Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты мектеп кітапханшысымен берге өткізілген шара. Бастауыш сынып мұғалімдеріне тигізер пайдасы зор. Кітаптың шығу тарихы мен кітапты күтіп ұстау ережелері және шығармашылық жұмыстар орындалды.Әріптестер өз тәжірбиелерінде пайдаланары сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі











Тақырыбы: «Кітап-біздің досымыз»

( ашық тәрбие сағаты)











Сыныбы: 4 «а» «б»

Мұғалімі: Калбирова А.М







2017-2018 оқу жылы



Тақырыбы «Кітап – біздің досымыз»

Сабақтың мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.Амандасу.

Психологиялық дайындық

Тренинг: «Мен қандаймын?» әр оқушы өз туралы айтады.


Кіріспе сөз:

Кітап арабтың   “жазу”деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасан ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз,санасы төмен,өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.

«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады» деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас.Шынымен де, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап-барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда тап-тырмайтын баға жетпес дүние  «Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек.Баланың ой - өрісін дамытудағы дамыту ойын-дары, табиғатпен байланыс, музыкалық білім және т. б. қатар маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды.  Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.

Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу. 
2 сәуір – “Халықаралық балалар кітаптарының күні” ,ал 23-сәуір-”Дүниежүзілік кітап күні”болып табылады.

Ойын: «Менің сүйікті кітаптарым»

Оқушылар өздеріне ұнаған кітап түрлерін таңдап топқа бөлінеді



Топқа бөлу

1-топ. «Қызы кітап»

Кітап неден жасалады?

2-топ. «Қазақ ертегілері»

Кітапты қалай күтіп ұстаймыз?

3-топ «Аудио кітаптар»

Кітап-біздің досымыз( постер қорғау)

4-топ. Оқушы кітаптары

Кітап туралы өлең шығару, эссе жазу

«Ой ашу»

-Кітап туралы не білеміз?

-Кітап неден жасалады?

-Қандай кітап түрлерін білеміз?

-Кітапты қалай күтіп ұстаймыз?

Бүгін біз «Кітап- біздің досымыз» атты ашық тәрбие сағатымыз бастаймыз.

Топпен жұмыс.

1-топ

Кітап неден жасалады?


2-топ

Кітапты қалай күтіп ұстаймыз?


Кітап туралы ережелер:
1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.


3-топ

Кітап-біздің досымыз( постер қорғау)


4-топ

Кітап туралы өлең шығару, эссе жазу.



Топтар бір-бірін бағалайды.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс


Поэззия минуты.

Құдиярова Дильназ кітап туралы өлең оқыды.

Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл қойшы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда - ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келелі күн көз алдыма көп тұрады.


«Кітап туралы» тақпақ Сағын Жарас

Ол арқылы біз үйрендік оқуды,

Ақылды да тәрбиелі болуды.

Ол арқылы үйренеміз осыны,

Үйренеміз білімді де болуды.

Үйренеміз түрлі-түрлі өнерді,

Сен арқылы әлем үнге бөленді.

Мүмкін біз боламыз да шеберлі,

Оқи берсек, түрлі жырлар, өлеңді.

Кейбіреулер оқымайды, «білемін» деп,

Ақшаменен оқимын да жүремін деп.

Алдында компьютердің күнде отырып,

Ақша арқылы бір нәрсені ілемін деп.

Бұл ойларың қате болар ей, балалар!

Кітапты оқымасаң обал болар.

Оны біз оқымасақ бар ынтамен,

Дамымас ешбір елде көп қалалар.

Кері байланыс: ББҮ кестесі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Кітаптың неден жасалатынын

Кітаптың шығу тарихы қызықты деректерді

Кітап ұстау ережесін





Кітап – адал пейіл, асыл дос. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім

Қорыту: Кітап – қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы.

Кітап – білім бұлағы.

Бөбектерім оқы, ойна,

Оқу-білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені, қастерле,

Бар білімді мен егемін санаңа.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12