Тәрбие сағаты: «Көктем
аруы-2018»
Мақсаты: гүлдей нәзік
қыздарымызды ұлтымыздың салт-дәстүрлері арқылы ұяңдыққа,
биязылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: гүлдер,
грамотталар, слайд, интерактивті тақта.
Түрі:
сайыс
Барысы:
-«Наурыз-жыл басы» дейді дана
халқымыз. Наурыз табиғаттың ұйқысынан оянып жер ананың гүлденетін
кезі.Осындай керемет мезгілді ата-бабамыз қуанышпен қарсы алып,
«Наурыз» тойын тойлаған. Бүгін сыныбымызда «Көктем аруы 2018»
арулар сайысын ұйымдастырып отырмыз.
-Олай болса сайысмызды
бастаймыз.
Мың бұралған арулар билеп
басып,
Келді міне ортаға
толқып-тасып
Аруларын сыйлаған халқым
менің,
Көңілд қошеметпен қарсы
алайық!
-Қош келдіңіздер, құрметті
сайыскерлер, мына жерде тұрған сандарды алып рет-ретімен тұра
қойыңыздар.
Ашық жарқын
жүзді,
Әділ-қазылар
біздің,
Тыңдап баға
беруге,
Шақырайық
төрге
Танысайық бізде! (әділқазылар
алқасын сайлау және оларды таныстыру)
Сайыстың
бөлімдері:
-
Таныстыру
-
Өз-өнерін
көрсету
-
Шуағы мол асыл анам
(аналарымыз қыздарының шаштарын өреді)
-
Ас бөлмеде(анасымен бірге ас
дайындайды)
-
Қорытынды.
-Бірінші турымыз таныстыру
бөліміне кезек берсек. Аруларымыз ортаға шығып өздерін таныстырып
өтсін.
-Екінші турымыз өз-өнерін
көрсету.
Әсемпаз болма
әрнеге
Өнерпаз болсаң
әрқалан
Сенде бір кірпіш
дүниеге
Кетігін тапта бар қалан-деп
ортаға ару қыздарымызды өз-өнерлерімен ортаға
шақырамыз.
Аяулы да, алтын нұрлы
анашым
Жүрегіммен мәңгі бірге
боласың
Сен-асқарсың, сен-аспансың,
биіксің!
Сен-дархансың, сен-жомартсың,
данасың-дей отырып келесі «Шуағы мол асыл анам» бөліміне кезек
берейік. (аналарымыз қыздарының шаштарын
өреді)
Ананың әрбір сөзі,
ой-талабы,
Жүректің тереңінде
сақталады.
Дайындаған дәмді ғой әр
тамағы
Иісі мәңгілікке сақталады-деп
сайысымыздың «Ас бөлмеде» бөліміне кезек берейік қыздарымыз
анасымен бірге ас дайындайды.
Қорытынды:
Сайысымыздың қорытынды
кезеңіне жеттік олай болса әділқазылар алқасына сөз
берейік.
«Әдемі
қыз»
«Көрікті
қыз»
«Өнерлі
қыз»
«Көктем
аруы»
«Сұлу
қыз»
«Әсем
қыз»
«Ажарлы қыз»-номинацияларымен
марапаттау!