400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітап оқу-өмірге деген құштарлық

Материал туралы қысқаша түсінік
"Оқуға құштар мектеп" жобасы оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, олардың өмірге , болашаққа деген құлшынысын ояту. бұл мақалада осы жоба аясындағы істермен өз тәжірибеммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітап оқу-өмірге деген құштарлық


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Бұл жобаның алдында мектебімізде «BookCrossing» жобасы жұмысын бастаған болатын. Жоба мақсаты өзің оқып, оны өзгеге ұсын. Яғни, оқушылар өздері оқыған әдеби кітапты мектептегі арнайы сөреге қалдырып, оны өзгелерге жарнамалап, бір-бірінің оқуға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізу. Ал, «Оқуға құштар мектеп» жобасы осы жобаның жан-жақты дамуына әкелді. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен семинарлар, дөңгелек үстел бұл жобаны ойдағыдай өтуіне көп көмегі тиді. Мектебімізде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында арнайы жоспар құрылды. Ата-аналар бұл жобамен таныстырылды. Мектебімізде оқушылардың қазіргі таңда түрлі гаджеттермен, ойындар, ұялы телефондағы көптеген қажетсіз дүниелермен уақыт өткізгенше қызықты, керекті кітап оқуды түрлі форматта ұйымдастырылып, өткізілуде.Сыныптарда әр айда «Отбасылық кітап оқу» акциясы жыл бойы жүргізіледі. 5 сыныптар арасында осы акция барысында жүлделі орын иеленген 5ә және 5в сыныптарындағы барлық оқушыға Шамалған ауылындағы «Атамекен» Елбасы мұражайына тегін сертификат таратылды. Оқушылар мектеп автобусымен мұражайды аралап, өздеріне көптеген мағлұмат алды. Бұл оқушыларға салтанатты түрде табысталған сертификат олардың кітап оқуға деген құлшынысын арттырды. Балалар жарысып оқи бастады. Ал, 9-11 сыныптарда өткізілген «Менің сүйікті кітабым» тақырыбындағы эссе байқауы да ерекше форматта өткізілді. Балаларға күзгі демалыста кітап оқып, оның желісімен эссе жазып келу тапсырылды. Демалыстан келген соң оқушылар эсселерін өткізіп, жеңімпаздар анықталды. 3-жеңімпаз оқушыға ақшалай сыйлық пен мақтау грмаоталары салтанатты түрде табыс етілді. Олар, 10 сынып оқушысы Тілеужан Марфуға 2000 теңге ақшалай сыйлық, 11 в сынып оқушысы Амирхан дастан және 10 сынып оқушысы Бозжігіт Елдана 1000 теңге . Бұл оқушылар өз кітаптарын салтанатты түрде марапатталғаннан кейін жарнамалады. Олар қалай оқығандарын, не үшін бұл кітапты таңдағанын айтып өз құрбы-құрдастарын осы өздері оқыған кітапты міндетті түрде оқуға шақырды.

Қазіргі таңда жастардың арасында мотивациялық, психологиялық, бизнес әлемі туралы кітаптар өте қызықтыратынын сауалнама арқылы білгеннен кейін, осындай ктіптарды бірнеше оқушы электронды нұсқасын сатып алып, оны басып шығарып оқу олардың арасында белең алуда. Бұл әрине, өте қуанарлық жағдай.

Кітап әлемі өте таза, саф әлем. Осы әлемнің ішінде барлық жан өз іздегенін тауып, әр уақытта өз оқығанымен бөлісіп отырса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Кітап оқу жастар арасында ғана емес, қоғамдағы барлық жан үшін ең керекті құнды дүниеге айналса екен!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
1284
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі