жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кітапхана-өнер, білім ордасы
Кітапхана – өнер, білім ордасы.
Кітапханада өткізілген қандайда болмасын мәдени іс-шарадан көпшілік оқырмандарымыз теңізге тамған тамшыдай болса да тағылым алса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.
Кітапхана – жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналып , сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың бірден- бір серігіне айналуы тиіс . Ата –бабамыздың өткен тамыры терең тарихтарын, тұңғиықтан сыр шертетін әдебиеттерін, таңғажайып ғылым кереметтерін киелі шаңырақ кітапханадан табамыз.
Өткен тарихтың куәсі талай жаңалықтың жаршысы, рухани байлықтың куәсі болған осы кітапханадағы кітаптар заман талабына сай кітапсыз, жаңалықсыз ешкімнің де алға баса алмайтынын көзіміз көріп отыр. Бүгінде көкірегі ояу, көзі ашық, сауатты, білімді оқырман кітаптан рухани қажеттілігінен нәр алады. Кітап ата-аналардың мұрагерлерін рухани байытып, тәуелсіз елімізге тірек болатын ұлттық тұлға тәрбиелейтін құрал. Жан азығы тағылымға толы кітаптар Қазақстанымыздың әр шаңырағына ғибратты тәлім – тәрбие мен теңдесі жоқ білімдер сыйлай берсе екен деп тілейміз. Осы рухани байлықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында, оқырманның ойын байытып, сауатын молайтып, сапалы білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие берер, ұрпақтардың өмірге деген ұстанымдарын қалыптастыруда алдарына шамшырақ ететін адамзат ақыл- ойының білім кендері кітаппен сырласатын рухани орда - кітапхана. Соның ішінде колледж кітапханасы колледждің қоғамдық – мәдени орталығы. Колледж кітапханасының өз ерекшеліктері мен өзгешелігі бар. Білім ордасындағы кітапханалар жалпы кітапхана нормалары мен қағидаларын ескерсе, ең бастысы колледждің оқу – тәрбие процесінің талаптарын басшылықа алады. Бүгінгі колледж кітапханасы уақыт талабына сай жоғары деңгейде болып білім ордасының дәрежесінің жоғары болуына үлес қосып, жас оқырмандарды тәрбиелеуде белсене көмектесуі тиіс.
Кітапхана – пайдаланушы мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой – өрісі жоғары, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу, мемлекеттің ең маңызды колледж кітапханашыларына зор жауапкершіліктер жүктеп отыр. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Кітапханашы кәсіби шеберлігін жетілдіріп, оның жеке басының интеллектісін, теориялық – әдістемелік білімін үнемі толықтырып меңгеруге тиіс. Қазір қай елдің ғылымы және мәдениеті күшті дамыса, сол елдің барлық жағдайы жақсы, болашағы жарқын болмақ. Сол себепті де күнделікті жұмыста жаңа технологиялар туралы жалпы түсініктермен қарулана отырып, кезең – кезеңмен меңгеру уақыт күттірмес міндет. Ал жаңару жолына түскен еліміздің колледждеріндегі әр-бір кітапханашының жаңа технологияны құрып, оны тәжірбеге батыл еңгізуге қоғамымыздың дамуына үлес болып қосылмақ. «Бәрі де оқырман үшін» деген қағида ұстанатын кітапханашы оқырмандарға сабырлы көзқараспен қарауы, олардың ақпараттық сұраныстарының ерекшіліктерін ескеруі, анықтамалық – библиографиялық аппаратта бағдар алуға көмектесуі, материалды меңгеру сапасын ұғынықты түсіндіруі басты жұмысы.
Кітапханашы күнделікті өзінің білімін жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі заманғы талаптарға сай болу үшін біліктілігін үздіксіз көтеруі, кәсіби дамуы ақпараттық технологияларды қолдану саласында ілімін жаңартып және кеңейту сияқты маңызды кәсіби талаптар қоюда.
Кітапханашы – оқырман психологиясы негіздерін меңгерген, педагогикалық шеберлігі қалыптасқан, баспа өнімдерінің алуан түрлілігінде бағдар ала алатын, жүмысында техникалық құралдарды пайдалана алатын, үгітші, ұйымдастырушы маман болуы шартты нәрсе. Әсіресе, колледж кітапханашысы алдына келген әр бір оқушының, оқырманның психологиялық жағдайын білуі тиіс. Оқырман психологиясының әлде бір компоненттері жеке адамның өмірі тәжірибесімен байланыста болады немесе жеке типологиялық қасиеттеріне қарай дамиды; екінші бір компоненттері көбіне қоғамдық психологиядан туындайды.
Оқырман көркем әдебиетті оқу арқылы жаңаны үйренуге, тың нәрсе дамытуға, түпкі идеяны табуға, ұшқыр ой қалыптастыруға тапқырлық пен шеберлікке шыңдалуға және оқырманның ұғым –түсінігін, қиялын дамытып, оны нақты білімдермен қаруландыруға, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мәдени дәрежесін арттыруға, оның дүниетанымы мен эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға қол жеткізеді.
Абдикадиров Бахадир Муратваевич
Кітапхана меңгерушісі.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген