400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкер бейнесі. 7 сынып қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкер бейнесі. 7 сынып қазақ әдебиеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

М. Әуезов. «Көксерек»-5

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

04.02.2025ж

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкер бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.1.4.1 – көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту;

Сабақтың мақсаты

  • көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашып, мінездеме беру;

  • шығармада қасқырлар тіршілігін суреттеу;

  • табиғатты қорғауға, аялауға, адамгершілікке баулу

  • үзінділерді жатқа айту;

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» құндылығы: Тіл және мәдениет

Қиянат жасамау құндылығы. Жауапкершілік, қамқорлық, сезімталдық.

Түйін:

«Хайуанатқа жасаған қиянатың – адамзатқа жасаған опасыздық». Қадыр Мырзалиев

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

7 мин


1.Сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3.Оқушыларды түрлі түсті кәмпиттер арқылы 3 топқа біріктіру.

4.Үй тапсырмасын пысықтау.

«Шәй ішейік» әдісі

  1. Мұхтар Әуезовтың әлем әдебиетіне қосқан үлесі қандай?

  2. Жазушының қандай шығармаларын білесің?

  3. Мұхтар Әуезов қай жылдары өмір сүрді?

  4. Мұхтардың Абайды тануына не себеп болды?

  5. Жазушы кімнің қолында тәрбиеленді?

  6. Болашақ жазушы Абайдың өлеңдерін неше жасынан жаттап өсті?

  7. «Абай жолы» романы қалай аяқталады?

  8. Жазушы «Абай жолын» неше жылда жазып бітірген?

  9. Жазушының отбасы туралы айтып бер.

  10. Жазушының аяқталмай қалған романын атап бер

  11. Мұхтар Әуезовтың қандай шығармаларына түсірілген киноларды білесің? Атап бер.

  12. Жазушы қай жерде дүниеге келді?


Жаңа тақырыпқа өту үшін бейне ролик көрсетіледі.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Мұхтар Әуезовке «Көксерек» әңгімесін жазуға не себеп болды деп ойлайсыңдар?

  2. Әңгіменің тақырыбы мен идеясы қандай?


Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысу.

Сөз маржан.

Итаяқ - итке тамақ құйып беретін ыдыс.

Жондану - ет алып семіру, әлдену.

Шап - қарынның төменгі жағы мен санның ішкі түйіскен жері.

Борбай – бұт, аяқ, сирақ

Қырыс - (ауысп.) қисық, қыңыр, қырсық.

Тағы - қолға үйренбеген жабайы жан жануар

Кеудесін бермеу – басындырмау, бағынбау.


Оқушылар сәлемдеседі.

3 топқа бірігеді.





Оқушылардың жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу





ҚБ: бағалау парағы беріледі

(қосымша №1).

Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп, смаиликтермен бағалап отырады. Топ басшы смаиликтерді бағалау парағына жабыстырып соңында санап жалпы балын айтады. (жалпы 10 балдық шкала)


Дескриптор:

-оқушылар сұрақтарға жауап береді

1 балл


Слайд

«Қазақстан «әдебиеті» кітабы 7 сынып

Тақырыптық көрнекіліктер




















Бейнеролик.

«Көксерек» фильмінің мазмұны

Жаңа білім

15 мин
















1-тапсырма. Жеке жұмыс.

Оқушылар бейнеролик бойынша көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашып, мінездеме береді.

Шығармада қасқырлар тіршілігін бейнелейді.

Әңгімедегі жауапкершілік, қамқорлық, сезімталдық, қиянат жасамау құндылықтарын айтады.


2-тапсырма. Талқылау кестесі.

«Үштік» (Ойлан, топтас, бөліс) әдісі бойынша оқушылар тақырыпты жеке оқып ойланады, жұппен жұптасады, топпен пікірлесіп тақырыпты орындайды.


1-топ:

Берілген

мағына

Оқушылар тауып жазатын

оның мағынасы

(Оқушылар толтыратын баған)

Көксерек

Адамдар ауылға әкелген күшік.

Құрмаш асыраған қасқырдың күшігі.

Құрмаш

Көксеректі асыраған бала.

Басты кейіпкер. Көксеректің құрбаны.

Қасен

Көксеректі ұстаған аққасқа иттің иесі. Аңшы.

Әже

Құрмаштың әжесі. Немересінен айырылып, зарлап қалған жазықсыз жан.


2-топ:

Мағынасы

Сөздер

(Оқушылар толтыратын баған)

Аңшылар ауылға әкелген жетім бөлтіріктің аты.

Көксерек

Көксеректі бастан теуіп еңіреген адам.

Құрмаштың асыраушысы.

Әжесі.



3 топ:

Шығарма

аты, авторы

Несімен

ұнады?

Сүйікті кейіпкерің.

Жасаған

қорытынды

Мұхтар Әуезов.

«Көксерек».

Өте қызықты, тартымды, түсінікті тілмен жазылған.

Құрмаш, Қасен.

Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен.

Түз тағысы өмір сүруге құқылы.



















Дескриптор:

-оқушылар көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашып, мінездеме береді;

-табиғатты қорғауға, аялауға, адамгершілікке баулу құндылықтарын айтады;

-үзінділерді жатқа айтады;

3 балл




Дескриптор:

- әр топ берілген кестені толтырып, талқылайды.

3 балл













































А3 қағаз, түрлі түсті маркерлер;
















Бекіту

5 мин






Сабақты қорытындылау.

Венн диаграммасы.

Адам – саналы тіршілік иесі, өмірді сүйеді, мейірімді, қамқор, кешірімді, ұрпақ өсіреді, өмірін жалғастырады, т.б.

Өмірге, тіршілікке құштарлық, ұрпақ жалғастыру, тамақ табу үшін күреседі, т.б.

Қасқыр – табиғаттың тағысы. Қатал, ызалы, долы, басты мақсаты – тән азығын табу.


Үйге тапсырмасы:

«Адамдардың табиғатқа жасаған қиянаттары» деген тақырыпта ойтолғау жазу.


Сабақтың тақырыбын қорытындылау

Дескриптор:

- оқушылар адам мен қасқырдың айырмашылығы мен ұқсастығын айтады

3 балл


Слайд

Кері байланыс

3 мин

«4Қ» тәсілімен оқуда қызық, қиын, қажет, құнды тұстарын белгілеу


қызық

қиын

қажет

құнды







Тақырып бойынша

«4Қ» тәсілімен оқуда қызық, қиын, қажет, құнды тұстарын белгілейді


Оқушылар бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

Кеспе қағаз






























Қосымша №1



Топтың атауы: _____________________________________________________________




№

Оқушының аты жөні

1-тапсырма.

Үй жұмысын пысықтау

(1 балл)

2-тапсырма.

Жеке жұмыс

(3 балл)

3-тапсырма.

Кестені талқылау

(3 балл)

4-тапсырма. Қорытынды.

ВЕНН ДИАГРАММА

(3 балл)

Жалпы балы

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10









Топ басшысы: _____________________________________________________________










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
281
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі