Материалдар / Кітап-ұлттық рухани қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітап-ұлттық рухани қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап күніне сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
876
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін___________ Сыныбы: 6 «Б»

Сынып жетекшісі: Байдушова Анель Саликовна

Күні:5.12.17

Өтетін орны:№18 кабинет

Тақырыбы:Кітап-ұлттық рухани қазына

Мақсаты:

-Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жүзеге асыру;

-Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру;

-Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер мен тақырыптық безендірулер.

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру

Сыныпта атмосфералық көңіл-күй орнату
ІІ. Ой-шақыру

Жұмбақтар шешу.
а) Теңізде түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең (Білім)
ә) Көп әңгіме - өлеңім,
Күнде ақыл беремін. (Кітап)
б) Үндемес серік, ақылы берік. (Кітап)
ІІІ. Негізгі бөлім

Кітап арабтың   “жазу”деген сөзінен шыққан. Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасан ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен, өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді. Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп, кейін күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.


«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады» деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас. Шынымен де, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.
Кітап-барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда тап-тырмайтын баға жетпес дүние.


 «Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек.
Адамның ой - өрісін дамытудағы дамыту ойындары, табиғатпен байланыс, музыкалық білім және т. б. қатар маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады. Кітап адамның ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Бүгін біз «байлықтың үлкені - рухани дүние» деп айтамыз. Ал, оған құмарлық адамның кіп -кішкене кезінен басталады. Сәби тілі былдырлап шыққаннан ақ сүтін емізген анасының әлди әуеніне құлақ түреді. Әжесі мен атасының жарыса айтқан ертегілерін қызыға тыңдайды. Жалмауыз кемпірдің жауыздығын естігенде жәудіреген жанарларына үрей ұялайды. Батырлық пен тапқырлық туралы айтылатын жерлерінде жаны жадырап, рақаттанып отыра-ды. Осы құштарлықты әдемі безендірілген суретті кітапшалар ұштай түсетінін де үлкендер жақсы біледі. Ал кітап таңдай алудың өзі үлкен өнер.
  Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы.
Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. 


  Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.


2 сәуір – “Халықаралық балалар кітаптарының күні”, ал 23-сәуір-”Дүниежүзілік кітап күні” болып табылады.

ІV. Мақал-мәтелдер:
1.Оқу  - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
2.Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы
3.Кітап-ақыл ойдың айдыны
4.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме
5.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат
6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған  біледі
7. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.
8.Кітап - алтын қазына.
9.Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.
10.Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.                               
V. Кітап туралы ой-толғаныстар:

-Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды.
-Саф саф алтын тапқын келсе, кітапты көп оқы, ол мың кітаптың бірінде жатыр, іздене бер, кездесесің!
-Кітаптан әнуар нәрсе таппадым, жылынасың я суынасың да, қуанасың да, мұңаясың да, сүйтіп өзіңді әлемнің бір бөлшегіндей сезінесің.
-Кітапты оқысаң, өзіңнің қай жерде адасып жүргеніңді білесің.
-Әр кітап оқыған сайын, бұрын беймәлім дүниенің есігін ашып кіргендей өзіңді сезінесің, кітаптың кереметтігі осында.
-Кітап бір үғымды әсерлеп көрсетудің әртүрлі жолын көрсетеді.
-Кітапта сыр-сипат көп, оқып шығу бірінші іс.
Окығанды ой таразысынан өткізіп, салмақтау екінші іс, өз ойыңмен салыстырып саралау, қортындылау үшінші іс. Ал бұны істей алмасаң, окыған кітабыңның берері аз. Кітап сараң, кім-көрінгенге сыр-сипатын бере бермейді.
-Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі.
-Кітапты көп оқыған кенже қалмайды.
-Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.
-Кітаптың берер сабағы, ойы ғарыштан да шексіз, жарық, нұрлы, қуатты.
-Сезімтал, сергек жасқа ұлы ұстаз- кітап.
-Түсініксіз ұғымды, пікірді, сұрауды білу үшін талай кітаптың бетін ақтарасың, арқа етің арша, борбай етің борша етіп іздегенді табасың,
-Кітапты қалам жазбайды, қаламды ұстаған жазады.
-Оқыған кітабыңдағы сөз өз ойыңдай, өз түсінігіңдей болса, онда ол кітапты жаман жазылған деуге болмайды, себебі кітаптағы сөзді өз ойыңмен салыстырып, салмақтап көресің, сүйтіп түсінігіңнің дұрыс бағытта екеніңді, өз мөлшеріңді байқайсың.
-Жақсы кітап жолдағы бастау, әр адам керегінше сусандай алады.
-Жүрегіңді жылыту үшін кітапты көп оқы.
-Керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады.
-Әр оқыған кітабыңнан сезімге – сезім, ойға – ой, үмітке – үміт тудыратын пікірді тауып алсаң, өзіңді бақытты сана.
- Қай істе болмасың, басы мен соңы болады. Сол сияқты әр кітаптың басы мен соңы бар, оған ерекше мән бере оқу қажет.
VІ. Қорытындылау.

- Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!