400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітапханашы – өзіндік тұлға және келешекке қызмет етуші

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихқа шегінсек, төрт жарым мыңнан аса жыл бұрын бұл кәсіп сазды каталогтар пайда болған кезеңдердегі шумер мәдениетімен бірге дүниеге келген. Ал кітапханашылық қызмет біздің дәуірімізге дейінгі сазды тақталарды жинап, жазбаларды есепке алудан бастау алған көрінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Кітапханашы – өзіндік тұлға және келешекке қызмет етуші


Эссе-толғау


Аймурзаева Жанар Жолдасовна

Қаратөбе орта мектебінің кітапханашысы

Қазақстан, Маңғыстау облысы, Шебір ауылы



Алғашқы кітапханалар қоғамдағы діни мекемелердің қатарынан тіркелсе, алғашқы кітапханашылар – азаматтарға рухани игіліктерді, жазба мұраларды, тіпті ғаламдық картинаны сақтап жеткізуші абыздар болыпты Кітапханашы – өзіндік тұлға Кітапханашы – көне кәсіптің бірі. Тарихқа шегінсек, төрт жарым мыңнан аса жыл бұрын бұл кәсіп сазды каталогтар пайда болған кезеңдердегі шумер мәдениетімен бірге дүниеге келген. Ал кітапханашылық қызмет біздің дәуірімізге дейінгі сазды тақталарды жинап, жазбаларды есепке алудан бастау алған көрінеді. Сонымен, ең алғашқы кітапханалар қоғамдағы діни мекемелердің қатарынан тіркелсе, алғашқы кітапханашылар – азаматтарға рухани игіліктерді, жазба мұраларды, тіпті ғаламдық картинаны сақтап жеткізуші абыздар болыпты. Ескеретін жайт, ежелгі дәуірлердегі кітапханашылар – тек ер азаматтардан құралған екен. 1917 жылға дейін әйел-қыздар қауымына мемлекеттік қызмет есік ашпады. Сондықтан тарихтағы қазан төңкерісінен кейін ғана нәзік жандылар өкілдері кітапханалық қызметке қабылдана бастайды.

Осылай, озық деген Еуропа елдерінің өзінде де ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында кітапханашылар құрамы жаңарды. Анығында, әйелдердің тең құқығын талап еткен қозғалыстан кейін АҚШ-та кітапханашы ханымдар қатары көбейді. Нәтижесінде, кітапхана тарихы кітапханада қызмет көрсеткен танымал тұлғалардың, сол қатарда әйел-қыздардың есімдерін де сақтап қалды. Бір ерекшелігі, бүгінгі таңда кітапханашы ер-азаматтар саны некен-саяқ. Аты аңызға айналған абыздар – алғашқы кітапханашылар Басында кітапханалардың басым бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі болған екен. Сол кітапханаларға Платон, Аристотель, Евклид, Еврипид тәрізді тұлғалар иелік етіпті. Ал Афинадағы алғашқы көпшілік кітапханада есімі қадірлі азаматтар ғана кітапханашы мамандығына таңдауға түскен.

Сондай-ақ әлемнің сегізінші ғаламаты – Александрия (Ескендір) кітапханасында қызмет көрсетуге ғұламалар ғана қабілетті еді. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда Александрия кітапханасында қызмет атқарған айтулы тұлға – Клавдий Птолемей. Кітапханашы әрі ғалым аспан денелері қозғалысын зерттеген. Ақын әрі ғалым Каллимах б.э. дейінгі 310-240 жылдары Александрияға келіп, оқытушы болып қызмет етеді. Көп ұзамай, оған ІІ Птолемейдің назары түсіп, Александрия кітапханасында жоғары дәрежелі орынға тағайындалады. Осы шаңырақта Каллимах 20 жылдан аса еңбек етіп, кітапхананың арқасында тарих, грамматика салалары бойынша 800-ден аса ғылыми еңбегі жарық көрді. Сөйтіп, поэзиядағы «александриялық» бағыттың негізін қалады. Автордың алғашқы каталогы 120 томнан тұрады. Бұл тұңғыш библиографиялық еңбектердің бірі болғандықтан, Каллимах библиографияның атасы атанды.

Эратосфен – б.э. дейінгі III ғасырда эллинистикалық әлемдегі көрнекті ғалым әрі жазушы. Афинада 20 жылдай өмір сүріп, кейін Александрияға қоныс аударады. Каллимахтың шәкірті ретінде ғылымға бет бұрып, кітапханада 40 жылдан аса филология, хронология, математика және астрономия ғылымдарын зерттейді. Әйгілі Александрия кітапханасында жас Гипатия да әкесімен бірге жұмыс істепті. Атақ-абыройымен есімі жер шарына танылған Гипатиямен кездесіп, философия, астрономия, математика туралы ой-тұжырымдарын тыңдау үшін Рим Империясынан, Кіші Азиядан және Жерорта теңізі жағалауынан арнайы делегация сапарлатып тұрған. Александрия кітапханасы талқандалып, отқа оранған кездерде Гипатия өрттен аман қалған ұлы ойшылдар қолжазбаларын қайта қалпына келтіріп, кітапхананы сақтап қалды. Осылай, оның игі істері, анығында кітапқа деген адал қызметі ғалымның атын мәңгілікке кітапханашы етіп қалдырды. Ежелгі қытай философы Лао Цзы – аңыз адам. Оның тағдыры да кітапханамен байланысты екен. Көптеген жылдар бойы Чжоу мемлекеттік патшалық кітапханасында кітап сақтаушы болып қызмет етіпті. Орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы Иван Крылов та 29 жыл Императорлық кітапхананың орыс бөлімін басқарды. И. Крыловтың күшімен орыс және славян әдебиеттерінің қоры құрылып, сол қорлардың жүйелік каталогы әзірленіпті.

Ұлы орыс математигі, профессор Николай Лобачевский Казан университетінде 12 жыл кітапханашылық қызмет атқарған. Ғалым кітапхананы жаңа кітаптармен толымдау процесстерін ұйымдастырып, кітаптардың сақталуымен қамтитын ережені енгізіпті. Израилдың бесінші премьер-министрі Голда Меир мектебін тастап, АҚШ-қа аттанып, кітапханашы ретінде қызмет атқарғанын бір сәт те есінен шығарған емес. Ал АҚШ-тың 43-ші Президенті Джордж Буштың жұбайы Лора Буш та жасында кітапханашы кәсібін таңдап, тұрмыс құрғанға дейін осы салада қызмет атқарған. Лора Буш американдық әдеби шығармаларды сүйіп оқып, әр кез халық алдында «Ready to Read, Ready to Learn» деп ұрандатудан шаршаған емес. Нақ осы ұранмен Лора Буш жалпыұлттық қозғалыстың негізін қалады. Лора Буш – 1973 жылы кітапханалық ғылымдар магистрі дережесін алған бірегей тұлға. Бастапқы мамандығы педагог болса да, Лора Буштың есімін кітапханашылар қауымы мақтан етеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
567
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі