин. Оқулықта «Шығармашылық жұмыс» айдарымен оқушыларға алған білімдерін пайдалана отырып, өз ой қорытындысын, ұсынысын жасату мақсатында төмендегідей тапсырма берілген: 1-тапсырма Кітап туралы нақыл сөздерді оқыңдар. Кітап оқу жөнінде ереже құрастырып жазыңдар. 2-тапсырма Мәтінді оқыңдар.Өзіңнің кітап мазмұнын неше қайтара оқығанда түсінгеніңді бақылып көр. Қазіргі кезде кітап оқып жүрген кітабыңның мазмұнын достарыңа баяндап бер.Кітаптан қандай үлгі алғаныңды айт. 3-тапсырма Суретте берілген кітаптарға атқойыңдар. Сұрақтарға өз ойларыңды білдіріңдер. 7.Дәптермен жұмыс Сабақтағы меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылау мақсатында оқушыны дәптерге «Кітапты не үшін оқу керек?» тапсырмасын орындайды. |
|
|
8.Топпен ән айту. 3 мин. «Мен әдепті баламын» Сөзі: ӘАсылбекі, әні:И.Нүсіпбаевтікі |
|
|
9.Үй тапсырмасы. 2 мин. Құрманбай Толыбаевтың «Қайнар »әңгімесін оқулықтан оқып келу. |
|
|
10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын! |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген