Кітапхана
– парасаттың мекені.
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті кеш қонақтары.
Бүгінгі өтетін «Кітапхана – парасаттың
мекені» деп аталатын әдеби кешімізге
қош келдіңіздер.
Алдымен
кітапхананың шығу тарихына үңілсек,
алғашқы кітапхана біздің заманымызға
дейінгі VІІ ғасырда Ассирияда пайда
болған. Кейіннен Грецияда, Римде кітап
оқитын үйлер болған. Египеттің
Александрия қаласындағы кітапхана
ежелгі дүиедегі ең үлкен кітапхана
болып есептелді. Ол әлемнің жеті
кереметінің бірі саналады.
2
– жүргізуші:
Иә, балалар, тіпті кітаптың шығу
тарихы да қызық. Алғаш рет Вавилондықтар,
Ассириялықтар, басқа да көне халықтар
саз балшықтан жасады. Жұп-жұмсақ
балшық тақтаға үшкір таяқшамен ойып
ерекше белгілер салынды. Сонан соң
жаңағы балшықтан жасалған тақталар
кептіріліп, күйдірілді. Одан талай-талай
кітап, тіпті бүтіндей кітапханалар
құрастырылды.
1-жүргізуші:
Кітапхана – бұл кітап сақтайтын,
тарататын, жинайтын орын болып
есептеледі. Кітап – ғажап дос. Енді
осы кітаптың алдында бас иіп, көптеген
ақын- жазушыларымыз кітап туралы
өлеңдер жазған. Енді соларға кезек
берейік:
1-оқушы:
Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесің
мұнда өмірге азық жиясың
Оқып-біліп,
зерттеп көріп санаңа,
Терең
білім, ой маржанын құясың.
2-оқушы:
Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»
«Кітапхана
– сол кітаптар тұрағы»
Көп
үйреніп, көп оқыған баланың
Анықтағы
білімпаз боп шығары.
3-оқушы:
Ойшылдар мен білімпаздар мекені
Бәріңе
аян кітапхана мекені
Кітаппенен
дос болуға баулитын
Кітапханашы мұнда
қызмет етеді.
2 –
жүргізуші:
Иә, кітапхана – бір әлем. Кітапханашы
қолымен жасалған «Жаңа кітаптар»,
«Қазақстан - 2030», «Балаларға базарлық»,
«Өлке тану - ел тану» кітап көрмелері,
«Әдістемелік бұрышы» , «Спид - ғасыр
індеті», «Өсеміз елбасының жолдауымен»
«Тәуелсіздікке 20 жыл» тақырыптық
көрмелері кітапханадан өз орындарын
тапқандай.
1–
жүргізуші:
Сұраған тақырыбыңды оңай тауып алуыңа
көмектесіп, библиографиялық шолулар
жасап, ертеңгілік, кештер, түрлі
ойындар ұйымдастырып тыным таппайтын
кітапханашылар еңбегі бір төбе.
4-оқушы:
Білесіңдер
аналардың мейрамын
Кеше
ғана «Ұстаз тойын» тойладың
Ал
қазанның 15-ші жұлдызы
«Кітапханашы
күні» екенін ойлағын.
5-
оқушы: Бүгін
мейрам, бізге үлкен мереке
Тойлайықшы
кітабыңды жыр ете.
Әрі
ақылшың – рухани қазынаң
Құнды
байлық баға жетпес бұл өте.
6-оқушы:
Өмір мәні - өнер менен білімде
Құштар
болсаң көп құмартып білуге
Қарсы
алып, сені дәйім күлімдеп
Жөнін
айтып жол нұсқайды білімге.
2 –
жүргізуші:
Құрметті кітапханашы! Сізге денсаулық,
шығармашылық табыс тілейміз. Мына
шырқалар әніміз өзіңізге арналады,
қабыл алыңыз. Ән «Қазақ қызы».
Кітапханашы:
Құрметті
қонақтар, «Кітап – білім бұлағы»
десек, «Кітапхана – парасаттың мекені»
дейтініміз – кітапхананың жұмысы
уақ, көзге көрінбейді. Кітапханаға
оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін
жазғызып алып, білімдерін толықтырады.
Кітапхана -
оқушылардың шығармашылықпен
шұғылданатын өте тиімді мекені.
Өйткені,
мұнда түрлі тақырыпта көрмелер
жасалып, көптеген іс-шаралар өткізіліп
тұрады. Мысалы; «Білгенге маржан»,
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «ХХІ
ғасыр көшбасшысы» т.б. тақырыпта
өздерің куә болып жүрген түрлі
танымдық ойындар, библиографиялық
шолулар, кештер. Соның бір айғағы –
бүгінгі өткізіліп отырған кеш.
Кітапханамыз
жыл сайын жаңа буын оқулықтармен,
көркем ғылыми-анықтамалық әдебиеттермен
толықтырылып отыр.
Еліміз егемендік
алып, тәуелсіз мемлекет болғалы
кітап шығару ісі қолға алына бастады.
Соның бір дәлелі кейінгі жылдары
«Аруна», «Алматыкітап», «Атамұра»
баспаларынан шыққан кітаптар.
1–
жүргізуші:
Бүгінгі «Кітапхана - парасаттың
мекені» атты кешімізді аяқталды.
Белсене атсалысқандарыңызға көп
рахмет! Қош сау болыңыздар!
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Сыздықова Т.
Кітапхана –
білімпаздар мекені // Мектептегі
кітапхана. – 2009. - №3. – 3-5 б.
2. Ол
кім. Бұл не? – Төменгі класс оқушыларына
арналған 3 томдық энциклопедия. –
Алматы: Қаз.Сов.Энцик. Бас ред., 1986. –
392 бет, 453 сурет;26 см
ІІ-т. З-ден Ө-ге
дейін.