400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

кітап сарқылмас қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар кітап туралы мәліметтер алды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Кітап сарқылмас қазына »
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды білім құралының маңызымен таныстыру.және кітап туралы мәліметтер беру Білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.Сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру .
2. Кітапты күтіп, таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар. Слайдтар бейне ролик
Сабақтың барысы:Қызығушылықтьы ояту Шаттық шеңбері

Оқушылар үш тілде амандасады .

Кітап – қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап - білім бұлағы», - деп бекер айтылмаған екен.

«Сиқырлы сандықтағы» жұмбақтарды жасыру :

Бiлiмнен мол сый -асы,
Балғындардың ұясы (
Мектеп)

Shape1





Ұзын-ұзын,ұзын жол

Ұшына жеткен бар ма екен?

Түбі терең қара су,

Түбіне жеткен бар ма екен?

Түбіне жетіп бұл судың

Қанып ішкен бар ма екен?(Оқу)

Қабат қабат қаттама

Ақылың болса аттама (Кітап)


Shape2

Ақыл - ойдың шырағы,
Зәул
iм көктей шынары.
Би
iгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары
(Білім)

Білім

ҚShape3

















Оқушылар әр заттың бас әріпінен сөз шығарады КІТАП сөзі Келесі тапсырмада шатасқан буындар ойыны Оқушылар Буындардан сөздерді құрастырып сабақтың тақырыбын ашып айтады Сабақтың тақырыбы : «Кітап сарқылмас қазына »



Кітап тарихы. Кітап тарихын сынып оқушылары айтып береді.

1-оқушы :  УМИДА Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Біреулер ол кітаптарды өздерінің қолындығы ққулықтар сияқты болар деп ойлап қалуы мүмкін. Ол кезде мұндай кітаптар қайдан бола қойсын, балшықтан жасалыпты. Онда ойыншық кітап болар деп ойлар тағы біреулер. Тіпті олай емес. Оқитын кітап. Ол қалай жасалады дейсің ғой? Жұмсақ балшықтан қыш жасапб бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған.

Ал Қытайда бамбуктен жұқа таяқшалар әзірленіп,соған жазған. Таяқшадларды жіпке тізіп қойған. Келе-келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.

2-оқушы : АРСЕН

Біздің заманымыздың II ғасырында қағаз дүниеге келген. Ал Ежелгі Египет кітап сөздерін тасқа қашап жазған. Біздің жартастағы жазуларды өздерін де көзбен немесе суретінен көрген боларсыңдар. Ежелгі ата-бабаларымыз да сөйткен ғой. Одан кейін папирусқа, қамыс тәрізді өсімдіктің жапырағын нағыздап, бір-біріне желімдеп, соған жазған. Ондай кітаптардың ұзындығы ондаған метрге жеткен. Ондай кітаптарды қалай сақтаған ? Шиыршықтап орапб түтікшеге салып қойған. Греция, Рим 2 мың жыл бойы осындай кітаптар шығарып келген.

3-оқушы : АЯУЛЫМ

Біздің заманымыздың II ғасырында Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірлеген( осыдан біраз жыл бұрын біздің Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың өлеңдері жазылған пергамент табылғанын білетін боласындар.) Ал Пергам патшалығы б.з.б 283-133 жылдар аралығындағы Кіші Азияның солтүстік батыс жағында өмір сүрген. Римнің ықпалында болған.

Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен, Греция мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған.

Сөйте-сөйте XIII ғасырда Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз пайда болған.

Кітап баспасы.

4-оқушы: БАҚТИЯР Кітап- арабтың «жазу» деген сөзі. Кітап- рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы. Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Сондықтан, дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей еліндегі « Таурат», қытай тіліндегі«конфуция», парсы тіліндегі « Інжу» Евангедиеев, араб тіліндегі « Құран».Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалды. Каллиграфия қалыбы XIғасырда пайда болды. Ал 1045 жылы шың елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді (Литер) жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет XV ғасырда неміс өнертапқышы И. Гутеньерг баспа станогын жасады. Русьте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.

5-оқушы: АНЕЛЬ

Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған « Оғызнама», Махмұд Қашқаридың

« Диуани лұғати-ат-түрке» т.б кітаптары болды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады. Төңкерістен кейін өзімізде шықты. Қазақ тілінде кітап басып шығару ісіне Татарстан, Өзбекстанның прогресшіл басшылары едәуір ат салысқан.

Кітап туралы не білеміз?

6-оқушы:БИФАТИМА  Адамзат қауымы өзінің ілгері дамуында бір белеске қол жеткіздім, білімді, мәдениетті болдым, айтшылық алыс қиырларға бір сағатта жететін техпрогресті егердім десе, бәрі де кітап өнерінің дамуымен тікелей байланысты.

Кітап- білім бұлағы! Кітап –даналардың данасы. Оған жететін бірде-бір құндылық жоқ.

Жер жүзіндегі ең үлкен энциклопедия- « Суретті евроамерикандық әмбебап Энциклопедия». Басылымы 105мың беттен тұрады. 1983 жылдың тамызында энциклопедияның 104 томы жарық көрген.

Әлемде мұндай аты шулы басылымдар аз емес. Дамыған мәдениетті елдер келер ұрпаққа қажетті негізгі білім қайнарларын осындай ірі-ірі басылымдарға жинақтап, буып-түйіп, болашақ күндерге аманаттап отыр.

Кітап туралы толғау.

7-оқушы: ЕРАСЫЛБіздің ата-бабамыз « Кітап-көп ақылдың құйылған көлі»,

«Кітап-білім бұлағы», « Кітап- ғажап дос» деп бекер айтпаған. Барлық білімді біз кітаптан аламыз, кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділеттілікке, зұлымдылықпен күресуге үйретеді.

Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, жақсысынан тағылым аламыз. Қымбат мұра ретінде бағалаймыз. Кітап туралы: « Мен одан қайырымды көршіні , одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін»,- деген екен араб жазушысы Әл-Жиһаз.

Кітап қай заманда да өзінің құнын жоғалтпаған. Кітап- өлмейтін дүние. Мұны дүние санатына жатқызудың өзі артық. Адамды адам еткен, тобыр деңгейінен көтерген фактор ең бірінші кітап еді.

КІТАПТЫҢ САН АЛУАН ТҮРЛЕРІ слайдтан көрсету.

Оқушыларға бейне ролик көрсету «Кітап»

Келесі тапсырма Кітап туралы қызықты мәліметтер слайдтан көрсету .

Келесі бейне ролик Аия мен Әли Қызықты кітап

Әр кітап оқыған сайын, бұрын беймәлім дүниенің есігін ашып кіргендей өзіңді сезінесің, кітаптың кереметтігі осында.

Оқушылардың тақпақтары

Ерсултан Саған білім жемісін,
Оқулығың береді,
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді,
Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін,
Білмейсің-ау сен бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
ЖанеркеОқулығың құралың,

Жағар білім шырағын,
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым,
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста,кірлетпе,
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.

Бақдаулет
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
Жасмин
Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
Кітаптар бейне жапырақ

Жырлайтын сырын өмірдің

Оқисың кейде жаттап ап

Көтеріп күйін көңілдің

Көрініс «КІТАПТАР МҰҢЫ»

Кім тапқыр ойыны Оқушылар үштілде сөздерді аударып айту

Білім,кітап ,қалам,оқушы ,сурет,мектеп.

Көрініс « НАУҚАС КІТАП» Кітапты ұстау ережесі: Кітапханашы апайдың тапсырмалары:
Кітапта сыр-сипат көп, оқып шығу бірінші іс. Окығанды ой таразысынан өткізіп, салмақтау екінші іс, өз ойыңмен салыстырып саралау, қортындылау үшінші іс. Ал бұны істей алмасаң, окыған кітабыңның берері аз. Кітап сараң, кім-көрінгенге сыр-сипатын бере бермейді.

Келесі тапсырма Кітаптың мұңы «ИӘ немесе ЖОҚ» ойыны.

Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды.
Оқырмандарға айтарым: көңіліңе ұнаған кітапты күн сайын оқу керек, тіпті жылына бір рет қайталап оқу керек, сонда одан бұрын аңғармаған көптеген пікірлерді табасың.

Оқушылар бір-бір мақал –мәтелдер айтып жарысады.

« Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады». М.Әуезов.

«Кітапсыз- өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн».

« Кітап- адамзат ақыл- ойының , інжу- маржанын бойына жинайды да оларды ұрпақтан- ұрпаққа жеткізеді., біз бір уыс топыраққа айналамыз».

« Кітаптың қасиеті- мәңгілік»

«Кітап -өмір ұстазы»

« Кітап- көп ақылдың құйылған көлі»

« Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы»

« Кітап – біздің досымыз ғана емес, мәңгілік тұрақты серігіміз»

« Кітап – ел мен жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды»

« Кітап- мидың миуасы»М. Әлімбаев

Оқу  - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.
Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы
Кітап-ақыл ойдың айдыны
Кітапсыз үй-терезесіз бөлме
Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат
Көп жасаған білмейді,көп оқыған  біледі
Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ..

Кітап - алтын қазына. Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.

Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Елбасы сөзі
 Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.



Shape4

Кітап -асып-таспайтын асыл досымыз.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі