жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көбейту және бөлу
Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу Амалдардың мән мағынасы
Мақсаты: Білімділік: көбейту және бөлуге берілген
есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық
қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын
қалыптастыру
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы
балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа, қазақтың салт -
дәстүрлерін құрметтеуге үйрету, Отанға, туған елге деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақ
типі: Білімді бекіту, бір жүйеге
келтіру.
Сабақтың
түрі: аралас сабақ
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілікпен
жұмыс, іздену, кіріктіру, топтық жұмыс.
Құрал -
жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, ұлттық
ойындар, дидактикалық үлестірмелер.
Пәнаралық
байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, ағылшын
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз
- Барлығыңа сабақта сәттілік
тілеймін!
Топқа
бөлу (берілген өрнек мәнін табу арқылы)
1 - топ 12 2*6
2 - топ 14 7*2
3 - топ
10 5*2
Үй тапсырмасы қорытылады.«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ - жауап
ұйымдастырылады. «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша. «Келісемін,
келіспеймін» сөздерін
пайдаланады.
1
тапсырма. Жеке жұмыс. Тақтаға орындалады.
3х2 =6 ---------- 5х4= 20 ------- 8х3=24
10: 5= 2 -------- 18: 9= 2 ------ 15:
3=5

Жана сабақ
2+2+2=6 Екі-екіден үш рет алғанда 6 шығады. 2*3= 6 Екіні үшке көбейткенде алты шығады. «*» - көбейту амалының таңбасы; 2*3- көбейтінді;6- көбейтіндінің мәні.
6-2-2-2=0 Алтының ішінде екі-екіден үш рет болады. 6/2=3 Алтыны екіге бөлгенде үш шығады. «/» - бөлу амалының таңбасы; 6/2- бөлінді; 3- бөліндінің мәні
Қосу- plus азайту- minus көбейту- multiply бөлу- divided тең болады- equal to
№1 Қосындылардың қайсысын көбейтіндімен алмастыруға болады?
7+7+7 4+4+4 3+3+3 5+5+5 2+2+2 6+6 7+7 8+8
№2Көбейтіндіні қосумен алмастыр. Онын мәнін тап.
3+3+3 4+4+4+4 5+5+5 6+6+6 7+7+7 8+8+8 9+9+9
Сергіту сәті
Орманда
кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса
себетке?
№5 Суретті пайдаланып тиісті сандарды тап:
5*3 3*5 15/3 15/5

№6 Пошта тасушы 18 газет және одан 5-еуі артық журнал таратты. Пошташы неше газет және журнал таратты?
18+5=23
Фермеде 15 құлын, 25 бұзау және 60 қозы бар. Фермерде неше төл бар?
Қ-15
Б-25
Қ-60
Барлығы-?
Ш: 15+25+60 = 100
«Үш
қадам сұхбат»әдісі.
Баған түрінде есепте және дұрыстығын тексеру.
1 бала баған түрінде жазады, 1бала мәнін табады, 1 бала шығарылу
жолын түсіндіреді.
66+ 27 35+64 48+ 51

«Он
саусақ» Қимылдарын қайталап орындайды.
Ойын ойнату. «Әмиянға ақша салу»
Әр әмиянға 50 теңгеден ақша бөліп салу қажет. Тақтаға 2 оқушы
шығады. Әмиянға ақшаларды теңдей бөліп салу
қажет.

Үйге тапсырма: №7 207-бет
Бағалау
Қортынды. Сабақ аяқталды
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген