Кітап оқып жүрміз бе?
Жаныңды ауыр мұң басып,кейбір ойлар мазалап,бір
ғажайып дүниемен байланысқың келсе,онда оны даладан іздеудің қажеті
жоқ. Мен білетін бір тылсым ғажап дүние бар.Ол дүниенің есігі
ашылса болды,барлық сырсандығындағы ғажайыптарын ақтарады.Ал сол
белгісіз бір ғажайыптар саған бұл өмірде әрқашан күш беріп, өмірде
дұрыс жол сілтейді.Ол-кітап. Кітап дегеннің өзі бір ғажап дүние
ғой. Үлкендер айтады:"кезінде біздер майшамның жарығымен,
көздеріміз сығырайып,кітаптың қызығына тоймайтынбыз"
дейді.Тіпті,бұрын кітапxанаға құмырсқадай быжынап барып жүрген
балалар саны қаншама еді. Қазірде жиырма бірінші ғасыр дамыған
заман,әр баланың қолында телефон,интернет желісінен керегін алып,
кітапxана дегенді ұмытты.
Иә,бұл жанды күйдіреді екен. Қазіргі заманда
техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген
сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығына,
әсіресе көзіне зиян. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында -
кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенін дәлелдеу
керек.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің
бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде
немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық
ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап
дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді
Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен
түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның
білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы
шарттардың бірі. Баланың кітапқа ынтасын ояту үшін кішкене
бала кезінен Абайға әжесі ертегілер мен әңгімелерді көп оқығандай,
бізде содан сабақ алуымыз керек. Кейбір жасөспірім баларға
неге кітап оқымайсың десе, «үйде
оқитын кітап жоқ»
деп сылтау қылады.
Үйде кітап жоқ дегені, денемде жаным жоқ дегенмен бірдей екен.
Мәселен, Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым- Қожа" атты кітабы
қандай керемет. Балаларға үйретер тәрбиесі өте мол
туынды.
Кітап барша жанның көз жанары емес пе? Егер кітап
болмаса, сен руxани бай болмас едің. Кітап ел мен жерді сүюге,
талапты,
кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды. Сондықтан
да, ата-ана,
балам сауатты, білімді болсын
десеңіз,
баларыңызға ертегі кітаптардан бастап,
анықтамалықтар, сөздіктер, мақал-мәтелдер тағы да басқа кітаптар
алып бергенді әдетке айналдырғаныңыз жөн. Әр мейрам сайын балаңызға
әдеби кітап сыйға тартыңыз. Сол кезде ғана баланың кітапқа деген
маxаббатын өрбіте аламыз.
Махабатқа толы мейірімді
жүрек
Көктемде топыраққа түскен дән
алдымен нәзік сабаққа айналып,артынан уақыты жеткенде тал
бүршіктейді, өсімдік түйін тастайды,алма ағашы гүлдейді, гүл аузын
ашады-шешек атады.Өсімдік үшін осы бір ғажап шақ тек қана жазда
болады.Ал махаббатқа мерзім жоқ-ол жылдың төрт мезгілінің қалаған
маусымының сәтті сағатында жүректе гүл жарып шыға
келеді.Қызғалдақтың қызыл түсіндей үнемі дүрсіл қағып тұратын нәзік
жүрек бар.Қыста жана жауған лүпіл қаққан ақ мамық секілді аяулы
алақанның біреуі бесіктегі сәбиді тербетсе,екіншісі әлемдегі барша
жұртты әлдейлейді.Жерге нұрын төгіп шуағын шашқан күндей күлімдеген
бір ақ бейнелі жүз бар.Иә,Ана жайлы ойынды,айтып тауыса алу мүмкін
емес. «Ана!Ана!Ана!"Ана» дегенде толқымайтын жүрек,толғанбайтын жан
жоқ.Жарық дүние есігін ашқан сәбидің іңгәлаған даусын еріксіз
күтетін бір жан иесі бар.Ол-Ана.Тіпті,нәрестеге тіл бітіп ең алғаш
"анашым"деп айтқанда,мөлдір қара көздеріне жас келіп,жүрегі елжіреп
дүниеде өзін ең бақытты жан сезінеді.Өйткені ол бар махаббаты мен
мейірімін жерге жауған жаңбырдай төгеді.Аналар сөйлегенде аузынан
ақ маржандай болып сөздер түзіле түседі.Ана махаббаты барша
байлықтан күшті.
Інжу теңіздің терең түбінен алынады.Теңіздің
суығына тоңып,суына тұншықпағанның інжу мен меруертке қолы
жетпейді.Аналар да бұл өмірде баласы десе жанын қиюға дайын
тұрады.Мен бұны ақиық ақын Мұқағалидың "аққулар ұйықтағанда
"поэмасынан көргендей болдым.
Жас Ананың балаға махаббаты
сонша дүниедегі ең киелі сұлулық символы аққу атты құсты атуға
мәжбүр болды.Менің ойымша, ол ана өз өміріңді балаң үшін пида ет
десе де,дайын тұрғандай көрінді. Бұл сөздерді мен ананың жараланған
жүрегінен оқығандай болдым.Ана жүрегінің түпсіз тереңдігі мен
батылдығы, әлемді көтеріп тұрған қара жермен ғана тең.Не себепті
екенін білмеймін,бірақ бұл өмірде махаббатың төрешісі ,ананың
балаға деген махаббаты дер едім. Бүгінде бұрынғы аналар мен қазіргі
аналардың айырмашылығы бар ма ? Иә, бүгінде бұрынғы алтындай
аналарымыздың ізін басушылар кемде-кем.
Бірақ, ешқандай ана баласын жамандыққа қимайтыны
рас. Көбінесе тастанды балалардың анасы бізді алаңдатады. Бірақ ,
ана деген әр үйдің алтын діңгегі дейді емес пе?! Сондықтан ана
деген атқа кір келтірмейік. Сонымен қатар ана қадірін сезінбейтін
жас буын жеткіншектер қаншама. Қолда барда қадірін білмей, кейін
өкінгенмен пайда жоқ.
"Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң
да,қарызыңнан құтылмайсың"-деген сөз бар.Ананың алдындағы парызыңды
орындай алмасаң,бұл дүниеде бақытты өмір сүре алмайсың.Иә,ана жайлы
жырламаған ақын да,жазушы да,сазгер да жоқ шығар.
Ана!Осы сөзді естігенде-ақ
бойыңды бір жылылық баурап алатын тәрізді.Ана-ұлылардың
ұлысы,махаббаттың бастауы.Кең дүниені шарлап,жер бетін араласам да
анадан қасиетті,ұлы жанды таба алмас ем?!Ана өмірдегі шексіз бақыт
иесі. Ал,біз ананы құрметтеуіміз керек.Ана-мен үшін ең керемет,асыл
жан.Мен өз анашыма және әлемдегі барша ақ жаулықты аналарға өз
қаламымнан шыққан өлеңімді арнағым келеді.
Сыйлап өтем ақ жаулықты
анамды,
Сүйіп өтем ақ мамықты
алақаныңды.
Құдіреті биік,аяулы асыл
анашым,
Қарызбын-саған,қарыз боп әркез
қалмадың,
Жыр арнайды өзіңе сәби
балашың.
Бұл өмірде екі күн шуақ бар. Оның бірі аспанда
жерге жылу сыйлап,жарығымен гүлді бой түзетсе,енді біреуі ана деген
қадірлі жанның жүрегінде.Ол сол маxаббатқа толы мейірімді жүрегімен
барша әлемге жылуын шашып,өз құрсағынан жарып шыққан баласына бар
мейірімін төгіп, болашаққа қадам бастырады.