400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көкпар ойынының физиологияға тигізер әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Көкпар ойыны туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті.













РЕФЕРАТ

Тақырыбы : Көкпар ойынынің физиологияға тигізер әсері









Орындаған: ФКС- 311 тобының студенті Мукашев А.Б.

Тексерген: PhD қауымдастырылған профессор

Мендіғалиева Аягөз Сәрсенбайқызы













2023-2024 оқу жылы.

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................3

I. Ұлттық ойындар – жастарға арналған дене тәрбиесінің негізі

1.1 Көкпар ойынының шығу тарихы...............................................4

1.2 Көкпар ойынының ойын тәртібі ...............................................6

II. Көкпар ойынының адамзатқа тигізер әсері

2.1 Дене тәрбиесінің халық мәдениетімен байланысы....................................................................................................7

2.2 Көкпар ойынының физиологиялық пайдасы........................................................................................................10

2.3 Ойынның қабілеттілікке пайдасы.............................................11

Қорытынды......................................................................................12

Қолданылған әдебиеттер..................................................................13































Кіріспе.

Сағадан сап етіп жағадан алғанша қасам ішіп, қару ұмсынбас. Ол – қаһарман елдің қағидасы. Ал өмілдірігін үзердей алқынған ат­тар мен үзеңгісіне шірене отырып қиқуға қиқу қосқан қазақ аза­маттарының бұл шабысы бөлек. Бұл – неше мыңжылдықтан бері жалғасқан ұлттық ойын - көкпарды білекті де жүректі жі­гіттердің тартқан сәтінің көрінісі.

Ұлы даланың төсіндегі будақ-будақ шаң, қиқулаған сайын құстай ұшқан тұлпар, адыр-бұдыр жерде омақасамын деген ойдан ада азаматтар... Алыстан барлаған адам жалпы көкпарға жарақтанған жігіттердің жанталасын, тебісінен теңселе жаздап топқа кірген қазан аттың қарқынын көргенде, құдды жер үшін ай­қасып жатқан сарбаздар екен дер. Осындай рух пен күшті қажет ететін ат спортын бабалардың қалай ойлап тапқанына таң­данасың. Әлем халықтары киіз үйді көріп, жасалуы мен құрылуын зерттей келе қазақтың кемеңгерлігін еріксіз бағалаған еді. Ал көкпар ойыны әлемге таныла бастағанда, жағасын ұстап үріккендер мен таңданысын жеткізгендер де табылып жатты. Бұл батыр бабалардың бүгінгі ұрпағы үшін зор мақтаныш. Шындығында қазақ халқы көкпар ойынын қалай ойлап тапты деген заңды сұрақ туындайды. Тіпті, сол додаға шыдас беретін тек серке екенін дөп тапқандары бүгінгілер үшін тынып жатқан тылсым дүние.

Алайда әлімсақтан бүгінге жалғасқан дәстүрлі мерекеміздің көрігін қыздырар «көкпардың шығу тарихы әлі дүдәмалдау. Салт-санамызды сапырып, қалам ұшында ой тербеген ғалымдар «көк-бөрте» сөзінен, яғни терісі жыртылмайтын серке болғандықтан соған сай «көкпар» атауы берілген деп түсіндіруде. Көкпардың шығу тарихына дендеу үшін «Жазылмаған тари­хымның жолдарын, Ауызекі аңызыңнан іздедім» – деп толғанған Мұқағалиша біз де аңызға бойлап көрелік. Мал баққан елдің тұрағы қыста қыстау, жазда жайлау болғаны белгілі. Сол қыстаудағы шопан тірлігінің түлені – қызыл көз, қанды азулы қасқыр. Ай қораланған күні қорасындағы тамақталған қойын көр­ген шопандар ширығып, талағы тарс айырылған деседі. Барлық қойшының басындағы нәубет болған соң, іргелес отыруға бекініп, түз та­ғысына не істеу керек деген сауал тастайды. Сөй­тіп, тұрақтарын бір жерден сайлаған шопандар, қораға түскен қасқырды атпен омыраулата қуып, сілесі қатқанда тақымдап тартып, қолын қол, бұтын бұт етуге дағдыланады. Қайсар қазақтың арғы бабалары қасқырдан қасқыр қоймай тақымдап, қинап өлтіріп, бертін келе көксеркеге ауысқан деген деректер кездеседі. Осы айтылған аңыздың жаны бар іспетті. Мал баққан елдің жауының бірі қасқыр екені рас. Ал мылтықсыз заманда қазақ қойын қасқырға талатып қарап отыр­мағаны белгілі. Сондықтан да, көкпардың шығу та­рихы осы аңызға саяды.

I. Ұлттық ойындар – жастарға арналған дене тәрбиесінің негізі

1.1 Көкпар ойынының шығу тарихы.

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: “көк бөрі” немесе "көк бөрте". Тағы бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.

Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.

Қазақстанда 1949 ж. Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

Көкпар – қазақтың жаны. Үй іргесінен дүбір­ле­тіп аттар өтсе қаны тулап, кермедегі тұл­па­рына тұрман салатын жұртпыз. Бұл ұлттық ат спортына жатқанымен, ойынның астары терең­де жатыр. Жаугершілік заманда батырлық пен ептілікке бейімдеу, сарбаз жолдасы ысқырып жеткен оқтан опат болған жағдайда, ат үстінен өңгеріп алып, жат жерге, жау табанында қалдырмауға машықтанудың ең ыңғайлы әдісі десек те болады. Өйткені шайқаста шейіт кет­кен ақсүйек немесе қолбасының сүйегін жау қолына беру, жалауының жығылғанымен тең. Сон­дықтан да көкпар тартып, майдан дала­сын­да орын алған тосын оқиғада тосылып қалмау үшін машықтанған секілді. Бұл біз білетін бір ғана сипаты мен сыры.

Бүгінгі таңда көкпар ойыны қазақ саха­расында ғана емес, көршілес қырғыз, моңғол, өзбек сынды елдерде де ойналады. Баһадүр бабалардан қалған ғажайып ойынымыз «дода көкпар», «сайыс көкпар» және «жалпы көкпар» болып үшке бөлінетіні атқа мініп, қазақы қанын тулатып жүрген жандарға белгілі. Ал аймақ­тық­тан бастап халықаралық жарыстарға дейін өті­летін түрі «сайыс көкпар». Бұл әлемдік аренаға сұранып тұрған спорт түрі десек те болады. Алайда, ат үстінде қазақтай қасқайып оты­ра­тын халық жоқ болғандықтан: «Бұл ойын емес, жа­байылықтың асқан шегі», – деген сараң пі­кірге салынып жүрген елдер де бар. Ер қанаты ат деп білген қазақтың алты жасар баласы ат құ­­­лағында ойнап, додаға сексеннің сеңгіріне шық­қан қарияның өзі тіксінбей тура кіреді.

Алайда көкпарды қырғыз ағайындар бізден шық­қан ойын деп байбалам салуда. Олар да атқа мініп, жамбы атқан жұрт болғандықтан та­ласқа түскісі келеді. Дегенмен, Сүйінбайдан же­ңіл­ген Қатағанды өмірде болмаған, бізде ондай ақын жоқ деп өткенін өшіргісі келетін қыр­ғыз­дар­дың көкпарды табиғи қылып алғысы кел­гендігі де жалған. «Өркениет жоқ кезде өз­ге­лерде, біздерде алтын, күміс, мыс та болған, те­мірін балқытып тұлпарына, үзеңгі соққан ал­ғаш ұста қолдан», – деп айыскер Рүстем Қайыр­тайұлы айтқандай, әлемге шалбар ки­гі­зу­ді үйреткен қазақ еліне тән ойын екені даусыз. Сол себепті дәстүрін дәріптеп жүрген аза­мат­та­рымыз көкпарды насихаттау мақсатында үл­кен-үлкен жарыстар ұйымдастырып, жүйелі түр­де жұмыс атқаруда. Мұның өзі егемен елдің ер­теңі мен бабалар аманаты жолында істелініп жат­қан ғибратты іс.

1-сурет

1.2 Көкпар ойынының ойын тәртібі.

Ойын екі нұсқада - классикалық тәжік, кейде (көпіршіде) қазақ командасымен ойнауға болады. Ойынның классикалық нұсқасында әрбір ойыншы әр ойыншымен ойнайды. Жеңімпаз тек басты жүлдені алады. Командалық ойында барлық қатысушылардың рөлі қатаң бөлінді. Олардың форвардтары, қорғаушылары, командалардың капитаны бар. Ешкі тек ешкілерге арналған ешкінің қаңқасы пайдаланылмайды, өйткені ешкі терісі өте берік және түрлі бағыттарда ойыншылардың тартқан кезде кернеуіне төтеп береді. Қазіргі заманғы нұсқаларда моделі қолданылуы мүмкін. Шабандоздар ешкілердің қаны үшін күресіп жатыр - бұл оны иемденіп қана қоймай, оны мүмкіндігінше ұзағырақ сақтауға немесе басқа ережелер бойынша белгілі бір сайтқа қол жеткізу үшін, оның ішінде қарсыластар үшін күресуге құқығы жоқ. Бұл күресте аттар ойнайды. Олар арнайы таңдап алынған, білімді, білімді. Жақсы жылқы қасбеттерге жақындауға кімнің жақсырақ екенін білу үшін, шабандозды алудың оңай болуы, қарсыластың иығына итеріп, бүйіріне соғып, соққыларын, қоршаған ортаны бұзып, жеңіске жеткенде, көрермен алдында әдемі шапалақтап, тіпті тағзым ете алады. Көкпар ережелеріне сәйкес ойынға тек айғырлар мен жылқылар қатысады.

Негізінде, сайыс көкпарға 25-30 кг. серке тар­­тылады. Бұл жарыстың есебі ашылу немесе қос команданың біреуі айқын басымдылықпен же­ңіске жету үшін. Ал дода көкпарда 80 кг-ға дейінгі серке салынады. Бұл ат үстінде екі аяқ­пен жүргендей сезінетін қазақ елінің ұландары үшін ауырлық етпейді. Сайыс көк­пар­дың жүл­де қоры бүгінгі қомақты ақша бол­са, бұ­рын­дары дода көкпардың өтуі тіптен ерек болған де­седі. Қос төбеде тұрған шенді-шекпенді бай манаптар, жалпылай сынға түс­кен аза­мат­тарға 1 түйе немесе басқа кө­лем­дегі мал атап, сер­кені маған алып кел деп дауыс­тайтын кө­рінеді. Тойға жиылған небір сайыпқырандар топ­тасып емес, жалғыз тақымдап бай тұрған жерге лақты алып бару керек-ті. Жүз немесе мыңдаған тақымшының арасынан суырылып шығып, өзінің ептілігін көрсеткен жан бай ата­ған малды еншілеп кететін көрінеді. Бұл да қа­зақ халқының ерлігін паш ететін, азаматтың тұр­қы бөлек тұрымтайдай жан екенін даралап бе­ретін көкпардың бір түрі.

Иә, қазақ халқының әрбір ұлттық ойы­ны­ның астарына бойласақ, тылсым да тұнық, қаһар­мандық пен ерлікке, әдеп пен ибаға бас­тайтың сыр жатқандай. Тек соны бүгінгі ұр­пақ­­­қа жеткізе білу лазым. Ал бүгінгі күні атой­ла­масақ та ат ойнатып жүргеніміз бабалар ізін жал­ғағанымыз болар. Жас шайыр­ла­ры­мыз­дың бірі: «Ұл өспейді құр мақтап ерсің десе, ұлт өспейді дәстүрін менсінбесе, нағыз қазақ екем деп айтпа, жігіт, тақымыңа тұлпардан тер сіңбесе», – деп жырлайды. Рас, тақы­мын­да тұлпарын тулатқан, түркілердің айбынын ас­қақтатқан алты Алаштың азаматтары ұлттық ойынын ойнап, сәйгүліктің қадірін білмесе қиын-ақ. Алайда ел мерейін асырған шабандоздарымыздың саны жыл сайын артып, көкпар сайыс дәстүрлі түрде өтіп келе жатқандығына да шүкір. Жауын жер жас­тан­дыр­май майдан даласын босатпайтын, атқа қон­са атойлап алға шығар, тақымындағы тұл­пары туласа талай елдің ту-талақайын шы­ға­рар жұрттың қанын қыздырып, жанын рахатқа бө­лейтін көкпар ойыны әрқашан көздің қа­ра­шығындай қорғалып ғасырдан ғасырға же­те­ті­ні ақиқат.



II. Көкпар ойынының физиологияға тигізер әсері

2.1 Дене тәрбиесінің халық мәдениетімен байланысы.

Дене тәрбиесі халық мәдениетімен байланысты нақты көрсетілген гуманистік бағытқа ие болады, өйткені дене тәрбиесі мектеп пәні, ал халық мәдениеті адам әрекетінің саласы. Олардың өзара байытылған синтезі интегративті, көп функциялы және өзгермелі болып табылады, бұл оларды зерттеу аясында біріктіруге мүмкіндік береді. Халық ойындары – оны ойнайтын халықтың жарқын көрінісі, жалпы этникалық топтың және оның даму тарихының көрінісі. Ойындар мен ойын-сауық әрқашанда әлеуметтік қызметтерді атқарған: тәрбиелік, әскери спорттық, салт-дәстүрлік, ойын-сауықтық-эстетикалық, коммуникативті және т.б.

Қазақтың әр ойынының өзіндік мәні, өзіндік құндылығы бар.

Бірінші жетістік – жас топтары бойынша қасиеттердің физикалық және рухани дамуына қол жеткізу.

Екінші жетістік – халықтың мерекелік көңіл-күйін оятып, спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Үшінші жетістік – тек қазақ халқының ғана емес, республикада тұратын өзге ұлт өкілдерінің де бірлігін қамтамасыз ету.

Төртінші жетістігі – ойын ой сергітіп, әрекетке серпін береді.

Бесінші жетістік – ойында ежелден халықтың жинақталған әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, еңбексүйгіштік, ізеттілік, батылдық, ептілік, төзімділік, шығармашылық, тапқырлық, жеңіске деген ұмтылыс бар.

Алтыншы жетістік – көкпар, алтыбақан, сақина тастау, соқыр теке, жекпе-жеке, ат ойыны, ақ сандық-көк сандық, жорға жарыс, күрес, сайыс сияқты ойындар ешбір халықта жоқ. Олар көбінесе музыкалық әнмен сүйемелденеді. Кейбір билер спорт түрі ретінде туып, басқа билерде жоқ құбылыстар болады, мысалы, қара жорға, өрмек, үршық, ши орау, жүң сабау, саба жеу, тары туы.

Жетінші жетістік – ойындар биге негізделген. Зерттеу алдында біз зерттеушілердің бірқатар тұжырымдамаларын көрдік.

2-сурет

Дене шынықтыру сабағында оқушылармен жұмыс істеу процесінде халық педагогикасының әдістері қазіргі уақытта жарыстарға арналған мамандандырылған спорт секцияларында белсенді түрде қолданылады. Халықтық педагогика әдістері бала бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Мектептің басты міндеттерінің бірі – қоғамымыздың бір бөлігі болып табылатын баланы тәрбиелеу.

Халық педагогикасының әдіс-тәсілдері бүгінгі таңда барлық өнердің негізі, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы, адам еңбегінің жемісі.

Халық ойынында ата-бабамыздан бізге мұра ретінде қалған халықтың баға жетпес байлығының өткені мен бүгіні ұштасады. Сондықтан да жас ұрпақты тәрбиелеуде халықтық педагогиканы пайдалану жолдарының маңызы зор, олар жастардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді және жетілдіреді.

Қазіргі кезде халық педагогикасының әдістемесіне қызығушылық артып келеді. Мерекелер, байқаулар, фестивальдар мен байқаулар жиі өткізіле бастады. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде халықтық педагогиканы қолданудың педагогикалық әдістерін, құралдарын, әдістерін қолдану бойынша ұсыныстар жариялануда.

Ғасырлар бойы әр халық өзінің ең жақсы ойындарын сақтап, жетілдіріп келеді. Олар жастарды, әсіресе, білім мен тәрбие берудің маңызды жолының біріне айналған дене шынықтыру пәніне баулуда. Тек соңғы жүз жылда ғана дене тәрбиесі кең тарады. Сондықтан әр елдің өзінің дәстүрлі дене шынықтыруы бар, халықтың дене тәрбиесін жетілдіреді, халықтар арасындағы келісімді жақсартуға ұмтылады. Халықтық ашық ойындарды талдау қажетті дене қасиеттерін көруге және дамытуға мүмкіндік береді, дене шынықтыру белгілі бір қозғалыстарды жақсартуға мүмкіндік береді (жүгіру, секіру, ату, ұзақ қашықтыққа дәл ату, ауыр заттарды көтеру және т.б.) Әрбір ойынның өзіндік тұтастығы бар, басқа кәдімгі жаттығулардан өзіндік өмір үлгісімен, эстетикалық, адамгершілік, интелектуалдық жағынан ерекшеленеді. Әрбір қатысушы халық ғасырлар бойы жетілдіріп келе жатқан ойын ережелерін сақтауға міндеттенеді, ол халықтың мәдениетінің талаптарын біледі және орындайды, адами құндылықтарды құрметтеуге негізделген дәстүрлерді құрметтейді.

Осылайша, ұлттық ойындар қоршаған ортамен және халық мәдениетімен өзара әрекеттеседі. Аға ұрпақ жинақтаған бай тәжірибесін кейінгілерге қалдырды. Дәстүрлі ойындардың ұрпақтарының жанды және табиғи тізбегі өзгеріп, олармен бірге қажетті физикалық және рухани қасиеттерді, білім, біліктілік пен дағдыларды меңгереді. Балалар мен жасөспірімдерді дамытуда қалыптасқан дене шынықтыру және дене тәрбиесі жүйесінің, ұлттық ойындардың, ұлттық спорт түрлерінің бай мұрасының жұмысы жетілдіріліп келеді. «Қазіргі өмірдегі ұлттық спорт түрлері мен ойындары, спорттық жарыстар жастардың әлеуметтік-мәдени және рухани дамуын дамытуда жаңа көзқарастарды талап етеді». Философтар, психологтар, мұғалімдер ғылыми пән тұрғысынан ойындар мен ойын әрекеттерін зерттеуге ұмтылады: олардың пайда болуын, пайда болуын және жеке тұлғаның жеке және топтық дамуына, физикалық дамуына әсер ету сипатын анықтау. және жеке тұлғаның физикалық дайындығы. Ұлттық ашық ойындар ұлттық дене шынықтыру дәстүрлерін қазіргі заманмен және дене тәрбиесінің тиімділігін арттыру міндеттерімен байланыстыруға мүмкіндік беретін қасиеттерге ие.

Тұлғаны тәрбиелеу мен дамытуда қолданылатын халық ойындары мен жаттығулары бұрыннан келе жатқан құбылыс. Демек, халық ойындары мен дене шынықтыру жаттығулары тек әскери-патриоттық және сауықтыру бағытында ғана емес, сонымен қатар практикалық мәнге де ие болды.

Жалпы білім беретін мектептердегі өзекті мәселелердің бірі – ұлттық ашық ойындардың онша танымал еместігі.Қазіргі кезде халық ойындарын пайдалана отырып оқыту мен тәрбиелеу жастарды патриоттық және интернационалдық тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер туғызуда.



3-сурет

Қазақ халқының бай мәдени мұрасы бар. Мұндай байлық – халық ойындары мен ұлттық спорт түрлерінің бастауы. Қазақтың көрнекті жазушысы М.Әуезов: «Халқымыз тұрмыс-тіршілігінде халық ойындарының көп түрін біледі» деген. Біздің ойымызша, ойын тапсырмалары назар аударып қана қоймай, көңіл-күйді де көтереді. Ежелгі қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті халық көңілінен шыққан көңілді мерекелік шаралар мен тойлардан бастау алады. Халықтың спорт түрлері мен халық ойындарының дамуымен таныса отырып, халықтың өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, оның нәтижесі адам еңбегімен танысамыз.

Музыканың әуезді ырғағы негізінде ұлттық ойындардың басымдылығы басты белгі. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары өмірде ерекше орын алады – әр ойынның өзіндік мазмұны, өзіндік ерекшелігі бар.



2.2 Көкпар ойынының физиологиялық пайдасы.

Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеті жақсарады, бұлшық еттердің кернеуі басылады, мидағы қан айналымы қалпына келеді, иммундық жүйе белсендіріледі. Ұлттық ашық ойындар бастауыш сынып оқушыларының орталық жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Ашық ойындарда жүйелі жаттығулардың арқасында мектеп оқушыларының дене бітімі жақсарады, дене бітімдері түзеледі, омыртқалары созылып, денелері түзу, сымбатты болады. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық дала ойындары мектеп оқушыларының ойында өзгеретін сигналдарға жауап ретінде жылдам қозғалу қабілетін анықтайтын жүйке процестерінің жүруіне әсер ететінін, соның нәтижесінде ептілік сапасының негізін құрайтын қозғалыс реакцияларының пластикалығын атап өткен жөн.



2.3 Ойынның қабілеттілікке пайдасы.

Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.
Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала:
— көңілді болып жақсы демалады;
— денесі қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады;
— ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді.
Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:
— ұлттық ойындар дене шынықтыру оқу қызметтерінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;
— қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
— жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту; денені шынықтыру; мәдениетін қалыптастыру; өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:
-қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
-қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
-денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
қызығушылығын қалыптастырып дамыту;

Оқу қызметінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру оқу қызметтерінді қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан – жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады.

4-сурет

Қорытынды.

Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқы- ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
24.10.2023
326
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі