400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітап тарих шежіре

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап тарих шежіре
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кітап-тарих шежіре»

23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне байланысты оқырмандардың әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітаптың құндылығын насихаттау мақсатында «Ізгілікті істер» жәрмеңкесінің аясында Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінде «Кітап-тарих шежіре» атты ашық тәрбиелік іс –шара болып өтті.

Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойның жемісі, тарихы мен тағлымының алтын сандығы. Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап ақылдың кені. Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.

Шара барысында 7 «Г» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Калымбетова Сауле және мектеп психологтары, тәлімгер, мұғалімдер қатысып, оқушылар кітаптың шығу тарихы, қағаз туралы түсініктер, кітап туралы толғауларын, сонымен қатар бүгінгі іс-шарамыздың кейіпкері- кітап екендігін, ол- бүкіл адамзаттың ұстазы екендігін жақсы ойлар, пайдалы пікірлерін оқушылар айта білді. Әлемдегі қызықтың барлығын, табиғат ғажайыптарын, жаратылыс қырларын, тарих шежіресін біз кітаптан ғана табады екенбіз. Шарада кітапханашы Досымова Қалдыгүл апай оқушыларға кітап туралы сұрақ-жауап ойыны ойнатылып оқушылар белсене қатысып, жақсы жауаптарын берді. Оқушылар кітап туралы тақпақ, өлеңдер оқып кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыра білді. Шара соңында мектеп кітапхана меңгерушісі Омарова Ләззат қорытындылап, оқушыларға әрқашан кітап оқуға бар ынталарын салып, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып оны оқу арқылы үлгі өнеге, тәлім-тәрбие алуға, кітапты ұқыпты, таза ұстауға шақырып өз лебізін білдірді.

Ләззат Омарова

Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп кітапхана меңгерушісі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2018
959
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі