Материалдар / Кітап оқитын адам - табысты адам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітап оқитын адам - табысты адам

Материал туралы қысқаша түсінік
№207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқитын адам – табысты адам» тақырыбында 2-9-сыныптар арасында өткен сайыс. Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жан-дүниесін кеңейту. Сайыстың міндеті: Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2024
379
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



207 «Жаңатұрмыс» орта мектебі









Shape1

Кітап оқитын адам – табысты адам



















Кітапханашы: Нурымбетова М

















2023-2024 оқу жылы



Сайыстың мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жан-дүниесін кеңейту.

Сайыстың міндеті: Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Бағыты: «Кітап оқитын адам – табысты адам» тақырыбында кітапханашының баяндамасы. Әрбір оқырманның өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, кітап оқуға және табысты болуға шақыру.

Кітапханашы: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Кітап оқитын адам – табысты адам» сайысына қош келдіңіздер!

ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Өркениет көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттырып, адам ресурсын байытуымыз қажет. Болашақ білімді жастарымыздың қолында. Біздің бүгінгі сайысымыз кітапты жандарына серік қылған, білім мен ғылымды бойларына жтнаған оқырмандарымызға арналмақ.

Білесің бе, кітап білім ұясын,

Келесің мұнда өмірге азық жиясың.

Оқып, біліп, зерттеп көріп санаңа,

Терең білім ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар: «Кітап білім бұлағы»,

Кітапхана – сол ойшылдар тұрағы.

Көп үйреніп көп оқыған баланың,

Анық-тағы білімпаз боп шығары.

Олай болса, 2-9-сыныптың оқырмандарын ортаға шақырайық.

Ал ендеше, шалқытып ән салайық,

Білімпаз оқырманға қол соғайық.

Дәстүрін халқымыздың қастерлеген

Әр сыныптың оқырманын қарсы алайық, - деп сайысқа қатысушы оқырмандарымызды қарсы алайық. Әр сыныптан қатысып тұрған оқырмандардың білімдеріне әділ баға беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

1._____________________________________________________________

2._____________________________________________________________

3._____________________________________________________________

Бүгінгі оқырмандар сайысы мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. «Менің сүйікті кітабым» 2-4-сыныптар (бұл бөлімде оқушылар өздеріне ұнаған кітаптардың ішінен сурет салып соны қорғап шығады)

  2. «Менің сүйікті жазушым» 5-6-сыныптар (бұл бөлімде оқырмандар өздеріне ұнаған жазушыны жарнамалайды буктрейлер, көрініс т.б.)

  3. «Мына кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін» 7-9-сыныптар (бұл бөлімде оқырмандар көпшілікке қандай кітапты оқу керектігі жайлы жарнама жасайды)

І бөлім: «Менің сүйікті кітабым»

Суретін мен бір адамның
Салайын деп қалам алдым.
Дөңгелентіп басын салдым,
Екі сызып қасын салдым.

Міне, мынау мұрын болды,
Құлақ одан бұрын болды.
Аузын сап ем жаңа енді,
Күлімсіреп шыға келді.

Ең соңынан көзін болдым,
Айнымаған өзім болдым, - деп Адырбек Сопыбеков айтқандай, оқушыларымыз өздерінің салып келген суреттерін таныстырып өтсін.

ІІ бөлім: «Менің сүйікті жазушым»

Кітапхана – кітаптардың ордасы,

Білсең кітап – нағыз саған жол басшы,

Біздің ғасыр – білімділер ғасыры,

Деп айтқандай Елбасы.

Ендеше кітап - менің шамшырағым, серігім деп оқырмандарымыз бұл бөлімде өздерінің сүйікті жазушылары туралы әңгімелеп береді.

ІІІ бөлім: «Мына кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін»

Өмір мәні – өнер менен білімде,

Айтайықшы кітабыңды жыр ете.

Әрі ақылшың, рухани қазынаң,

Құнды байлық, баға жетпес бұл өте, - дей отырып, келесі «Мына кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде оқырмандар көпшілікке қандай кітаптар оқу керектігі жайында жарнама жасайды.

  • Бір ұмытшақ адам көп кітап оқыған екен. Бірақ оқыған кітабының, шығармаларының авторларын ұмытып қалыпты. Енді осы кітаптың, шығарманың авторларын табуға көмектесейік.

  1. «Менің атым Қожа», «Әжесінің баласы» кітаптарының авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

  2. «Қызыл жебе» кітабының авторы кім? (Шерхан Мұртаза)

  3. «Көксерек» әңгімесінің авторы кім? (Мұхтар Әуезов)

  4. «Он бес жасар капитан» кітабының авторы кім? (Жюль Верн)

  5. Кітапты жазған адам қалай аталады? (автор)

Әділ-қазылар жеңіске жеткен оқырмандарды марапаттайды. ең көп оқушы қатыстырған сыныптың апайына алғыс айтылып, естелік сыйлық тапсырылады.

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бас ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелеп кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

-Міне, оқырмандар кітап оқысаңдар қызыққа кенелесің, тауды жарып, тасты бұзасың, бүкіл әлемге саяхат жасайсың. Кітап ақыл-ойдың інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Бүгін сендер кітаптан өздеріңе пайдалы мағлұмат, біраз кеңес алдыңдар. Олай болса, Абайды Зере: «Қарағым, осының ақыл. Ішкен-жегенге мәз боп, мойны былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүргендер аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма» деп кітапты оқуға үйреткен екен. Кітапты көп оқиық. Оқырмандарымыз көбейе берсін. Ендеше, кітап – біздің рухани байлығымыз.

А Н Ы Қ Т А М А


207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқитын адам – табысты адам» тақырыбында 2-9-сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жан-дүниесін кеңейту. Сайыстың міндеті: Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Сайыстың міндеті: Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Бағыты: «Кітап оқитын адам – табысты адам» тақырыбында кітапханашының баяндамасы. Әрбір оқырманның өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, кітап оқуға және табысты болуға шақыру.

Сайыс үш бөлімнен тұрды:

  1. «Менің сүйікті кітабым» 2-4-сыныптар (бұл бөлімде оқушылар өздеріне ұнаған кітаптардың ішінен сурет салып соны қорғап шығады)

  2. «Менің сүйікті жазушым» 5-6-сыныптар (бұл бөлімде оқырмандар өздеріне ұнаған жазушыны жарнамалайды буктрейлер, көрініс т.б.)

  3. «Мына кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін» 7-9-сыныптар (бұл бөлімде оқырмандар көпшілікке қандай кітапты оқу керектігі жайлы жарнама жасайды)

Бірінші бөлім бойынша 15 оқушы қатысты. Әр оқушы өздерінің салған суреттерін, ертегілерін таныстырды. Соның ішінде 3-сынып оқушысы Төлеш А презентациясын көрсете отырып, ертегісін толық айтып беріп І орынды жеңіп алса, 3-сынып оқушысы Жүнісова А салып келген суреті бойынша ертегіні айтып беріп ІІ орынды жеңіп алды, ал ІІІ орынды 2-сынып оқушысы Өмірзақ А салып келген суреті бойынша ертегіні жақсы түсіндіріп жеңіп алды.

Екінші бөлім бойынша 5Б-сынып оқушысы Базарбай М Б.Соқпақбаевтың өмірбаяны жайлы презентация көрсетіп, «Менің атым Қожа» романы туралы айтып І орынды иеленсе, ІІ орынды 6-сынып оқушылары Бекболат Т мен Жеңсікбай А А.Құнанбаев туралы буктрейлер көрсетіп, үш тілде мәлімет беріп алса, 5А –сынып оқушысы Ахметжан А А.Байтұрсыновтың суретін салып, ол туралы әңгімелеп беріп ІІІ орынды жеңіп алды.

Үшінші бөлім бойынша «Менің атым Қожа» кітабын презентациялап жарнамалаған 7-сынып оқушылары Жақсылық І мен Бакриддин Б І орынды жеңіп алды. 9-сынып оқушысы Серікбай Ш «Кемел адам» кітабы бойынша презентация көрсетіп ІІ орынды жеңіп алса, үшінші орынды 8-сынып оқушысы Смағұлова Р «Өгей бала» кітабына бейнеролик көрсетіп жеңіп алды.

Сайыс қорытындысында барлық қатысушыларға сыйлықтар беріліп, жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталды, ең көп оқушы қатыстырған 2-сынып жетекшісі Ниязова А апайға алғыс айтылып, естелік сыйлық тапсырылды. Осы өткізілген шара әлеуметтік желіде жарияланды.


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0UZ2VA5gWaB1nUARgirwgLSPmkZNdf6BbRSC4bDVo5xCeR5gBPboeALjuUieLBwj3l&id=100057315225611

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!