400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

кітапхана лидерін анықтау, 5-11 сыныптар аралығы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқырмандар арасында лидерді анықтау, Кітапханашыларға керек материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мақсаты: Мектеп оқушылары арасында кітаптың маңыздылығы, кітап оқуға  деген  қызығушылығын ояту, өмірде жақсы жетістікке жету үшін көп оқу, көп іздену керек екенін ұғындыра отырып, оларды адамгершілікке, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, көркем әдебиетке деген қызығушылығын дамыту, дүниетанымын кеңейту,  сана-сезімдерін, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.

Сахнада баяу музыка ойнап тұрады.
1 жүргізуші:
Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

ІІ жүргізуші:

О, кітап бас иемін мәртебеңе,
Игілік - қазынасың бар адамға.
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

1 жүргізуші
Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі – осы кітаптар.

ІІ жүргізуші:

Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап.
І жүргізуші

Олай болса, мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен өткелі отырған ««Лидер Reader ON» кешенді  шарасын назарларыңызға ұсынамыз.

Ортаға бүгінгі іс-шарамызға қатысушы оқушыларымызды шақырымыз.

Әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік____________________________

«Лидер Reader ON» кешенді  шарасының шарттарынымен таныстырып өтейін:

1.«Менің сүйікті ақын-жазушым» (өзі қалаған автордың шығармасынан үзінді оқу)

2. «Бейнелер әлемі шақырады» (образды сомдау)

3. «Менің қиялымдағы әлем» (манолог оқу)

4.«Ойлы жанға өріс кең» (оқиға желісіне талдау жасау) әр бір шарттан соң әділқазылар өз бағаларын беріп отырады. Іс-шараның қорытындысы бойынша үздік 13 оқушыны анықтап марапаттау.

Кезек 1-шартымызға «Менің сүйікті ақын-жазушым» (өзі қалаған автордың шығармасынан үзінді оқу)

2-шарт «Бейнелер әлемі шақырады» (образды сомдау)

3-шарт «Менің қиялымдағы әлем» (манолог оқу)

4-шарт «Ойлы жанға өріс кең» (оқиға желісіне талдау жасау)

Бүгінгі іс-шараны қортындлау үшін ________________ағайымызға сөз береміз

ІІ жүргізуші:
Жыр келеді өмірге, жыр келеді,
Тоқсан толқын сөз тасқын түрленеді.
Құшырланып қағазға төне берсем,
Кеудемнің бақшасы тұр гүлдегелі - дей келе сынып оқушысының орындауында «» әніне кезек береміз.






























Т.Аубакиров жалпы орта мектебі комуналдық мемлекеттік мекемесі
















«Лидер Reader ON»

 кешенді  шарасы



орындаған кітапхана меңгерушісі:Ережепова Ж.



















2017-2018 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.01.2019
717
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі