Кітапханашы мамандығына баулу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітапханашы мамандығына баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашыға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен кітапханаларды ақыл білім, адамгершілік, парасат, иман
ордасы деп білемін, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға
тиісті ең асыл құндылықтың ең жанкешті сақшылары
ретінде санаймын.
Ә.Кекілбаев


Ел Президентінің биылғы Жолдауында: «Қазақстан - 2050» стратегиясы барлық саланы қамтитын және үздік өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы дей келе,оның жүзеге асырылуына абыройлы міндет деп көрсетті. Білім беру саласындағы батыл қадамдарды нақтылады.Елбасымыз айтқандай «Жалындаған жастар еліміздің ертеңі.»Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден - бір руханият ордасы -кітапхананың алар орны ерекше.
Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана осы міндетті бірге атқарады. Кітап - адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі, кез -келген елдің мәдениетінің ең бастысы - кітапхана.
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығу жолдарындағы тұлға ұстаздан кейінгі кітапханашы.
Кітап – мәңгілік парасаттың ең киелі ғибратты - деп Ә Кекілбаев ағамыз айтқандай, сол кітап иелері қатарына кітапханашылар да жатады. Кітапханаға жоғары оқу орнынан енді аттаған білімгерлерден бастап , ғалым – ғұлама оқытушыларға дейін, өздеріне қажетті әдебиетті іздеп осы киелі мекен – кітапханаға соқпай кетпейді. Кітапхана жұмысы көзге көріне бермейтін ағысы баяу терең өзен секілді , түсінген кісі ғана ұғады.
Кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де «кітапханашы» маңызды буын болып саналады.
Кітапхана мәдениет саласы ретінде ақпараттық білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады. Кітапханада оқу феноменін тиімді пайдалану мен дамытудың сан ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі сақталған. Олар кітаптарда жинақталған адамзат жадының, ұлт жадының алтын қоры, ал кітапханашылар – сол теңдессіз қазынаның шырақшылары іспеттес.
Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиет қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана емес, өзінің қоғамның беделді мүшесімін деген әрбір адамның бойына дарығанда ғана нұрлы болмақ.
Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы.
Кітапханашылар мамандығына баулу мен даярлау ісінде кешенді және жеке арнайы оқулықтар тапшы.
Заманымыздың әр кезеңінде «кітапханашы қызметі» туралы ұғым жоғары болуын көрсете білу
Кітапханашы кітапханада тек кітап қана береді деген тар ұғым орнына , қоғамда кітапханашы мамандығының қажеттілігін мойындататын оң пікірлер мен көзқарастар қалыптастыру
Кітапханашы мамандығы туралы түсінік, жарнама терең мәнді, мазмұны түсінікті, қажеттілігі жоғары болуына көңіл бөлінуі тиіс. Жаңа технологиямен жұмыс істей білуді үйрену. Жоспарлауды үйреніп, бағдарлама жасауды меңгеруді талап ету. Тұрақты түрде кәсіби семинарлар өткізу, әлемдік тәжірибеге назар аударып, ақыл –ойды , сана мен парасатты саптан өткізудің маңызын түсіну. Сөйлей білу, оқырманмен тілдесу мәдениетін білу
Кітапханашының ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы тиіс. Кітапханашының ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқырмандарына анық, тұжырымды дәл айтып түсіндіре білуі шарт
Кітапханашы өз оқырмандарына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым олармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн. Әрбір кітапханашы мамандығын өміріне серік етіп рухани байлыққа кенеліп, өзгеге қуаныш сыйлап, өзін ғасырдан ғасырға жеткен асыл қазынамыздың қожайыны.
-«Сөйлеу мәдениеті» кітапханашының басты құралы. Оқырмандарды кітаппен кездестіре отырып, бүкіл адамгершілікке қатысты қасиеттерді тануға үйретеді.
-Менің ойымша кітапханашыларымыз бесаспап маман болғанда ғана бүгінгі күннің биік талаптарын орындай алмақ.
Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану –кітапхана қызметінің сапасын арттырып , оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етеді.
Әдетте тұрақты түрде өткізіліп отыратын кәсіби семинарлар кітапханашылар арасында өзара байланысты жақсартып, жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдерін іздестіріп, табуға мүмкіндік береді.
- Әр кітапханашы өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқарса , біздің еліміздің кітапханалары өркениетті елдердің кітапханаларымен иық теңестіреріне еш күмән жоқ
-Айтылған талаптарды әрбір кітапханашы тұрақты ұстанып отырса, оның күш-қуатты, көңіл-күйі әрдайым жоғары болады да, жұмысының сапасы артып еңбегі де әрдайым жана түседі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2018
570
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі