Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көкөністер

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед мамандарына арналған сабақ жоспары. жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалрмен жеке түзету сабағында қолдануға болатын күнделікті сабақ жоспары. Тақырыбы: көкөністер. Көкөністер туралы қысаша мәлімет, түзете дамыту ойындары көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 2 апта

Тақырыбы : Көкөністер

Мақсаты: Баланың көкөністер туралы білімдерін кеңейту.

Көкөністердің қолданылуы, олардан дайындалатын

тамақтар туралы әңгімелеу. Көкөністерді сипаттай білуге үйрету.

Міндеті:

А) Түзету- білімділік:көкөністер туралы сөздік қорынбелсендіру, көкөністер туралы білімін анықтау және , «Т» әрпі және дыбысын бекіту.

Ә) Түзету-дамытушылық: фонематикалық талдауын,,сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құрылымын дамыту,байланыстырып сөйлеу тілін дамыту,күрделі сөйлем құраудын,есту зейінін дамыту.

Б) Түзету-тәрбиелік: табиғатқа қамқорлық жасауға, аялауға, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктер: көкөністердің ,әріптің суреттері, слайд

Іс-әрекет кезеңі

Логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңбе?

Көңіл-күйің қалай?

Достарымның барлығын,

Сыйлап, жақсы көремін.

Алақаным арқылы

Жылуымды беремін.

Сәлеметсізбе!

Жақсы.

Оқушының жауаптары.

Негізгі бөлім:

Көкөніс – тамаққа қолданылатын бақша жемістері ( қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, т.б.) Көкөністер – бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздарға бай.Тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай - ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жақсы сіңіруге жәрдемдеседі.

Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады. Оны өсіретін жерді жылыжай деп атайды.

«Танып біл және ата» ойыны.

Суреттер арқылы көкөністерді атау.Бір сөзбен атау.Пияз, қызанақ, қияр, картоп, қызылша, орамжапырақ.

«Аз-көп» ойыны

Пияз-пияздар

Қияр - қиярлар

Қызанақ-қызанақтар

Сәбіз-сәбіздер

Қызылша-қызылшалар

Орамжапырақ-орамжапырақтар

Ат,тамақ,етік,терезе,тасбақа.

Енді осы сөздерді мен қайталаймын, мұқият тыңдап, қандай дыбыс барлық сөзде кездеседі екен, соған назар аударайық.Дыбысқа сипаттама беру.Сөздерді дәптерге жазу.

Фонемтаикалық қабылдауын дамыту

«Сөздің ортасындағы дыбысын тап»

Отбасы,ата,Қатты,отын.

Сергіту сәті

Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Байланыстырып сөйлеу:

Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрау. Рефлексия:

Ұнаған көкөніс арқылы көңіл-күйіңді білдір.


Мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.




Бала сұрақтарға жауап береді)

Қорытынды:

Көкөністерді ата?

Т дыбысына сөздер айт?

Оқушы жұмысына баға беру.

Сау болыңдар!

Оқушының жауаптары.


Сау болыңыз!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2021
1919
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11