400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Кітап оқиық,балақай!»

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Мәңгілік Ел» идеясын ұғындыру аясында «Әлем таныған Қазақстан», «Егеменді еркін ел-Қазақстаным», 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне «Н.Назарбаев: тұлға және саясаткер портреті» атты тұрақты кітап көрмелері ұйымдастыры-лып, насихатталды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай

«Кітап оқиық,балақай!» 25 әдеби көркем кітап

оқу байқауы өткізілді.


Құрметті ұстаздар, оқушылар еліміздің биылғы атаулы мерекесі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектебімізде көптеген іс-шаралар (25 ән байқауы, спорттық ойындар, сынып сағаттары) өткізілді. Сонымен қатар осы атаулы мерекеге орай біздің мектеп кітапханасында да біршама іс-шаралар атқарылды. Атап айтсақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Мәңгілік Ел» идеясын ұғындыру аясында «Әлем таныған Қазақстан», «Егеменді еркін ел-Қазақстаным», 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне «Н.Назарбаев: тұлға және саясаткер портреті» атты тұрақты кітап көрмелері ұйымдастыры-лып, насихатталды.

Көрменің мақсаты: Оқырмандарға Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, қазақтың өнері мен әдебиеті туындыларындағы тәуелсіздік, азаттықты аңсау идеясын түсіндіру.Тәуелсіздікке жету жолындағы, Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерді насхаттау. Қазақстан Республикасының Егемендік алған жылдардағы маңызды оқиғалардан тұратын хроникасын таныстыру, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектерімен, Елбасымыз жайында жазылған әдебиеттермен таныстыру. Көрме «Нұрсұлтан Назарбаев: тұлға және саясаткер портреті», «Егеменді еркін ел – Қазақстаным!»,бөлімдері бойынша жасақталды

Сонымен қатар 5-10 сыныптар аралығында 8-9 желтоқсан аралығында мек-тептің акт залында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Кітап оқиық,балақай!» 25 әдеби көркем кітап оқу байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ақын-жазушыларды, олардың шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау. . 

Байқаудың тапсырмалары:

1) Кез-келген қазақтың немесе шет елдің бір ақын-жазушысының өмірбаянын айту.

2) Бірінші тапсырмада таңдаған авторыңыздың бір кітабын, роман немесе поэмасын оқудан кейінгі түйген ойыңызды (рецензия) жеткізу.Жарнамалау.






Жүргізуші:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін, –

деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап  арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кі-таптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жы-ғады,білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі оқушылар дайындаған «Кітап оқиық, балақай!» атты байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Кітапханашы: Құрметті оқырмандар, оқушылар! Бүгін біз дүниедегі ең қымбат байлық, рухани азық кітаптың сан алуан қыры мен сыры туралы білмекпіз. Кітап ешбір заманда өзінің мәнін жоғалтқан емес.Кітап - ақыл мен жан азығы. Қазіргі жаһандану заманындағы компьютерлік технологиялар кітаптың құндылығын ешқашан баса алмайды. Өйткені кітап арқылы біз өмірді үйренеміз, біліміміз молаяды. Көп үлгі мен тәрбие аламыз. Халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады » - деп бекер айтпаса керек.

Жүргізуші:

Кітап білім бұлағы.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Ертегі әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

Кітап білім бұлағы.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Ертегі әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

Кітап адам өмірінде аса маңызды роль атқарады.Ол елді сүюге,талап-ты,кішіпейіл болуға,мейірімділікке,төзімділікке баулиды.Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.

Кітап бізге ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге береді.Кітап жан сері-гін,ақылдасар,сырласар досың.Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды,тарихымызды оқып білеміз.Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен.

Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Оқыған кітаптары арқылы авторлары туралы, мазмұнынан мәлімет беріп, ойын толық жеткізіп,жан-жақты ізденіп,тіл байлығын дамытып,түйіндеме жасай алды.Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді,ойлауға үйретеді,сөйлеу қабілетін,есте сақтауын,қиялын дамытады.Бұл кештің оқушыларға берері мол екеніне сенімдіміз.

Байқауды өз дәрежесінде өтуіне белсенді ат салысып, жауапкершілікпен қарап,төрелік жасаған әділқазылар алқасына,оқушыларды кітап оқуға ұйымдастырған пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне Усенова С, Болатова А,О, Абишева М,Т,Раздыкова М.М алғысымыз шексіз.

Осы аталған сыныптар төмендегідей марапатталды:

Жоғарғы сыныптар бойынша:

  1. І орын 9 А сынып оқушылары, сынып жетекшісі М.М.Раздыкова

  2. ІІ орын 9 Ә сынып оқушылары, сынып жетекшісі Ж.С.Тлекеева

  3. ІІІ орын 10 Б сынып оқушылары, сынып жеекшісі Г.Б.Құсаинова

Орта буын сыныптары бойынша:

  1. І орын 6 А сынып оқушылары, сынып жетекшісі Ә.О.Болатова

  2. ІІ орын 5 А сынып оқушылары, сынып жетекшісі М.Т.Абишева

  3. ІІІ орын 7 А сынып оқушылары, сынып жетекшісі Д.Т.Айдынбекова

Кітапханашы: Сөзімді қорытындылай келе, болашағымыз жарқын, жастары-мыз әдепті, кітапқұмар,мәдениетті ұрпақ болып өссе екен деп тілейміз.Кітап – өмір ұстазы.Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс,сондықтан бұл байқауымыз оқу жылының соңына дейін жалғасын табады.Пән мұғалімдері,сынып жетекшілері білімді ұрпақ тәрбилеуге ат салысайық.Ал білімді қайдан алады? Әрине,кітаптан. Кітап- білім бұлағы,білім-өмір шырағы демекші рухани бай болайық!

Кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, олардыұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап-барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүние.
 «Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек.Баланың
 ой - өрісін дамытудағы дамыту ойындары, табиғатпен байланыс, музыкалық білім және т. б. қатар маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды.Бүінгі кештің сендерге берері мол екеніне сенімдіміз. 

Қай елдің,қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі, сауаты, әрине, кітаппен байланысты.Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл- кеңес, тәлім- тәрбие, үлгі- өнеге алады. Кітап- біздің рухани жан азығымыз.

Кітап-білім бұлағы, білім –өмір шырағы. Осымен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай өткізіліп отырған  «25 Кітап» «Кітап оқиық, балақай» байқауы аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!



Б.Бөлтірікова атындағы №4 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Абуева Нұржамал Серікбайқызы

Жамбыл облысы,Қордай ауданы,Қордай ауылы.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1277
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі