Кітаппен қауышу ортаңғы топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітаппен қауышу ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
"Кітаппен қауышу" тақырыбындағы ортаңғы топқа арналған ашық ҰІӘ. Сабақ экскурсия түрінде ойын аралас өтеді, сахналық қойылым қояды. Кітаптардың түрлерімен танысып, кітапқа қызығушылық танытады. Сабақ орта жас тобының балаларына өте ыңғайлы, қызықты өтеді. Бала жалығуды білмейді, үстөлде қатып отырып қалмайды, қозғалыста еркін жүріп қатысады сабаққа.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы топ

Тақырыбы: Кітаппен қауышу.

Мақсаты: Балалардың кітап туралы білімдерін жетілдіру. Кітапты тыңдауға, тыңдаған ертегілерін сахналай алуға, өздеріне қажетті кітапты таңдай білуге үйрету. Кітапқа қызығушылыққа, кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: Экскурсия, әңгіме, ойын

Сөздік жұмыс: Мұқаба, кітапхана.

Ресурстар: Түрлі түсті, суретті суретсіз кітаптар, шығармашылыққа арналған дайын қиылған қа,аздар, «Бауырсақ» ертегісінің атрибуттары.

Барысы: Шаттық шеңбері: Кел, кел, досым, Шеңбер болсын. Орта толып, Достарымыз көбейсін!

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге кітап оқып берейін бе? (иә) -Олай болса тыңдаңдар! ( Кітапты оқиын десе , кітап жоқ болады) -Ойбуй, балалар, жаңа ғана осында тұрған сияқты еді, жоқ қой. Енді не істесем екен? Әә, таптым, балалар, сендерді кітабы көөп жерге апарайын ба? (Иәә!) -Олай болса жүріңдер кеттік! (Балаларды кітапхана боп безендірілген (кітап бұрышына) әкеледі). -Міне, балалар кітапханаға келдік. -Балалар, бүгінгі іс әрекетімізде біз осы кітаптар туралы айтатын боламыз. Мұнда не көп екен? (кітаптар) -Кәне, ұстап сипап көріңдер, кітаптар қандай екен! (Балалар әртүрлі кітаптарды ұстайды, қандай екенін айтады) (Үлкен, кішкентай, төртбұрышты, қатты, жұмсақ, әдемі. Суретті, жазулары бар) -Керемет! Балалар, сендер оқи аласыңдар ма бұл кітаптарды? (жоқ) -Иә, оқи алмайсыңдар бірақ тыңдай аласыңдар я? Мысалы, мына кітапты көрейік, мына жерін бассақ менсіз ақ өзі оқи береді екен (Басып, тыңдату. Балалар тыңдайды). -Ал, мына кітапты танисыңдар ма? (Ол «Бауырсақ»ертегісі) -Оны қалай біліп қойдыңдар? (Суретінен таныдық) -Жарайсыңдар! Маған сол ертегіні сендер оқып бересіңдер ма? (Біз оны ойнап береміз) «Бауырсақ» ертегісін сахналау. -Керемет, балалар! Ал мынау не деген ертегі екен, білесіңдер ма? (Балалар үндемейді) -Ия, балалар, білмейсіңдер өйткені онда сурет жоқ я? Ал, сендер әлі оқи білмейсіңдер. Сондықтан, сендерге қандай кітаптар керек? (Суреті бар кітаптар керек). -Олай болса, өзіміз оқи аламыз, түсінеміз, қызықты деген кітаптарды таңдап алайық. (Балалар біраз кітапты таңдайды) -Кәне, көрсетіңдерші, қандай кітапты алдыңдар? (Балалар кітапты көрсетеді) -Мынау қандай ертегі?(Бәрінен сұрап шығады, балалар сыртындағы суретіне қарап ертегінің атын айтады) -Балалар, осы жерде айта кетейін, Сендер кітаптың «мұқабасына» қарап ертегіні немесе кітаптың атын атап отырсыңдар. Кітаптың мұқабасы деген ол кітаптың беті, яғни сыртқы қабаты екен. -Не істейміз осы кітаптарды алып кетеміз бе бақшамызға? (Ия) Онда кітапханашыға барайық. (Бір қыз кітапханашы боп шығады). -Біздер мына кітаптарды алайық, оқып болған соң жыртпай, сызбай бүтін күйінде өткіземіз. Кітапханашы: Онда сендер мына кітап туралы не білесіңдер («Төлдер айтыс» кітабын көрсетіп) соны тексеріп көрейін. Тапсырманы орындай алсаңдар, кітапты ала беріңдер.

Сергіту сәті

Д/О: «Төрт түлігім» Мақсаты: Төрт түлік туралы тақпақ, мақал мәтел, жұмбақтар, төот түліктің пайдасы туралы білімдерін тексеру. Кітап мазмұнын талдай алуға үйрету. Бала: Апай біз кітапты сатып аламыз ба? К: Жоқ балақай, бұл дүкен емес, кітапхана. Бұл жерде кітаптар сатылмайды. Кітапханадан кітапты тегін алып оқуға болады. Қаласаңдар осында отырып оқысаңдар да болады. Ендіге келгендеріңде тағы да жаңа кітаптар алуларыңа болады. Бала: Алақай, апай ендігіде тағы келейікші. -Міндетті түрде келетін боламыз.

Кітапханадан қайтып балабақшаға келу.

Қорытынды. Балалар, бүгін біз не істедік, қайда бардығ? Немен таныстық? Кімге не ұнады?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
98
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі