Көгөністер.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көгөністер.

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға көгөністің пайдасын түсіндіре отырып, оларды мүсіндеу тәсілдерін үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы:Көгөністер.

Мақсаты:балаларға көгөністің пайдасын түсіндіре отырып, оларды мүсіндеу тәсілдерін үйрету.

Міндеттері:

білімдік:геометриялық пішіндерді пішінге келтіру арқылы қияр, қызылша, сәбіз т.б. көгөністерді мүсіндеу;

дамытушылық: қолдың ұсақ моторикасын,ойлау қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар:

№1 жұмыс дәптері, көгөністің суреттері,муляждар,ермексаз, ыдыстағы су, тақтайша.

Сөздік жұмыс:қызылша, сиқырлы,көгөністер: қияр, сәбіз, қызанақ.

Көптілділік: көгөніс – овощ – vegetables, қияр – огурец –cucumbers, сәбіз – морковь–carrots.


ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері: Амансың ба, Алтын Күн! Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуандым. 2.Негізгі кезең.

«Кім не біледі?» дидактикалық ойынын ұйымдастыру.

Балалар педагогтің қойған сұрақтарына жауап береді. Кім тез және көп ұпай жинаса,сол бала жеңімпаз атанады.

– Қандай көгөністі білесіңдер?

    • Көгөністер қайда өседі?

    • Көгөністің пайдасын айт, т.б.

–Балалар,бізге орманнан қоян сиқырлы қап беріп жіберіпті. Кәне,ішін ашып көрейікші.

Балалар қап ішіндегі көгөністерді алып, оның пішінін, түрін, түсін зерттеп көреді.

–Енді, осы көгөністердің ішінен сәбіз,қызылша,қиярды мүсіндейік.

Алдымен мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні.

–Қызғылт сары түсті ермексазды алып,жұмсартып конус тәрізді пішінге келтіреміз.Жасыл түсті ермексазды жіңішкелеп есу арқылы жапырақтарын жасаймыз.

–Енді,қызылшаны мүсіндейміз. Ол үшін алақанға қызыл түсті ермексазды салып жұмсартып, содан соң домалақтаймыз. Ұш жағын шымшып созу арқылы жіңішкертеміз. Жасыл түсті ермексаздан есіп жіңішке сабағын дайындап, біріктіреміз.

Сергіту сәті.

Педагог көгөністер бейнеленген суреттерді балаларға үлестіріп береді. Әуен ырғағымен балалар билейді,айналады, музыка тоқтағанда олар бірігіп, «салат» болады.

Енді қиярды мүсіндеуге кірісейік. Ол үшін жасыл түсті ермексазды алып жұмсартып, есу арқылы сопақша пішінге келтіреміз. Шымшу арқылы бүршіктерін жасаймыз. Тағы бір кішкене бөлігін алып есіп, қиярдың сабағын орналастырамыз.

Сөздік жұмыс: көгөніс, қияр, сәбіз, қызылша.

Көптілділік: көгөніс – овощ – vegetables, қияр – огурец –cucumbers, сәбіз – морковь –carrots.


3.Рефлексия.

Педагог «Көгөністер дауы» ертегісін айтып беру арқылы сабақты қорытындылайды. Жасалған көгөністер себетке салынады.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды:әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып көгөністерді мүсіндейді;

түсінеді: заттық мүсіндеу дегеннің не екенін;

қолданады:домалақтау, жалпақтау, есу тәсілдерін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі