КІТАПХАНА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пайдаланушылар
құқығы:
1. Басылымдарды
және басқа материалдарды 15 күндік мерзімге үйге алуға, кітапханаға
келу, телефон шалу арқылы және кітапхана сайты арқылы 2 рет
ұзартуға;
2. Құжаттарды
электронды жеткізу қызметі (ЭДД) арқылы өзге кітапханалардан
құжаттардың көшірмесін алуға;
3. Құжаттарды
ақпарат тасымалдағыштардың кез-келген түріне көшіруге (ҚР авторлық
құқық және сабақтас құқықтар Заңына
сәйкес);
4. Кітапхана
қорлары, құжаттары жайында толық мәлімет алып, ақпарат іздеп,
таңдауда кеңесші көмегін
пайдалануға;
5. Кітапхана
қорынан кез-келген құжатты уақытша ақысыз
пайдалануға;
6. Кітапханада
өтетін іс-шараларға қатысуға және кітапхана жанынан құрылған
клубтар мен үйірмелердің мүшесі болуға және өз таланты мен
шеберлігін шыңдауға;
7. Кітапханашы
мамандардың рұқсатымен өзіне қажетті құрал-жабдықтарды:
ноутбуктерді, жеке қалта компьютерлерін, өз кітаптары мен
газет-журналдарын пайдалануға;
8. Даулы
жағдайларда кітапхана әкімшілігіне оқырман билетін көрсете отырып,
жазбаша түрде өтініш, шағым
түсіруге.
Пайдаланушылар
міндетті:
1. Кітапхананы
пайдалану Ережелерін орындап, жұмыс тәртібін
бұзбауға;
2. Кітапхана
қорларын мұқият пайдаланып, кітаптарды белгіленген мерзімінде
кітапханаға өткізуге;
3. Азаматтар
кітапханаға жазылу үшін төл құжаты мен тұрғылықты жерінен анықтама
әкелуге, жазылғаннан кейін тегі мен мекен-жайы ауысқан жағдайда
хабарлауға (жергілікті тіркеуде жоқ азаматтар тек қана оқу
залдарында жұмыс істеуге);
4. Ақпарат
тасымалдағыштарды кітапханашының компьютерінде міндетті түрде
вирустың бар-жоқтығына
тексеруге;
5. Кітапхана
бөлімдерінде қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға және өзге
пайдаланушылар құқығын құрметтеп, кітапхана жиһазы мен
құрал-жабдығын ұқыпты
пайдалануға;
6. Берілген
басылымдарда, компьютерлік құрал-жабдықтарда ақау болған жағдайда
кітапханашы мамандарға хабарлауға, компьютердің кез-келген
ақпараттық және бағдарламалық конфигурациясына өзгеріс
енгізбеуге;
7. Ұялы телефонды
дыбыссыз режимге қоюға және оқу залдарында ұялы байланысты
қолданбауға;
8. Кітапхананы
пайдалану Ережесін бұзған жағдайда айыппұл төлеуге немесе
кітапхананы пайдалану құқығынан
айырылуға.
Кітапхананың кітап қоры – ұлттық мәдени
мұраның бір бөлігі, оны сақтау әр азаматтың
парызы.