жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
КМЖ 6 сынып
XIX ғ соңы мен XX ғ басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс
ЖОСПАР
Ақпан төнкерісінің Қазақстанға әсері
Қазан төнкерісі жылдарындағы Қазақстан. Өлкеде Кеңес өкіметінің құрылуы
Ақпан буржуазиялық-демократиялық төнкерістің Қазақстанға әсері
Ақпан төнкерісінің алғышарттары:
Экономикалық күйзеліс
Майдандағы орыс әскерінің жеңілісі
Жұмысшы қозғалысының күшеюі
Ұлт аймақтарындағы 1916 жылғы көтерілістер.
1917 жылғы 24-27 ақпанда Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық төнкеріс нәтижесінде, монархия құлатылды (II Николай билігі).
1917 жылы Ресейдегі ақпан төнкерісінен кейін Қосөкімет орнады (1917 ж. 5 наурыз):
Уақытша үкімет;
Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі.
Уақытша үкімет шаралары:
Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуірде құрылды.
Ә.Бөкейханов-Торғай облысының;
М.Тынышбаев-Жетісу облысының;
М.Шоқай-Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болды.
Қырғыз (қазақ) ұлттық комиттері құрылған қалалар:
Орал;
Верный;
Ақмола;
Әулиета;
Семей.
Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ә.Бөкейханов «Жаңарған Ресейдің азаматтары-қазақтарға» деген үндеуінде қазақтарға ұйымдасу қажет екенін баса көрсетті.
Ақпан төнкерісінен кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары қоғамдық-саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты. Уақытша үкіметтің жүргізген шаралары:
1917 жылы 14 наурызда «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды.
1917 жылы 18 наурызда «1916 жылғы көтеріліс кезінде қазақтарға күш көрсеткен орыстарға кешірім беру туралы» қаулы.
1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы.
1917 жылы 5 мамырда «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы» қаулы.
1917 жылы 8 қыркүйекте «Жетісу обылысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн 150000 сом бөлу туралы» қаулы
Кеңестік депуттары үкіметі
1917 жылғы наурыз-сәуірде жұмысшы және солдат депуттарының Кеңестері құрылды (Омбы, Ташкент, Семей, Верный, Петропавл, Перовск, Қазалы, Қостанай, Ақтөбе)
1917 жылғы наурызда жергілікті социал-демократтардың астыртын жұмы істеуден ашық түрде жұмыстарын өрістеткен кезеңі.
1917 жылғы мамыр-маусым шаруалар депутаттарының Кеңестері құрылды.
Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері:
Шаруаларға –жер;
Жұмысшыларға-8сағаттық жұмыс күні;
Халыққа-бейбітшілік беру.
Бұрынғы империядан Уақытша үкіметке ауыр мұра қалды:
Таптық, әлеуметттік, экономикалық, ұлттық, діни қайшылықтар.
Империалистік соғыстың ұзаққа созылуы.
Ашаршылық қаупі.
Еңбекшілердің Уақытша үкімет саясатына наразылығы күшейді. Сырдария, Жетісу облыстарының көптеген аудандарын аштық жайлады.
1917 жылғы мамырда Семей облысындағы Даубай кенішінде, Риддерде жұмысшылар ереуілі болып өтті.
Жұмысшы депутаттары Кеңестерінің бастамасымен Петропавл, Семей, Орал, Перовскіде, 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді.
Шаруалар аграрлық мәселені өздерінше шеше бастады:
Болыстар мен ауылнайлардың жері мен малын айдап кетті.
Қарқаралы, Павлодар уездерінде, Бөкей ордасында қазақ шаруаларының бой көрсетулері болды.
1917 жылғы маусымда Атбасар уезінің Красивое деревнясында қоныс аударушы шаруалар қазынаның астық қоймасынан 12 мың пұт астықты алып кетті.
Төнкеріс алғышарттары:
1917 жылғы 29 тамызда Перовскіде бүкіл өкімет билігін Кеңестерге беру қажеттігі туралы қарар қабылданды.
1917 жылғы 5 қыркүйекте Семейде бүкіл өкімет билігі Кеңестерге берілгендігі туралы қарар қабылданды.
1917 жылғы қыркүйекте Петропавлда жұмысшылар Уақытша үкіметтің жергілікті органдарын тарату туралы шешім қабылдады.
1917 жылғы қазанда Жетісуда шаруалар Уақытша үкіметке сенбейтіндіктерін білдірді.
Темір, Қостанай, Петропавл уездерінде, Бөкей даласында, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында шаруалардың жаппай наразылықтары көбейді. Перовскіде солдатқа алынғандардың әйелдері манифестация өткізді. Павлодар, Петропавл, Верный, Әулиеатада еңбекші әйелдердің бой көрсетулері болды.
1917 жылғы Ақпан төнкерісінің тарихи маңызы:
Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.
Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.
Кемшіліктері:
Ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды.
Отаршылдық басқару органдарын жоймады.
3. Қазан төнкерісі жылдарындағы Қазақстан
Елде жалпы ұлттық дағдарыстың күшейе түсуінің белгілері:
Монархияның ауыр мұрасы
Ашаршылық пен күйзеліс
Уақытша үкімет бітім, жер, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.
1917 жылғы 24-25 қазанда Петроградта большевиктер қарулы көтеріліс арқылы билікті жеңіп алып, Қосөкімет жойылды.
Буржуазиялық Уақытша үкімет құлады.
Кеңес үкіметі жеңіске жетті.
1917 жылы 25-26 қазанда «Жер мен бітім» туралы декреттердің қабылдануы, ұлт саясаты бағдарламасының жариялануы революцияның бүкіл елде тез арада жеңіске жетуінде шешуші рөл атқарды.
Клерикалдық-буржуазиялық топтардың ықпалы күшті болған аудандарда еңбекшілер таптық ұстаным бойанша Кеңестер құрды. Ташкентте мұсылман жұмысшылары депутаттарырының Кеңесі п.б.
Ташкентте мұсылман жұмысшылар депутаттарының Кеңесі құрылды.
1917 жылғы 15-22 қарашада Түркістан өлкесінде «Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі» орнады.
Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы
Ф.Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көзқарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ» - деп мәлімдеді.
Түркістан автономиясының құрылуы:
1917 жылғы 22 қарашада Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше IV съезд ашылды. Қаралған мәселе:
Түркістан Автономиясы құрылды, президенті М.Шоқай (сталинизм мен кеңес жүйесін сынап еңбектер жазған ірі қоғам қайраткері, 1886-1941).
Ислам мемлекеттік дін деп танылды.
1917 жылғы 30 қарашада Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болып, революцияны қорғау туралы ант алынды.
Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі орталыққа:
Қоқанда кертартпа тап өкілдері Түркістан өлкесінің автономиясын жариялады» деп хабар береді.
Коммунистік басшылар (И.О.Тоболин) 1918 жылы қаңтарда Кеңестердің Өлкелік IV съезінде Түркістан автономиясының жариялануын мейлінше мезгілсіз деп есептеді.
Түркістанда ұлт бағдарламасын нақты іске асыру нәтижесі айқындала түсті:
Империялық ойлау мен шовинистік көзқарас ұлғайды.
Ұлттың өзін-өзі билеу идеологиясын большевиктер жете бағаламады.
1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды.
1918 жылы 5 ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алынып, өртелді. Бұл әрекет Кеңес өкіметінің беделін түсірді.
1918 жылы сәуірде Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасын жариялады.
Өлкеде кеңес өкіметінің орнатылуы
Кеңес өкіметі орнауының 2 түрлі жолы болды:
Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда бейбіт жолмен;
Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен, контрреволюциялық күштер басым аудандарда қарулы күрес жолымен орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді.
Семей большевиктеріне көмекке Новониколаевскіден өкілдер келді.
Бұл жағдай Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді мекендерде Кеңес өкіметінің орнатылуын қамтамасыз етті.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төнкеріс жасап, өкімет билігі қазақтардың «Әскери үкіметі» қолына көшті.
1917 жылдың аяғында Торғай облысындағы саяси жағдай қиындап кетті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер, эсерлер Кеңес өкіметіне қарсы бірікті.
Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп, шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде:
1918 жылы 15-16 қаңтарда Қостанайдағы Кеңестер съезінде бүкіл уезде Кеңес өкіметін орнату туралы шешім қабылданды.
1917 жылы қаңтардағы «Қанды жексенбі» оқиғасының құрбандарын еске алу стачкалары «Соғыс жойылсын!» «Самодержавие жойылсын!» деген ұрандар көтерген саяси шерулерге ұласты. Қозғалыс ақпан айында күшейе түсіп, үкіметке қарсы айқын сипат алды. 26 ақпандағы саяси ереуіл қарулы көтеріліске ұласты. 1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан революциясы жеңіске жетті. Монархия құлатылып, патша тақтан тайдырылды.
1917 жылғы Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы тарихи маңызы зор оқиға болды. Бір жағынан, ол орыс самодержавиесінің көпғасырлық тарихын тамамдаса, екінші жағынан, қоғамның демократиялық дамуына жол ашты. Ақпан революциясы да 1905 – 1907 жылдардағы революцияны тудырған әлеуметтік-экономикалық фактордың негізінде жүзеге асты. Бірақ ол өзіндік, қайталанбас нысанда дамыды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде пайда болған жаңа жағдайда әр түрлі таптық күштердің бұрын-соңды болмаған бірігуі олардың қозғалысына қарама-қайшылық пен қайталанбас сипат берді. Бірақ бұл өзіндік ерекшелік буржуазиялық-демократиялық революцияның негізгі заңдылықтарын өзгерте алмады. Ресей халықтарының мұқтаждықтарының әр алуандығы, шаруашылықтың көп укладтылығына қарамастан оны мекендеген халықтардың бәрі де жартылай басыбайлы құрылыстың жойылуына, жер мәселесінің шешілуіне мүдделі болды. Отарлық езгіге түскен халықтардың ұлттық азаттыққа жетуі оларды әлеуметтік азаттығына да жеткізетін еді.
Патшаның тақтан құлағаны жөніндегі хабар Қазақстан аумағына тез тарады. Метрополиядағы саяси тәртіптердің осылайша өзгеруі қазақ қоғамында отаршыл саясаттың әлсіреуіне, өзгеруіне деген үмітті оятты. Революция нәтижесінде Ресейде Уақытша үкіметтің құрылуы жөніндегі хабарды қазақ демократиялық қоғамы қуанышпен қарсы алды. Қазақстанның алдында тұрған өмірлік маңызы бар міндеттердің бірі – бұрынғы өкімет орындары 1916 жылы бастаған қанды қырғынды тоқтату еді. Уақытша үкімет осыған байланысты аталған проблеманы шешу жолында бірқатар шараларды жүзеге асырды. Торғай облысынан генерал Лаврентьевтің жазалаушы экспедициясы кейін шақырылып, 1917 жылы 7 наурызда көтеріліске қатысушыларға кешірім жасау жөнінде Жарлық жарияланды. 1917 жылы 24 сәуірде үкіметтің шешімімен тыл жұмысына шақырылған қазақтар еліне қайтарылды.
Өлке тұрғындары жер-жерде биліктен патша шенеуніктерін:әскерилерді, губернаторларды, уездік бастықтарды т.б. биліктен тайдыруды талап етті. Бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құрыла бастады. Облыстар мен уездерге Уақытша үкіметтің комиссарлары жіберілді, атқару комитеттері, басқармалар мен комиссарларға жәрдемдесетін думалар құрылды. 1917 жылы мамырдан бастап Уақытша үкіметтің жергілікті органдары ауылдар мен селоларда да құрыла бастады. Қазақ халқының өкілдерінен Уақытша үкіметтің комиссарлары болып: Торғай облысында – Әлихан Бөкейханов, Жетісуда – Мұхамеджан Тынышбаев, Түркістанда – Мұстафа Шоқай тағайындалды.
1917 жылдың наурыз айының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанда, әсіресе қалалар мен темір жол станцияларында социал-демократтар үлкен рөл атқарған жұмысшылар мен солдаттар кеңестері құрыла бастады. Наурыз-сәуір айларында 25 Кеңес құрылса, оның 8-і жұмысшы депутаттарының, 9-ы шаруа және 7-еуі солдат депуттарының кеңесі еді. Қазақстанда қарама-қайшы жағдай қалыптасты. Ірі қалаларда қос өкімет орнап, саяси биліктің әр түрлі формалары: Уақытша үкіметтің органдарынан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдарына дейін болды, далалық аймақтар «Алашорда» билігін қуаттады.
1917 жылы 24 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісші жұмысшылар, солдаттар мен матростар астанананың маңызды нысандарын басып алды. 25 қазан күні таңертен қарулы көтеріліс жасалып, Әскери-революциялық Комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын жариялады. Өкімет билігіне социал-демократиялық және социал-революциялық партиялардың неғұрлым радикалды бөлімдері келді. Үкімет міндетін атқару Ленин басқарған Халық Комиссарлары Кеңесіне берілді.
Уақытша үкімет тұтқындалып, екі сағат өткен соң Кеңестердің Бүкілресейлік сьезі Ленин даярлаған екі негізгі декретті қабылдады. Бітім туралы Декретте барлық соғысушы халықтар мен олардың үкіметтеріне дереу әділетті демократиялық бітім жасасу жөніндегі келіссөздер бастау ұсынылды. 26 қазан күні Жер туралы Декрет қабылданып, ол жерге жеке меншіктің жойылып, бүкіл жер жергілікті Кеңестердің қарамағына берілетінін заңдастырды.
Орталықтағы революцияның жеңісі шеткері аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да Кеңес өкіметін орнатуды жеделдетті. Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнауы пролетарлық революция үшін әлеуметтік-экономикалық мешеулік, қазақ ауылындағы патриархалды-феодалдық қатынастардың үстемдігі, ұлтаралық қатынастардың күрделілігі сияқты қосымша қиындықтарға байланысты еді. Жаңа өкіметке – казактар, елдің орталық аудандарынан қашқан Уақытша үкіметтің жақтастары, эсерлер, меньшевиктер, ақ гвардияшылар жанталаса қарсылық көрсетті. Қазан революциясын «Алаш» партиясы мен оның басшылары да қабылдамады. Сол кездегі Сырдария облысының Әулиеата депутаттары кеңесінің төрағасы болған қазақ большевиктерінің белгілі басшысы Т. Рысқұлов Түркістанның ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариатына былай деп жазды: «Мыңдаған адамдар осы уақытқа дейін Кеңес өкіметінің не екенін нашар түсінеді және оның үгіті халыққа жете қойған жоқ».
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау үрдісі негізінен қалалар мен басқа да ірі елді мекендерде 1917 жылдың қазан айының соңынан 1918 жылдың наурыз айына дейін созылды. Қазақстанның ауылдары мен селоларының негізгі көпшілігінде Кеңес өкіметін орнату үрдісі Азамат соғысы басталғанға дейін жалғасты. Кеңес өкіметі бәрінен бұрын Сырдария облысының маңызды орталықтарының бірі Перовск қаласында орнады. Сырдария, Ақмола облыстары мен Бөкей Ордасындағы көпшілік аудандарда большевиктер бастаған күштер қарулы қақтығыс көрсетуге шамасы келмеген Уақытша үкіметтің жақтастарынан басым түсіп, Кеңес өкіметі бейбіт жолмен жеңіске жетті. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары мен олардың эмиссарларының елеулі үстемдігі болған Торғай, Орал, Жетісу облыстарында жаңа өкімет қарулы көтерілістің нәтижесінде орнады.
Қазақстан өлкесіндегі ұлттық автономиялар
Қоқан автономиясының 1917 жылы қарашада өткен IV Өлкелік төтенше мұсылман сьезі орталығы Қоқан болатын Түркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылдады. Сьезде сайланған автономия үкіметін көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер М.Тынышпаев, кейін М.Шоқай басқарды. Мұстафа Шоқай мұсылман халықтарының саяси және мәдени жағынан қайта өрлеуінде елеулі рөл атқарған осы құрылымның дем берушілері мен ұйымдастырушыларының бірі болды. М.Шоқай бүкіл Түркістанды бір автономиялық республикаға біріктіріп, оны демократиялық Ресейдің құрамына енгізу идеясын қозғады.
Алайда большевиктер ұлттық үкіметтің өмір сүруімен келіскісі келмеді. Орта Азия мен Қазақстан аумағында ұлттық мемлекеттілікті құрудың алғашқы әрекеті қайғылы аяқталды. 1918 жылы қаңтарда Ташкент кеңесі Қоқанға құрамына Ташкенттің қызыл гвардияшы бөлімдері, большевиктерге ниеттес қалалық гарнизон солдаттары кірген жазалаушы экспедиция жіберді. Осы үшін большевиктер өздерінің идеологиялық қарсыласы – армян ұлтшылдарының «Дашнакцутюн» партиясымен одақ жасауға да барды. Дашнактардың отряды мұсылман тұрғындарға қарсы жасаған ерекше қатігездікпен көзге түсті. 29 қаңтар күні Қоқан автономиясын талқандау басталды.
Қоқанды қорғаған автономияшылдардың шағын отрядтарының қарсылығы оңай тойтарылып, қала басып алынды. Үш күнгі адамдарды қырғынға ұшырату мен талап-тонаудан соң қала өртелді. Банктің қаржысы тәркіленді, қаладағы 150 мыңдай тұрғынның қырғын салудың нәтижесінде 60 мыңнан астамы ғана қалды, қалғандары өртелді немесе қашып кетті. 1918 жылдың тек 4-7 ақпанында 15 мыңға дейін адам өлтірілді. Кеңес өкіметін нығайту үшін ескі буржуазиялық мемлекеттік аппаратты қиратып, басқарудың жаңа, кеңестік мемлекеттік органын құру қажет еді. Қоқан автономиясы түріндегі демократияның алғашқы өскіндерін Қызыл гвардия қанға батырды. Аз уақыт өмір сүргеніне қарамастан Қоқан автономиясы Орталық Азия халықтарының тарихы мен өміріндегі маңызды құбылыс болды.
1918 жылы 30 сәуірде құрамына Қазақстанның оңтүстік аймақтары енген Түркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы жарияланды. Түркістан АКСР-нің астанасы – Ташкент қаласы болды. 1918 жылы көктемде Түркістан АСКР-інде өнеркәсіптің жетекші салалары банкілер, темір жолдар национализацияланды.
Алаш партиясының көсемдері Петроградта қарулы күштердің жеңгені туралы хабарды ести салысымен Қазақстанда билік Кеңестердің қолына өтіп кетпеуі үшін нақты қадамдар жасай бастады. «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 26 қарашадағы, яғни Қазан революциясының келесі күнгі нөмерінде өз оқырмандарына былай деп үндеу тастады: «Ресей күйзелісті бастан кешіріп отыр, бір аяғы жерде болса, екінші аяғы – көрде. Ертең не боларын ешкім де білмейді. Біреулер тірі қалу үшін жанталасса, басқалары бұл бүліктен қалай шығамыз деп бас қатырды. Біз, қазақтар, оған қарап тыныш отыра алмаймыз. Мұндай қарбалас кезеңде заң жүрмейді, бізді ешкім де қорғамайды. Сол себепті біз, біріншіден, өлмей тірі қалу үшін, екіншіден, байлықтарымызды талан-таражға түсірмеу үшін, үшіншіден, бұл бүлікшіліктен іргемізді аулақ салу үшін өз күшімізге ғана сүйенуге тиіспіз. Ол үшін ешкім де өз білімі мен күшін аяп қалмауға тиіс».
Бүкілқазақтық ІІ сьезд Орынборда 5-13 желтоқсан аралығында өтті. Оған қатысқан ташкенттік журналист былай деп нақты көрсетті: «Сьезге қазақтың 10 облысынан – Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Ферғана, Сырдария, Каспий бойы және Астрахань губернияларындағы Бөкей Ордасынан 80-ге жуық делегат қатысып отыр. Олардың басым көпшілігі орысша жақсы сөйлейді. Көбінің жоғары және орта білімі бар, еуропаша киінген».
Сьезд президумына Бақтыгерей Құлманов (төраға), Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Әзімхан Кенесарин, Омар Қарашев (төрағаның серік-орынбасары) және құрамына Дәулетше Күсепқалиев, Міржақып Дулатов, Сейітқазым Қадырбаев кірген секретариат сайланды.
Сьезд Алаш автономиясын құру туралы шешім қабылдап, оның құрамына Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстары, сондай-ақ Каспий сырты облысындағы, Алтай губерняиясындағы қазақтар мекендеген аудандар енгізілді. Сьезд делегаттары Уақытша үкімет құлағаннан кейін қалалар мен селоларда, қырда қазақтардың этнос ретінде өмір сүруіне зор қауіп төндіретін анархияның өсуі күннен-күнге күшейе түсіп отырғанын атап көрсетті. Осыдан келіп сьезд «халықты аман сақтап қалу мақсатында» Уақытша халық кеңесінің тиянақты билігін құруға қаулы қабылдап, оны «Алашорда» деп атады да, Алашордаға қазақтар тұратын жерлердегі барлық атқарушы билікті өз қолына алуын тапсырды.
Алашорда 25 адамнан тұруға тиіс болды. Сьезде үкіметтің 15 мүшесі сайланды, ал 10 орын Қазақстанда тұратын орыс және басқа ұлттардың өкілдеріне қалдырылды. Үкімет басшысы баламалық негізде сайланды. Бұл лауазымға 3 қайраткердің кандидатурасы ұсынылды, олар:
Әлихан Бөкейханов;
Бақтыгерей Құлманов;
Айдархан Тұрлыбаев.
Жасырын дауыс беру нәтижесінде Ә.Бөкейханов 40 дауыс, А.Тұрлыбаев – 20, Б.Құлманов – 19 дауыс алды. Көп дауыс алған Ә.Бөкейханов Алашорда автономиясының төрағасы болып сайланды.
Тапсырма:
Қай сьезде Түркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылдады?
Түркістан автономиясын құлатуға қатысқан армян ұлтшылдарының партиясы?
ІІ Бүкілқазақ сьезінде қаралған мәселелер?
ІІ Бүкілқазақ сьезінің нәтижесінде қандай өзгерістер болды?
Жасырын дауыс беру нәтижесінде Ә.Бөкейханов қанша дауыс жинады?
І Бүкілқазақ сьезінде күн тәртібінде қандай мәселелер қойылды?
«Алаш» партиясының басшылары мен бүкіл партияның Қазан төңкерісіне көзқарасы қандай болды?
Ташкентте қазақтың белгілі қайраткері С. Лапиннің жетекшілігімен қандай қоғамдық саяси ұйымы құрылды?
«Үш жүз» партиясы мен «Алаш» партиясының арасындағы байланыс қандай?
1917 жылдың 17 наурызында Ташкентте құрылған «Шура-ислами» партиясын кім басқарды?
https://www.okulyk.kz/istoriya/595/

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген