400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кітап және менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. 
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітап және менің отбасым

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

«№1 мектеп-гимназия» КММ 9 сынып оқушысы

Бақтыбаева Ақжібек Амангелдіқызы

Жетекшісі: Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна

Мектеп тәлімгері

Жүрегі мен жанарында өлеңі,

Асыл – ұрпақ бұл өмірдің желегі,

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасына,

Әр күн сайын,

Жылдам басып, ақ бантикті бір қыз бала келеді...


Кітап оқу – үлкен өнер бұл күні,

Беретұғын бар адамдық үлгіні,

Осы орданың оқырманы сүйікті,

Осы орданың ең кішкентай тұрғыны.


... Иә, осынау кітаптар әлемін жан-тәнімен сүйген бұл оқырман – Шалқар қаласы

«1 мектеп-гимназиясының» 9 сынып оқушысы Бақтыбаева Ақжібек Амангелдіқызы.

Өмір қызық. Себебі ол да кітап секілді ақиқаттың бір бөлшегі. Ақжібектің ата-анасы да осы киелі кітап әлемінде танысқан болатын. Қалалық кітапханада кітапханашы болып жұмыс жасайтын Назгүл есімді қыз баланың жұмыс орнына үнемі кітап алу үшін бір жас, бозбала оқырман жиі бас сұғатын. Оқыған кітаптарын талқылап, екеуі пікір таластыратын. Міне осылай Амангелді мен Назгүлдің кітапқа деген сүйіспеншілігі үлкен сүйіспеншілікке жалғасып, шаңырақ көтеріп, бұл күнде бес баланы өмірге әкеліп, көп балалы отбасы атанып отырған үлгілі отбасы.

Кез-келген кітап мұқабасын ашқанда , кітаптың мазмұнынан хабар беретін «Фронтиспис», қазақша баламасы «Маңдайша» деген ұғымды білдіретін алдыңғы беті болады.

Міне бұл әулеттің де ең киелі маңдайшасы Ақжібектің атасы Бақтыбаев Серікбай өте білімді, қазақ, орыс, шет ел әдебиеттерін жастығына жастап,ізденіп оқыған, ел басқару саласында ұзақ жыл еңбек етіп, ел алғысына бөленген жан еді. Өмірден озған соң рухына арналып «Жұлдызы жанған жан еді» атты жинақтың шығуы да осының дәлелі.

Кітап мұқабасынң келесі бетін ашсақ кітап авторының аты-жөні, шығарманың тақырыбы жазылған бет кездеседі. Мұны «Авантитул» деп атайды. Ақжібектің де кітап әлеміндегі авантитулы әжесі, өмір бойы шәкірттерге білім нәрін сепкен, Республикаға танымал географ, марқұм С ейілханқызы Мәруаш апай болатын және нағашы әжесі адамдық диқаншысы бола білген ұлағатты ұстаз Әбілғазықызы Күнқияшқызы еді.

Кітап блогында сонымен қатар «Форзац» деген әдемі ұғым бар. Біздің бүгінгі кішкентай кейіпкеріміздің өмірдегі форзацсы – әкесі Бақтыбаев Амангелді мен анасы Қалжанова Назгүл еді. Әкесі Амангелді өзге сала маманы болса да тарихи кітап оқудан еш жалыққан емес. Күні кеше ғана адал еңбегі үшін Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай арнайы төсбелгімен марапатталды. Анасы Қалжанова Назгүл бүгінгі таңда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Аудандық Тахауи Ахтанов, облыстық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу байқауларының жүлдегері. Аудандық, облыстық баспасөз беттеріне мақалалары мен өлеңдері жарық көріп тұрады. Ал тараулардың тақырыбы болып жалғасатың кітап беттерінің «Колонтитулдары» Ақжібектің өзі секілді Ақбота, Іңкәр және кішкентай ғана, сүп-сүйкімді Абылай атты бауырлары да кітап оқуды өте жақсы көреді.


Кітап сүйген болмысына қарашы,

Парасатты ойы, сөзі, санасы,

Біз әлемдік кеңістікке шығар ек,

Дәл Жібектей кітап сүйіп оқыса,

Әр қазақтың, бар қазақтың баласы!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
2507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі