400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітап туралы пікір

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап туралы пікір. Жоғары оқу орындарының студенттеріне көмекші материял
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.


Тұлғаның жан-жақты дамуы, жарасымды қалыптасуы оқыған ортасына, алған біліміне байланысты. М.Айбек: «Кітапта адамзатқа қыл-ойынның інжу-маржанын бойына жинайды да оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Біз бір уыс күл топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темірмен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына сақталады», -деген екен. Сол себепті білім алу үшін кітап ауадай қажет. Ол – білім бұлағы. Оны бойға сіңіру үшін көп оқу қажет.

Кітап – рухани қазына, байлық өмір айнасы, заман сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы. Кітаппен достассаң көп білесің. Бірде ұялтса, бірде мақтайды, бірде бүкіл әлем сырын алдыңа жайып салады. Кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын рухани азығы болып қала бермек.

Компьютер, телдидар және ұялы телефон ғасырларда кітап бұрынғысынша әрқайсысымыздың ең сенімді өмір серігіміз болып табылады. Өйткені кітап – сарқылмас рухани байлық. Кітап адамзат баласына білім сыйлайды. Кітап беттерінде адамзат баласының сан қилы құпия сырлары сақталған. Кітап біздің алға жылжуымызға, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуімізге өлшеусіз ақыл қосады. Кітап – ең сабырлы ұстаз.

Еліміздің баспаларынан күн сайын бірнеше миллиондаған кітаптар басылып шығады. Осы кітаптар не туралы, көп кітаптың ішінен өзіңе керек кітапты қалай таңдайтын болады?

Әр кітап өзінше бір құпия. Оны бірден парақтап оқи жөнелмей, алдымен»аударып-төңкеріп» қарап, кілтін табуға тырысайық. Бұл үшін кітаптың өзіндегі мәліметтердің құпиясын білу қажет. Мұқаба - кітаптың сырты, ол қалың қағаздан жасалып безендірілген, кітапқа әдемі көрік беріп тұрады. Мұқабадан кітаптың авторын, атауын білуге болады.

Аннотация – кітаптың авторы және жалпы кітаптың қысқаша мазмұны жөнінде мәліметтер беріледі. Кітап сөресінің жанында тұрып-ақ, бұл кітаптың қаншалықты қажеттігін ұғасың. Яғни кітап өзі туралы өзі айтып береді.

Мазмұны - кітаптың бірнеше немесе соңғы бетінде болады. Мазмұны арқылы көп нәрсені білесің. Әңгімені немесе керек өлеңіңді табуға кітаптың «мазмұны» көп көмектеседі. Бұл жерде кітапқа кірген барлық тақырыптар қамтылып, оларды керек беттен тауып аласың.

«Кітап – білім бұлағы, білім өмір шырағы»

«Жақсы кітап – жан азығы»

«Кітап – ең сабырлы ұстаз»

Жақсы кітап оқу – жақсы адаммен сырласқанмен бірдей деп Толстой атамыз айтқандай, «Кітаптағы жарияланған әдеби шығармалар» қолмен ұстап, көзбен көрер нақты затты бүге-шүгесіне дейін бейнелейді. Мұның барлығы тіл құдіреті арқылы жүзеге асады. Адам табиғатынан нәзік, ерік құмар, бостандық сүйгіш екені белгілі. Міне дәл осы арада әдебиет оқырманға бұрын беймәлім болған оқиғаны, шындықты, бейтаныс заманды танытады. Көзі ашылады, көкірегі ояу жүреді. Әлемді басқа қырынан көреді. Жеке тұлға өмірін жандандыра түседі. Әдебиеттің қоғамдағы орнын айтпастан бұрын оның жұрт алдындағы маңыздылығын арашалап алуымыз қажет. Қандай бір әдеби туынды болмасын, ол бұрын-соңды белгісіз болып келген нәрсені ұқтырады. Төрт қабырғалы бөлмеден шығудың жолын қарастырады. Яғни жалғыз ғана есікті сізге айқара ашады. Сізге түсініксіз болған өмір заңдылығын тереңдеп, танытпақ. Әдебиет оқушының өмірді тануына, оның эстетикалық ұғым-түсінігін, сезімін байытуға қызмет етеді. Әдебиеттің қоғамдағы атқаратын рөлі зор. Мысалы, шығармада бейнеленген тұлғаға оқырман елігеді, оған ұқсауға тырысады. Құбылысты сөзбен емес іспен жасатады. Көркем әдебиет саласында тұрмыс-салт жыры, шешендік сөз өнері, айтыс, мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, батырлық, ғашықтық, эпос, тарихи жырлар ауқымды дамыған. Олар өз кезіндегі қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесін көрсетеді. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігі мен дербес идеясы жырланған. Әдебиеттің мәні – негізінен тәрбие, ізет өнеге, көркемдікке сүйеніп, «әдеп» түбірінен тарайды. Мұнымен қоса, көбіне ол дүниетанымға қатысты рухани өмірдің жаңа сырларын ашуға себеп болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3259
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі