кітап оқудың пайдасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

кітап оқудың пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
кітаптың оқудың пайдасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

кітап оқудың пайдасы

Қазіргі таңда ақпарат ағыны өте жылдам дамып келеді,және көптеген адамдар кітап оқуға аз уақыт бөледі.Алайда кітап оқу- ой-өрісті кеңейтудің,шығармашылық қабілетті дамытудың және білім деңгейін арттырудың ең тиімді жолдарының бірі.

1-ойлау қабілетін жақсартады

Кітап оқу адамның логикалық ойлауын дамытып,талдау қабілетін арттырады.Әсіресе,детективтік немесе ғылыми шығармаларды оқу адамның сыни ойлауын жетілдіреді.Әдеби шығармаларды оқу адамның киялын арттырады.Көркем әдебиет оқыған кезде ми визуалды бейнелерді елестетуге мәжбүр болады,бұл оң жақ ми жартышарының белсенділігін арттырады.

2-сөздік қорды байытады

Адам кітап оқыған сайын жаңа сөздерді үйреніп,сөйлеу мәнері жақсарады.Адам сөйлеу мәнері,ойын нақты әрі көркем жеткізе білуі оның сөздік қорына тікелей байланысты.Кітап оқу сөздік қорды байытудың ең тиімді жолдарының бірі.Бұл әсіресе журналистика немесе жазушылық жолды таңдаған адамдар үшін өте маңызды.Лондон университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулері бойынша,тұрақты түрде кітап оқитын адамдардың сөздік қоры 26%-ға кеңейеді.Балалық шақта көп кітап оқыған балалардың сөздік қоры ересек өмірде 1,4есе артық болады

3-есте сақтау қабілетті жақсартады

Кітаптағы кейіпкерлер мен оқиғаларды есте сақтау миды жақсаратды.Бұл адамның есте сақтау қабілетін нығайтып,зейін қою дағдасын дамытады.Есте сақтау қабілетін жақсарту-ұзақ уақыттық жаттығуды қажет ететін процесс.Ғылымдардың зерттеуі бойынша,адам ақпараттың 50%-ын бір сағат ішінде,ал 70%-ын бңр күн ішінде ұмытады,егер оны қайталамаса.2013жылы Чикаго университетінде жүргізілген зерттеу нәтижесінде тұрақты түрде кітап оқитын адамдарда Альцгеймер ауруы мен демецияға шалдығу қаупі 2,5 есе төмен екені анықталды. Себебі кітап оқу нейрондар арасындағы байланыстарды күшейтіп,мидың қартаюын баяулатады.

4-жазу шеберлігін арттырады

Кітап оқу сауатты жазудың ең жақсы жолдарының бірі.Көп оқыған адам дұрыс сөйлем құруды,ойды жүйелі жеткізуді үйренеді.Сонымен қатар кітаптағы көркем тіл мен сөздік қорды меңгеру шығармашылық бағыттағы адамдарға да,күнделікті өмірде ойын жеткізгісі келетіндергеде пайдалы.Көп оқитын адам әртүрлі жазу стильдерін меңгеріп,кез келген аудиоторияға лайықты мәтін құрастыруды үйренеді.Сондықтан жазу дағдысын жақсартқысы келетін кез келген адам үшін кітап оқу таптырмас құрал.

Кітап адамның рухани серігі,ой өрісін кеңейтетін құрал.Ол тек білім беріп қана қоймай,адамның жан-жақты дамуына ықпал етеді.Сондықтан кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыру-табысты әрі саналы тұлғв болудың негізгі шарты.Кітаппен дос болу-болашаққа жасалған үлкен инвестиция.Бүгінгі таңда технология қаншалықты дамыса да кітаптың құндылығы ешқашан жойылмаған.Әрбір адам өзін жан-жақты дамыту үшін кітап оқуды әдетке айналдыру керек.Себебі кітап-уақыт өте келе ескірмейтін,адамды үнемі жетілдіретін ең сенімді серік.Әрбір адам кітапты өз өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруы тиіс.Ұлы ойшылдар айтқандай “кітап-ақылдың дәріханасы” демекой санамызды шыңдау үшін кітап оқуды өмірлік дағдыға айналдыру маңызды


Тұрсынқан Томирис

Алматы қаласы

Кенен Әзербаев атындағы орта мектеп

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2025
290
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі