Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кітаптың заманға тигізер пайдасы бар ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі туралы айтылады, ол Жетісу өңірінде кітап оқу мәдениетін насихаттап, оқушыларды тәртіпке үйретеді. Мектептің оқу жүйесі бес тармақтан тұрады, жастарға қазақ әдебиетінің жәдігерлерін таныстыру арқылы ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында жұмыс істейді. Жоба республикалық деңгейге көтерілуді көздейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кітаптың заманға тигізер пайдасы бар ма?

Міне, осы сұраққа жауап іздеп, кітапты өмірлік азық әрі серік еткен қос дәріскер Жетісу төрінде «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебін ашты. Қазіргі таңда бұл жобаның жұмыс істеп жатқанына бір жылдан асты. Бұл мектеп оқушыларды тек кітап оқуға ынталандырып қана қоймай, темірдей тәртіп пен жауапкершілікке баулиды. Аты айтып тұрғандай, бұл жоба екі қала, сегіз ауданды шаршамай-шалдықпай аралап, оқушыларға бетпе-бет сабақ береді. Дәріскерлердің бірі — «Жетісу» газетінің бас редакторы, белгілі журналист Жұматай Оспанұлы. Тәжірибелі маманның жастар тәрбиесіне тікелей атсалысуы жобаның деңгейі мен маңызын арттыра түсуде. Жоба авторы Мұхтар Күмісбектің айтуынша, бұл — түр-түрімен айшықталатын, тек ұлтқа қызмет етудің бір парасы. Бұл бастама — өскелең ұрпақтың санасына біртіндеп сәуле шашып, кітапқа деген құштарлықты қайта-қайта оятуды көздейді.

Shape1

Мектептің оқу жүйесі негізгі бес тармақтан тұрады:

Мимен келісім жасау. Адам өз миымен «дәл қазір оқимын» деп келісімге келуі керек. Басқа істерге алаңдамай, нақты уақытты кітапқа арнау — ең басты қадам.

Мақсат қою. Оқушы «осы кітапты соңына дейін оқып тауысамын, ішіндегі құнды ойларды түйемін» деген нақты мақсатты ұстануы қажет.

Жоспар құру. Бір кітапты көлеміне қарай бір айға немесе он күнге бөліп, жүйелі оқу жоспарын жасау.

Тәртіп (Дисциплина). Алған беттен қайтпай, оқуды тоқтатпау. Егер 21 күн бойы осы тәртіпті сақтасаңыз, ол күнделікті әдетке айналады.

Есеп беру. Оқушы өзіне есеп беріп қана қоймай, WhatsApp желісі арқылы дәріскерге оқығанын баяндап отырады.

Сонымен қатар, жоба аясында оқушыларға көбінесе қазақ әдебиетінің жауһар туындыларын оқуға кеңес беріледі. Бұл — қазақ руханиятының түпнұсқасын сақтап қалуға және ұлттық құндылықтарымызды заман талабына сай қайта айшықтауға зор мүмкіндік бермек. «Мизам» мектебі жас ұрпақтың бойына ана тілінің нәрін құйып, төл әдебиетіміз арқылы ұлттық кодты нығайтуды басты мұрат етеді. Мұндай тың бастама Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отыр, сондықтан өзге өңірлердің де бұл жобаға қызығушылық танытуы — қуантарлық жайт.

Дәріскерлер оқушының дамуын үнемі қадағалап, кері байланыс орнатады. Ал топтан озып, үздік шыққан оқушыларды мамыр айының ортасында ақшалай сыйлықтармен марапаттап, қуантып отырады. Қазіргі таңда бұл жобаның үшінші маусымы сәтті өтуде.



«Мизам» әдебиет мектебінің тек Жетісу өңірінде ғана емес, болашақта республикалық деңгейде қанат жайып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушыларды кітап білімімен сусындататынына сенім ұялатады. Жобаның бірегейлігі мен әлеуеті жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін қайта жандандырып, ұлттық мәдениетімізді сақтауға зор үлес қосар деген үміттеміз.



«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Бекейқызы Ақмарал

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12