жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Классикалық өнердің үздік туындылары
-
САБАҚ:
Мектеп: Жалпақтал балалар өнер мектебі
Күні
Мұғалімнің аты-жөні: Сейткалиев М.С.
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы
Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
- пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау
- пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді сипаттау
Сабақтың мақсаты
Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу.
Жетістік критерийлері
Суретшілердің жұмысын біледі.
Композициялық заңдылықтарын ұстанады.
Қағаз бетіне дұрыс орналастыра алады.
Құндылықтарды дарыту
Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.
Оқушылар арасында жақсы қарым-қатнас орнату.
Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.
Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар
зерттеу барысында теориялық білімдерін география, геометрия, тарих, экономика, пәндерімен және өнермен байланыстыру.
АКТ қолдану дағдылары
Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.
Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
1 кезең
Сабақтың ортасы
2 кезең
Жаңа сөздер: Өнердің қайта өркендеуі, импрессионизм, экспрессионизм,заманауи өнер, кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері,пейзаж, натюрморт, дақ, штрих, көлем, форма, кеңістік, түс, сызық.
Сұрақ кою:
Сіздің ойыңызша суретші не үшін… материалдарды қолданады?
• Сіз сипаттап бере аласыз ба?
• Бұл техника сізге не үшін ұнады?
• Суретші жұмысы сізді не үшін қызықтырды?
Бірінші тапсырма:
(Қ)(Ж) Оқушылар қазақстандық және әлемдік суретшілердің (натюрморт) туындыларын зерттеп, қарастырады. (Ө) (Қ) Оқушыларға өз пейзаждарын табиғаттың кез келген күйін пайдалану арқылы алдыңғы сабақтардан алған білімдері негізінде орындауын тапсыру. Оқушылар сарамандық жұмысты орындау кезінде сәндік материалдар мен орындау техникасын таңдайды. Оқушыларға ұсынуға болады.
Оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады.
(Ұ)(Қ)Оқушылар шығармашылық бастамаларын өз өлкелерінің табиғатынан алған әсерлерін түсіне отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы орындайды. Бұл жұмыс жеке орындалады. Мұғалім табиғаттың төрт құбылысын естеріне түсіру қажет. Оқушылар жай қаламмен пейзажды қағаз бетіне орналастырып бояуға дайындап қояды. Жұмысты екінші сабақта жалғастыруы қажет.
Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз натюрмортын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.
Қолдану
Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт
Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
Суретшілер жұмыстарының көшірмелері
И.Айвазовский, И.Шишкин, И.Левитан, А. Куинджи, К.Коровин А.Саврасов, А.Пластов, Жорж Сера, К. моне, Уке Ажиев, М. Кенбаев, К. Бекмағанбетов,Ә. Қастеев, М. Тельжанов,С.Кульбеков, Н. Хлудов, Шарденов Ж.,Анар Абжанова
Қазақстанның табиғаты бейнеленген картиналар /
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
Сабақтың соңы
Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмыстарын әрқайсысына төмендегі сұрақтар арқылы бағалау.
(Ұ) Мұғалім оқушыларға ұлттық бұйымдарды, олардың атауы мен қолданылуын қарастыруға ұсынады.
Ұсынылған бұйымдардың қайсысы сіздерге таныс? Олар қалай аталады?Олардың қолданылуын түсіндіріңіздер. Олар қандай материалдан жасалған?Олардың пішіні, түсі мен фактурасы қандай?
(Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.
Сабақтың соңы
2-мин
кері байланыс
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген